Диплом жұмысын (жобасын) қорғауды өткізу тәртібі


Магистрлік диссертацияны/жобаны қорғау рәсімі



Pdf көрінісі
бет30/65
Дата24.02.2023
өлшемі1,04 Mb.
#170023
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   65
Байланысты:
027-1

Магистрлік диссертацияны/жобаны қорғау рәсімі
8.5.8 Магистрлік диссертацияны/жобаны қорғау төменде аталғандар болған жағдайда
жүзеге асырылады:
– ғылыми жетекшінің оң пікірі;
– диссертация тақырыбы бойынша ғылыми басылымдарда кемінде бір жарияланым
немесе халықаралық не республикалық ғылыми конференцияда бір баяндама;
– шығарушы кафедраның қорғауға ұсыну туралы шешімі (кафедра мәжілісінің үзінді
көшірмесі, Антиплагиат хаттамасы);
– 
сыртқы сарапшыдан бір рецензия;
– магистрлік диссертацияның/жобаның қағазға басып шығарылған және «PDF» пішімінде
электронды тасымылдауышқа жазылған бір данасы. 
Ғылыми жетекші «қорғауға жіберілмейді» немесе «қорғауға ұсынылмайды» деген теріс
пікір берген жағдайда магистрант диссертацияны қорғауға жіберілмейді.
8.5.9 Магистранттың оқудың барлық кезеңінде қол жеткізген оқу жетістіктері (GPA)
туралы мәліметтерді факультеттер ұсынады.
8.5.10 Ғылыми жетекшінің қорғауға қатысуы міндетті. Ол негізді себеппен қорғауға
қатыса алмаған жағдайда, қорғауды өткізу мүмкіндігі мәселесін АК шешеді. 
8.5.11 АК-ның бір отырысында 12-15-тен аспайтын жұмыс тыңдалып, қорғауға
қабылдануы мүмкін. Диссертацияны/жобаны қорғау АК ашық отырысында оның кемінде 2/3
мүшелерінің қатысуымен өткізіледі. 
Факультет АК-ның келесі ақпаратты қамтитын тізімін ұсынады: 
-
магистранттың тегі мен аты; 
-
магистрлік диссертацияның/жобаның тақырыбы; 
-
ғылыми жетекшінің тегі, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы; 
-
рецензенттің тегі, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы.


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
УЕ-ХҚТУ-027-2022
Сапа менеджментінің жүйесі
Университет ережесі
Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау,
аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі
72 беттің 27–ші
беті
8.5.12 АК төрағасы диссертацияның қорғалатынын хабарлап (тізімге сәйкес қорғау
тәртібімен), тақырыптың атауын, ғылыми жетекшінің және рецензенттің аты-жөнін,
лауазымдарын, ғылыми дәрежелері мен ғылыми атақтарын жариялайды.
8.5.13 Магистрант жұмыстың мақсаты мен міндеттері; оның өзектілігі мен практикалық
құндылығы; негізгі идеясы және қысқаша негіздемелерін бере отырып, аса маңызды
тұжырымдарын баяндап, таныстырылым-баяндама жасайды. Баяндаманың ұзақтығы − 7-10
минут.
8.5.14 Жоба таныстырылған жағдайда, жобаның белгілі бір бөлімдерінің авторлары өз
бөлімдері бойынша жеке-жеке баяндама жасайды.
8.5.15 Баяндамасын аяқталғаннан кейін магистрант(-тар) диссертация/жоба
таныстырылымының мазмұны бойынша АК мүшелерінің сұрақтарына жауап береді.
8.5.16 Ғылыми жетекшінің пікірі тыңдалып, рецензенттің пікірі оқылады. Олар болмаған
жағдайда пікірді АК хатшысы оқиды.
8.5.17 Магистрант(-тар) диссертация бойынша негізгі сұрақтарға немесе ескертулерге
қысқаша жауап береді. 
8.5.18 Диссертация / жоба бойынша кейінгі пікірталасқа қорғауға қатысушылардың
барлығы қатысуға құқылы. 
8.5.19 Магистрантқа қорытынды сөз беріледі. 
8.5.20 Әрбір магистранттың диссертациясын қорғау нәтижелері бойынша АК мүшелерінің
жабық кеңесінде диссертацияны қорғаудың қорытынды бағасы шығарылады және магистрантқа
тиісті дайындық бағыты бойынша «магистр» дәрежесін беру (немесе оны алып тастау) туралы
шешім қабылданады. Жұмыс баллдық әріптік жүйе бойынша бағаланады. 
8.5.21 Бітіру жұмысын бағалау келесі өлшемдер бойынша жүзеге асырылады: 
- тақырыптың өзектілігі және оның ашылу дәрежесі, зерттелетін мәселенің белгілі бір
аспектілерін дамытудың қазіргі жағдайы мен келешегіне, магистрлік диссертацияларды/жобаны
орындаудың жалпы мақсаттары мен практикалық міндеттеріне сәйкестігі;
- зерттеудің нысаны мен объектісін нақты анықтай білу, мақсат-міндеттерін және жұмыс
гипотезасын қалыптастыра білу;
- диссертацияның/жобаның мазмұндық жағы: ұсынылған материалдың қисындылығы мен
дәйектілігі, толықтығы мен репрезентативтілігі, жалпы сауаттылығы;
- жұмыс тақырыбы бойынша монографиялық және мерзімді әдебиеттерге сыни талдау
жасай білу, зерттелетін мәселе тарихының және оның қазіргі жай-күйінің сипаттамасын беру;
- алынған нәтижелерді талдай және жалпылай білу, негізді қорытындылар жасай білу
және практикалық ұсыныстар бере білу;
- тағылымдама (практика) барысында алынған нәтижелердің шынайылығы және оларды
пайдалану мен байқаудан өткізу дәрежесі;
- диссертация/жоба бойынша ғылыми жарияланымдардың болуы, магистранттың ғылыми
конференциялар мен семинарларда жасаған баяндамалары;
- титул парағының, жұмыс мәтінінің, библиография мен қосымшалардың қабылданған
стандарттарға сәйкес ресімделуі;
- диссертациялық жұмысты/жобаны қорғау: жұмыстың негізгі мазмұнын қысқаша баяндай
білу және оның теориялық және практикалық маңызын көрсете білу; өз пікірін дәлелдей, қорғай
білу, пікірталас жүргізе білу.
8.5.22 АК отырысының хаттамалары белгіленген тәртіппен ресімделеді. АК шешімдері
осы Ереженің тиісті нысаны бойынша хаттамамен әрбір магистрантқа жеке ресімделеді.


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
УЕ-ХҚТУ-027-2022
Сапа менеджментінің жүйесі
Университет ережесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет