экологиялық тиімділігі экологиялық тұрақты
және шаруашылық қызмет әсеріне ұшырамаған аумақтар мен акваториялардың көлемімен
өлшенуі мүмкін. Мұны шаруашылық мақсатта қолданылатын және антропогендік әсерге
ұшыраған табиғи ресурстардың ластануы мен сарқылуынан сақтаған жағдайда байқауға
болады. Табиғи ресурстарды қорғаудың экологиялық тиімділігін қоршаған ортаны қорғау
шаралары кезінде қол жеткізілген материалдық өндірістің экономикалық нәтижелерін
жақсару шамасы мен қорғалатын ресурстардың талап етілетін күйін сақтауға арналған
пайдалану шығындарының арасындағы айырмашылықпен өлшенуге болады.
3. Экологиялық қауіпсіздіктің басым критерийіне сәйкес территорияның табиғи-
ресурстық потенциалын пайдалану кешенді табиғатты пайдалануды негізге алуы керек.
Кешенді табиғатты пайдалану деп (комплексное природопользование) - белгілі бір
табиғи объектіні пайдалануда (алу, өндіруде) басқа табиғи объектілерге ең аз зиян
келтіретін, ал жалпы шаруашылық немесе өзге де қызметтер қоршаған ортаға минималды
әсер ететін табиғатты пайдалануды айтамыз.
Табиғатты кешенді пайдалану тіршілік иелерінің жұмыс істеу деңгейін едәуір
арттыра алады және жеке ресурстарды тұтынуды азайтады. Табиғи ресурстар потенциалы
ажырамас интегралды ресурстар ұғымдары - табиғи және антропогендік ресурстардың
жиынтығымен тығыз байланысты.
Интегралдық ресурстар қоғам өмірінің факторлары ретінде материалдық және еңбек
ресурстарының үйлесуі, яғни табиғи ресурстардың - материалдық, энергетикалық және
ақпараттық т.б. нақты түрлерінің жүйелік жиынтығы болып саналады.
Бұл интеграция ресурстардың (факторлардың) бірінің сапалық немесе сандық
өзгерісі сөзсіз басқа ресурстардың саны немесе сапасының азды-көпті өзгеруіне
әкелетіндігімен сипатталады, мысалы, судың азаюы энергияны және ауданның басқа