Джакупова Жанар Ерекеевна Неизвестно 4 Шапекова Нэля Лукпановна Декан факультета Əзірлеуші: Колпек Айнагүл, -неизвестно hoa 3213 Химияны оқыту əдістемесі пəні бойынша оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет53/90
Дата31.01.2023
өлшемі2,22 Mb.
#166960
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   90
Байланысты:
umkd 3

Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Күні: 
2011 
ж. 
Басылым: екінші 
 
Силлабус 
 
ЕҰУ С 
 
3 - 31 
 
Зертханалық жұмыс №1 
 
Химия кабинетіне және химия зертханасына қойылатын талаптар (еңбек қауіпсіздігі 
және еңбекті қорғау, әдістемелік, техникалық). Химия кабинетінің құжаттары. Өзін- 
өзі жабдықтау жұмыстары. 
Химия зертханасында жұмыс істегенде келесі ережелер сақталу қажет: 
1.
Оқулықтың сәйкес бөлімдерімен, дәріс материалдарымен және зертханалық 
жұмыстың мазмұнымен толық танысу . 
2.
Тәжірибеге қажетті барлық реактивтер (ыдыстар, приборлар, реактивтер) толық 
түгелденбейінше жұмысты бастамау. 
3.
Жұмыс кезінде операциялардың реті мен кезегін әдістемелік нұсқауда 
көрсетілгендей дәл сақтау. 
4.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау (қажет болған жағдайда тәжірибелерді ауа сорғыш 
шкафта жасау, оңай тұтанатын заттармен байқап жұмыс жасау). 
5.
Тәжірибе жүріп жатқан кезде мұқият қадағалап отыру және өзгерістерді бақылау. 
Жұмыс аяқталған соң жұмыс орнын ретке келтіру. 
6.
Бақылау нәтижелері мен реакция теңдеулерін зертханалық журналға жұмыс аяқтала 
салысымен түсіру . 
РЕАКТИВТЕР ЖӘНЕ ОЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ТӘРТІБІ. 
 
Зертханалық жұмысты орындау үшін зертханада реактивтердің белгілі бір артық 
мөлшері болу керек, яғни бір бөлігі зертханалық столда, екінші бөлігі – шкафта. 
Тазалығы жағынан реактивтер химиялық таза (х.т.), анализ үшін таза (а.ү.т.), таза (т.) 
болып бөлінеді. 
Реактивтерді қолданғанда олардың негізгі қасиеттерін білу қажет: отқа қауіптілігі, 
улылығы, басқа реактивтермен қопарылыс түзуі. 
Ерітінділер және құрғақ реактивтер қақпағы шыны немесе резинадан жасалған шыны 
ыдыстарда сақталады. Әрбір ыдыста реактивтің аты мен сапасы көрсетілген этикеткасы 
болу керек. Егер этикеткасы болмаса ол реактивті оқытушының рұқсатынсыз қолдануға 
болмайды. 
Реактивтерді қолданғанда келесі ережелерді сақтау қажет: 
1.
Тәжірибеде реактивтің мөлшері көрсетілмесе, реактивті өте аз мөлшерде қолдану 
қажет. 
2.
Реактивтің артық мөлшерін қайтадан алынған ыдысына салуға немесе құюға 
болмайды 
3.
Реактивті қолданып болысымен ыдыстың қақпағын жауып орнына қою керек. 
4.
Құрғақ реактивтерді әр уақытта фарфордан немесе металдан жасалған құрғақ , әрі 
таза қасықшамен алу қажет. Қолданып болған соң оларды тазалап қою қажет. 
5.
Егер реактив тамшуырмен (пипеткамен) алынса, онда оны жумастан басқа ыдысқа 
салуға болмайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет