Кафедрасы


Табиғи - ресурстық потенциал



Pdf көрінісі
бет78/108
Дата15.02.2023
өлшемі1,66 Mb.
#168875
түріБағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   108
Табиғи - ресурстық потенциал
деп белгілі бір территорияға тән табиғи 
ресурстардың, табиғи объектілердің, қоршаған орта факторлары мен жағдайларының 
(соның ішінде климаттық, геологиялық, гидрологиялық және басқаларын) жиынтығы 
қарастырылады. Олар адамдар өмірінде және шаруашылық, экономикалық немесе басқа 
қызмет процесінде пайдаланылуы мүмкін. 
Табиғи - ресурстық потенциал көбіне аймақтың табиғи жағдайларының 
жиынтығымен, оның табиғи-аумақтық кешенімен (табиғи геожүйе, географиялық кешен, 
табиғи ландшафт) анықталады. 
Табиғи - аумақтық кешен (ТАК) - бұл әртүрлі деңгейдегі интегралды жүйелерді 
құрайтын табиғи компоненттердің кеңістіктегі үйлесімі. Табиғи - аумақтық кешен 
физикалық географияның негізгі ұғымдарының бірі. Ол, әдетте, жер қыртысының өзіне тән 
бедерін, онымен байланысты жер үсті және жер асты суларын, атмосфераның үстіңгі 
қабатын, топырақ пен организмдер қауымдастығын қамтиды 
Жеке табиғи территориялық кешендер мен олардың компоненттері арасында Зат пен 
энергия алмасу жүзеге асады. 
Табиғатты пайдалану адам мен табиғаттың өзара әрекеттесу процестерінің бірі 
ретінде белгілі критерийлердің: экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, моральдық және 
т.б. орындалуына негізделген. Соңғы уақытқа дейін экономикалық критерийлер басты 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: алтыншы 
болып саналды (мұндағы принцип - бүгінгі күнге дейін адамдардың іс-әрекетінде, оның 
ішінде табиғи ресурстарды пайдалануда - не пайдалы, сол басым болып келеді). 
Ал әлеуметтік критерийді қолданысқа енгізу, мысалы, осы немесе басқа ресурстарды 
пайдаланған кезде жаңа жұмыс орындарын құру көп жағдайда табиғи ресурстарды 
пайдалануды гуманизмге айналдырады, бірақ бұл процесс қоршаған ортаға шамадан тыс 
қысымнан босатпайды. 
Табиғи ресурстарды пайдаланудағы экономикалық критерийлердің басымдығы 
адамзаттың бүкіл өндірістік даму кезеңінде биосфера заңдылықтарын ескермей анықталды. 
20 ғасырдың аяғында ғана экономиканы табиғи заңдылықтарға бейімдемеу, экологиялық 
тұрақты дамуға бағынбау адамзат баласын апатқа ұшыратындығын түсінді. 
Мүмкін болатын экологиялық апатты болдырмау үшін табиғи ресурстарды 
пайдаланудың жетекші критерийі экологиялық қауіпсіздік критерийлері, моральдық 
сипаттағы элементтері бар экономикалық және экологиялық критерийлер болуы керек. 
Тұрақты даму дегеніміз - бұл қайтымсыз экологиялық зардаптарға әкеп 
соқтырмайтын экономикалық даму деңгейі мен қарқынына негізделген әлеуметтік 
қажеттіліктерді қанағаттандырудың ұзақ мерзімді үздіксіз процесі. Қазіргі уақытта тұрақты 
даму табиғи жүйелерді қалпына келтірмей, оларды түбегейлі жетілдірмей 
(мелиорациялаусыз) мүмкін емес, Қоршаған ортаны бұзбайтын тұрақты дамудың нәтижесі 
ноосфера болуы мүмкін. 
Табиғатты ұтымды және адамгершілікпен басқару экологиялық тепе-теңдікті 
бұзбайтын, аумақтың экологиялық қабілетіне және оның тұрақтылық заңдарымен сәйкес 
келетін шаралар жүйесі арқылы қоғамның тұрақты дамуына әкелуі мүмкін. 
2. Аумақтың экологиялық сыйымдылығы (Экологическая емкость территории) 
дегеніміз экожүйелердің тіршілік функцияларын орындау кезінде немесе табиғи 
объектілерді қалпына келтіру кезінде - табиғи жүйелердің қайтымсыз өзгеірссіз төтеп бере 
алатын антропогендік жүктеме деңгейі. Кез-келген ресурстарды пайдалану яғни 
пайдаланушыға оған деген қажеттіліктерді (Si), сонымен қатар оның қорлары (Ri) қанша 
немесе қаншалықты қажет екендігін анықтаудан басталады. 
Адамдардың табиғи ресурстарға деген қажеттіліктерін сипаттау үшін өндірістің 
ресурстық сыйымдылығы түсінігі енгізілді. Экономиканың (өндірістің) ресурстық 
сыйымдылығы - түпкі соңғы өнімнің бірлігін өндіруге жұмсалатын ресурстардың мөлшері 
ретінде анықталады, яғни материалдық немесе қызмет түріндегі тұтынылған ресурстар мен 
өндірілген өнімдер арасындағы ара қатынас. Қорлары бойынша табиғи ресурстар 
жетіспейтін немесе артық болуы мүмкін 
Ресурсты пайдалану туралы шешім R = Ri - Si арақатынасына және өнімділік 
критерийлеріне негізделуі керек. Мұнда негізінен екі жағдай туындауы мүмкін. Біріншісі, 
ресурстар жеткілікті болғанда (R> 0), екіншісі, ресурстар жеткіліксіз болғанда (R <0). 
Ресурстың артық болуы сөзсіз оның шамадан тыс тұтынылуына және соның 
салдарынан табиғи ортаның қарқынды ластануына әкеледі. 
Бұл жағдайда ресурстарды пайдалану стратегиясы неғұрлым жетілдірілген 
технологияларды енгізу арқылы тұтынуды азайту болып табылады (яғни табиғи 
ресурстарды үнемді пайдаланатын, ауыл шаруашылығы үшін бұл өзін-өзі реттейтін кең 
ауқымды түрлерді алу үшін жануарлар мен өсімдіктер селекциясы). 
Ресурстар жетіспеушілігі жағдайында басты міндет - неғұрлым жетілдірілген 
технологияларды қолдану арқылы (бірінші жағдайда сияқты) ұқыпты, ұтымды 
пайдаланумен қатар, жаңа кен орындарын іздеу жолымен немесе ресурстарға жаңа сапа 
беретін, табиғатты пайдалануды басқару жолымен бұл ресурстарды ұлғайту. (Мысалы, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет