Диплом жұмысын (жобасын) қорғауды өткізу тәртібі


Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау



Pdf көрінісі
бет31/65
Дата24.02.2023
өлшемі1,04 Mb.
#170023
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   65
Байланысты:
027-1

Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау,
аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі
72 беттің 28–ші
беті
8.5.23 АК отырысының хаттамалары осы Ереженің
28-29-қосымшаларына
сәйкес АК
жұмысы басталғанға дейін А4 форматында жеке кітапшада нөмірленіп, бумаланады және
Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің мөрімен бекітіледі.
8.5.24 АК әрбір мүшесінің бағасы хаттамаға қол қою арқылы расталады. 
8.5.25 Қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша факультет декандарының ұсынысы
негізінде ЖЖОКБҰ басшысының магистранттар қатарынан оқудан шығару туралы бұйрығы
шығарылады және магистратураның тиісті білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған
және қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен магистрантқа «магистр» дәрежесі беріледі және
дипломмен бірге оқу жоспарына сәйкес игерілген кредиттер саны мен олар бойынша алынған
бағалар және оқылған пәндер тізімі қамтылған транскрипт беріледі.
8.5.26 Таңдалған мәселе бойынша ғылыми тұрғыда негізделген шешімдер берілген
қызықты жұмыстарды ашық басылымдарда жариялау және/немесе практикаға, университеттің
оқу үдерісіне енгізу үшін ұсынуға болады. 
8.5.27 АК жұмысы біткеннен кейін барлық хаттамалар университет мұрағатына сақтауға
тапсырылады.
8.5.28 АК-тың жұмысы аяқталған күннен кейін оның төрағасы білім алушылардың
қорытынды аттестаттау жөнінде есеп жазады және бір ай мерзім ішінде университет Сенат
отырысында талқыланады және бекітіледі. АК төрағасының магистранттарды қорытынды
аттестаттау жөніндегі есебіне осы Қағидалардың келтірілген кестелер мен түсіндірме жазба
енеді. 
Түсіндірме жазбада мыналар көрініс табады: 
- аталған мамандық бойынша магистрлардың дайындық деңгейлері;
- кешенді емтиханда анықталған магистранттардың біліміне мінездеме;
- магистрлік диссертацияларды (жобаларды) орындаудың сапасы;
- магистрлік диссертация (жоба) тақырыбының ғылымның, техниканың, мәдениеттің
қазіргі жай-күйіне және өндірістің сұранысына сәйкестігі; 
- аталған мамандық бойынша магистрларды даярлау сапасына талдау;
- магистрларды даярлаудағы кемшіліктер;
- магистрлік диссертацияларды (жобаларды) қорғау деңгейінің кафедра шешіміне,
ғылыми жетекшісінің пікіріне, рецензиясына сәйкестігі; 
- магистрларды даярлауды одан әрі жетілдіру бойынша нақты ұсынымдамалар.
8.5.29 Жоғары білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын оқып бітірген
бітірушілердің тізімі олардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), білім беру
бағдарламасы және берілген дипломның нөмірі көрсетіле отырып, білім беру ұйымының
басшысы қол қойып, бітіру туралы бұйрық шыққаннан кейін бір ай мерзім ішінде білім беру
саласындағы уәкілетті органға ұсынады және университет сайтына шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет