Экология және өмір қауіпсіздігі



Pdf көрінісі
бет74/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі

 
 
 
Химиялық қару
Зиян әсер 
етуіне 
қарай 
химиялық 
заттардың 
улағыш 
қасиеттеріне негізделген химиялық қару жаппай қырып жоятын қарудың бір түрі деп 
саналады. Оның негізін улағыш заттармен (УЗ) нысаналарға жеткізетін құралдар (зымыран, 
бомба т.б.) құрайды. УЗ әскері жасақтарды, халықтың ауыл-шаруашылық малы мен 
өсімдіктерін, су көздерді, азық-түлікті, техниканы белгілі уақытқа бүлдіру үшін жау 
пайдалануы мүмкін. 


92 
Осы зақымдаушы қабілетін УЗ-дың улылығы деп атаған. Улағыш заттар әдетте 
сұйық немесе қатты түрде бола тұрып, қолдану барысында сұйық тамшы, газ және бу 
тәріздес затқа, түтін немесе тұман түріне айналып кетеді. Олар адамдарды тыныс алу, тері, 
ас қорыту жолдары арқылы уландырады. Алайда, адамның зақымдануының ауртпалығы 
УЗ-дың денесіне өткен мөлшеріне байланысты. Осы мөлшерді токсодоза деп атайды, ол 
мг/кг, мг/адам, (мг мин)/литр өлшем бірліктерімен есептеледі. УЗ адамға неғұрлым ұзақ 
әсер етсе оның зақымы солғұрлым күштірек келеді. 
Химиялық қару бірінші дүниежүзілік соғысында және Вьетнам жерінде 
қолданылған көрінеді. 1975 жылы Халықаралық Женева келісімі бойынша оны қолдануға 
тыйым салынған. 
Химиялық қарудың ерекшеліктері 
Улағыш заттардың ерекшеліктеріне мынау қасиеттері жатады: 
-зақым келтіру көлемділігі - улағыш заттарға жер бетінің ғана емес, сондай-ақ ауаның 
жерге тақау қабаты да шалдығады, сонымен бірге ауа қозғалысы арқылы бірталай аймаққа 
таралады; бұның өзі арнайы қорғану әдістерін талап етеді
-қорғану тұрғысынан арнайы жабдықталмаған ғимараттарға, үйлерге, құрылыстарға 
еніп кету қасиеті және онда ауа ауыстыру құралдары болмаса, көп уақыт осындай жерлерде 
улылығын сақтап тұруы; 
-улағыш заттардың кейбір түрлері зақымдау қабілетін ұзақ уақытқа сақтайды (аптап, 
айлап); тәжірибе барысында өсімдіктерге жер арқылы өтіп малдарды үш жылдан кейін 
өлтіруі мүмкіндігі байқалған; 
-улану себебінен пайда болған аурудың - әр-түрлі жолдарымен дамуына байланысты 
адамды емдеу әдісін анықтауы қиындыққа соғады; 
-улағыш заттардың адамның денесіне жараланбаған терісінен де ене алатын қасиеті; 
-уландыру өрісінің жылдамдығы мен ауртпалығы (жеткілікті доза қабылдаған адам аз 
уақыт аралығында мерт болуы мүмкін); 
-бірден көмек көрсетудің мүмкінсіздігі (арнайы медициналық көмекті көрсету үшін 
зардап шеккен адамды емханага жеткізуінің өзі біраз уақыт алады); 
-емханаға бір мезгілде өте көп науқастардың түсуіне байланысты емдеу 
қиыншылықтары; мысалы олардың 10-15 пайызына реанимациялық жағдай жасалуы керек; 
-зақымданған аймақта санитарлық өңдеу өткізу жұмыстары талай күш пен арнайы 
құралдарды талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет