42
Қажылық
тим бис-саалихаати ағмәә-ләнә,аллаһумма тәуәфәнә
мүслимии-нә уә әхйәнә мүслимиинә, уә әлхиқнә бис-
саалихиинә, ғайрә хазая уә лә мәфтууниинә.
Мағынасы:
Я, Алла! Сен сырымды да, жариялығымды да
білесің. Кешірім сұрағанымды қабыл ет.
Мұқтаждығым да Саған мәлім. Өтінішімді аяқсыз
қалдырма.
Ішімдегінің бәрін білесің. Кінәларымды кешіре
гөр.
Я, Алла! Сенен жүрегімді қуантатын иман, шын-
шыл наным сұраймын. Білмегенімді білдір.
Маңдайыма жазғаныңнан басқасына душар етпе.
Бергеніңе шүкіршілік етемін.
Сен – бұ дүниенің де, о дүниенің де Билеушісісің.
Мені бұ дүниеден
мұсылман қылып өткіз,
салиқалылардың қатарына қос.
Я, Алла! Осы мақамның қасында тұрған бізді
күнәларымыздан арылттыр.
Жалбарынып сұрайтынымыз да осы.
Бізге қажеті – тек Сен көрсеткен ақиқат жолмен
тура жүру.
Ісімізді
оңға бастыр,
Кеудемізді кең пейілді ет,
Жүрегімізге нұрыңды төк.
Жұмысымызды табысты аяқтат.
Я, Алла! Бізді бұ дүниеге мұсылман етіп жарал-
тып, мұсылман етіп өткіз.
Салиқалылардың қатарына қос.
Ар-ұятымызды
жоғалттырма,
азғындыққа
ұшыратпа.
43
جحلا كسانم
Содан кейін қажы Алла тағаланың «Ибраһим
мақамын намаз оқитын жер қылып алыңдар» (
«Бақара»
сүресінің 125-аяты
) деген ұлағатты сөзін басшылыққа
алып, Ибраһим мақамының
артында екі рәкаттан
тұратын намаз оқиды. Бірінші рәкатта Құран кәрімдегі
«Кәпірлер» сүресін, екінші рәкатта «Ықылас» сүресін
оқиды.
Достарыңызбен бөлісу: