91
айналаны зерттегенде оны бекіту баулары арқылы ыңғайлап адам мойынына асып алады,
сөйтіп ұзартқыш таяқтың басына бекітілген сәуле қабылдаушы блогін зерттеліп тұрған
затқа жақындатады. Радиацияның деңгейін
микроамперметр көрсетіп тұрады, қараңғы
кезеңінде оның көрсеткішіне жарық түсіруге арналған тетігі қасында. Микроамперметрдің
өлшеу сапасына қарай көрсеткіші 6 сатыға бөлінген және сатыларын өзгертіп отыру үшін
арнайы ауыстырғыш қарастырылған. Әр зерттеу алдында
көрсеткіш тілін нольмен
теңестіретін тетікті басу керек. ДП-5В аспабының салмағы 3,2 кг, кернеу беретін КБ-1
батарейдің үш данасы қораптың табанында орналасқан, ал олардың күші аспап үзілмей
жұмысқа қосылып тұрғанда 55 сағатқа жетеді. Жалпы, ДП-5В аспабын пайдалану тәртібі
қораптың ішіндегі нұсқауда дәлірек берілген.
Автомобильдерге және басқа жылжитын техникаларға орналастыру және бақылау
істерін атқару үшін ДП-ЗБ деген аспаптың түрі арналған; оның жұмыс істеу принципында
және құрамында ДП-5В прибордан айырмашылығы көп емес. Өлшеу қабілеті 0,1 р/сағ. мен
500 р/сағ. шектеледі.
Адам денесіне қабылдап алған радиация мөлшерін біліп түру үшін
жеке радиация
өлшегіштер дайындалған - олар: ИД-11, ИД-22, ДП-22В (ДП-24) және басқалары.
Пайдалануға ыңғайлы, киім қалтасына сиятын бұл аспаптар белгілі уақыт аралығында
адамның толық алған шарпу мөлшерін көрсетіп отырады.
Сондықтан адам шектелген
шарпу мөлшерді денесіне өткізбеу үшін осы аспаптармен өзін-өзі қадағалап жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: