Диплом жұмысын (жобасын) қорғауды өткізу тәртібі


Бітіру жұмысын қайта қорғауы және қорғауды ауыстыру



Pdf көрінісі
бет33/65
Дата24.02.2023
өлшемі1,04 Mb.
#170023
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   65
Байланысты:
027-1

8.6 Бітіру жұмысын қайта қорғауы және қорғауды ауыстыру
(Жоғары білімнен
кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша)
8.6.1 Білім алушы қорғауға дәлелді себептермен қатыспаған жағдайда АК қорғауды
неғұрлым кейінгі мерзімге (1 (бір) жылдан аспайтын уақытқа) ауыстыру туралы шешім
қабылдайды.
9. АТТЕСТАТТАУ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ АПЕЛЛЯЦИЯ ӨТКІЗУ
9.1 Апелляциялық комиссия университеттің барлық білім беру бағдарламаларындағы
білім алушылардың (тыңдаушылар, бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және
PhD докторантура) аралық және қорытынды аттестаттаудан өту кезінде білім бағалауға
қатысты даулы мәселелердің шешілуі мен бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету
мақсатында құрылады.
9.2 Егер білім алушы қойылған бағаның дұрыс емес екеніне сенімді болса, онда оны
апелляциялық комиссиясының төрағасына өтініш жазуына болады. Өтініш аттестаттау
нәтижелері шыққаннан кейін бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.
9.3 Апелляциялық комиссия құрамына: төраға, төраға орынбасары, апелляцияланатын пән
профиліне біліктілігі сәйкес келетін үш оқытушы-профессор құрамынан жасақталған комиссия
мүшелері кіреді. Апелляциялық комиссия құрамы университет ректорының бұйрығымен
бекітіледі.
9.4 Өтінішті апелляция комиссиясы төрағасының атына білім алушы жеке өзі беруі керек
осы Ереженің 
қосымшасы 29-с
әйкес. Апелляцияға екінші тұлғадан, білім алушының ата-анасы
тарапынан өтініш қабылданбайды. 


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
УЕ-ХҚТУ-027-2022
Сапа менеджментінің жүйесі
Университет ережесі
Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау,
аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі
72 беттің 30–ші
беті
9.5 Апелляцияға өтінішті білім алушы оқитын факультеттегі деканның орынбасары
қабылдап, білім алушының өтініші мен жұмысын апелляцияланатын пәнді қарастыратын
комиссия құрамына өткізеді.
9.6 Апелляция өтініш білдірген білім алушының қатысуынсыз қарастырылуы мүмкін. 
9.7 Апелляция комиссиясының мәжілісіне өзге тұлғалардың қатысуына тыйым салынады.
9.8 Апелляция үш кезеңде өтеді: 
– өтініштерді қабылдау – емтихан нәтижесі автоматтандырылған жүйеге қойылғаннан
кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде; 
– апелляциялық комиссияның апелляциялық өтінішті, алынған жұмыстың нәтижелерін
қарауы және шешім қабылдауы өтініш бергеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асады.
9.9 Апелляциялық комиссия білім алушылардың өтініштерін (шағымдану себептерін
нақтылап жазуы керек) мына мәселелерге байланысты қарайды:

сұрақтың дұрыс тұжырымдалмағанына (тест тапсырмасы үшін);

мазмұны бойынша оқу бағдарламасына сәйкес келмеуіне
.
9.10 Егер мәжіліске төраға немесе төраға орынбасарымен қоса есептегенде, ең кемі
Комиссияның үш мүшесі қатысса, комиссия шешім қабылдауға құқылы. 
9.11 Апелляциялық комиссияның шешімдері көпшілік дауыспен қабылданады. 
9.12 Апелляцияны қарау барысында, Комиссия мүшелері, емтиханды тапсыру
нәтижелерінің бағасы туралы дәлелді, жазбаша қорытынды шығарады, хаттама толтырады
(
қосымша 30
).
9.13 Апелляциялық комиссия білім алушыға қосымша сұрақтар қоюға және жазба
жұмысына түзетулер енгізуге құқығы жоқ.
9.14 Апелляциялық комиссияның емтиханда қойылған бағаны күшінде қалдыруға,
жоғарылатуға немесе төмендетуге құқығы бар.
9.15 Апелляциялық комиссия мүшелері апелляцияларды қарау мерзімінің ереже
талаптарынан тыс созылып кетуіне мүмкін мәселелер мен қиындықтар туралы төрағаға
уақытылы хабарлап отыруға, апелляциялық жұмыстарға байланысты құпиялықты сақтауға,
өздеріне жүктелген қызметтерді жоғары кәсіби деңгейде орындауға міндетті.
9.16 Апелляциялық комиссияда келіспеушілік туындаған жағдайда дауысқа салу
жүргізіледі, шешім көпшілік дауыспен бекітіледі. Дауыстар тең болған жағдайда апелляциялық
комиссия төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.
9.17 Апелляция бойынша қойылған баға жөніндегі апелляциялық комиссияның шешімі
соңғы шешім болып есептеледі.
9.18 Апелляциялық қараудан кейін комиссия аралық аттестация бағасы жөнінде соңғы
шешімді қабылдап, білім алушыларға шешім туралы жазбаша хабарлайды.
9.19 Апелляция шешімі хаттамамен бекітілуі тиіс.
9.20 Апелляция комиссиясының хаттамада бекіткен шешімі ТО жіберіледі. Шешімнің
негізінде білім алушыға жеке емтихан тізімдемесі жасалып, ол негізгі емтихан тізімдемесіне
қоса тіркеледі.
9.21 Тізімдемеге төраға, тең төраға, комиссия төрағасының орынбасары және апелляция
комиссиясының мүшелері қол қояды.


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
УЕ-ХҚТУ-027-2022
Сапа менеджментінің жүйесі
Университет ережесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет