Сызықты емес электр тізбектері Кирхгоф заңдары арқылы табылады. Нақты
қолданулар, әдістер және қолданылуы әртүрлі болғандықтан сызықты емес
тізбектің жалпы есептелу әдісі болмайды. Бірақ,
көп жағдайда графикалық
немесе аналитикалық әдіс жиі қолданылады.
Графикалық есептеу әдісі: жазықтықтағы графикалық түрде берілген тізбектің
жұмыс режимі анықталады. Бұл жағдайда сызықты емес тізбектің барлық
тармақтарының сипаттамалары жалп аргументтің функциясы ретінде
жазылады. Кирхгоф заңдары арқылы құрастырылған теңдеулер жүйесі
белгісіз параметрі бар сызықты емес теңдеуге біріктіріледі. Содан шығатын
графикалық есептеу әдісі үшін арнайы тәсілдер қолданылады:
тізбектей
жалғанған резистивті элементтері бар тізбектер, параллельді жалғанған
резистивті элементтері бар тізбектер және
аралас жалғанған резистивті
элементтері бар тізбектер арқылы.
Аналитикалық есептеу әдісі: сызықты емес теңдеулердің периодтық шешімін
анықтау есебін сызықтық теңдеулер жүйесінің периодтық шешімін анықтау
есебіне алмастыру
Аналитикалық әдістің қолдану кезеңдері:
1.
Сызықты емес элементтің сипаттамасын лездік мән үшін түзу
сызықтармен ауыстыру
2.
Сызықты емес дифференциалдық теңдеулеріне период үшін
алынған
түзудің теңдеуі қойылады.
3.
Ендгіде, сызықты дифференциалдық теңдеулер жүйесін шешеміз
4.
Интегралдуа тұрақтысын сызықтық бөлігіндегі шешімін келесі
сызықтық бөлігіндегі шешімінің біріктірілуі арқылы анықталады.
22. Айнымалы және тұрақты токтағы сызықты емес электр тізбектерін
есептеу әдістерін жазыңыз
Электр тізбегінің
сызықты емес элементтері деп, элементтің параметрлері
кернеулерге, токтарға, магнит ағындарына және басқа шамаларға байланысты
болатынды айтамыз, яғни, бұл сызықты емес вольтампер, вебер-ампер және
кулон-вольт сипаттамалары бар элементтер. Негізінен,
электр тізбектерінің
барлық элементтері азды-көпті сызықтық емес, егер сызықты емес қасиеттері
тізбектегі процестердің сипатына айтарлықтай әсер етпесе, онда ол
ескерілмейді және тізбек сызықты деп саналады.
Сызықты емес элементтердің маңызды сипаттамасы –
вольт-амперлік
сипаттамасы (ВАС) болып табылады, бұл сызықты емес элементтің тогы мен
оның шығысындағы кернеу арасындағы байланыс: l (U) немесе U(l).
Электрлік тізбектердің негізгі заңдары сызықты емес электр тізбектеріне
қолданылады, яғни Ом заңы және Кирхгоф заңдары. Алайда, сызықты емес
тізбектерді есептеу сызықтық тізбектерге қарағанда әлдеқайда қиын. Бұл
әдетте анықталатын Токтар мен кернеулерден басқа,
сызықтық емес
элементтердің
оларға
тәуелді
кедергісі
де
белгісіз
екендігімен
түсіндіріледі.Сызықты емес электр тізбектерін есептеу үшін көп жағдайда
графоаналитикалық әдіс қолданылады. Алайда, егер сызықтық емес
элементтің ток немесе кернеудің өзгеруінің
болжамды диапазонында оның
ВАС түзу сызықпен ауыстырылса, онда есептеуді аналитикалық әдіспен
жүргізуге болады.Айта кету керек, электр тізбегінің сызықтық элементтері бар
бөлігіне бұрын қарастырылған электр тізбектерін есептеу мен түрлендірудің
барлық әдістері қолданылады.
Сызықсыз тізбектерді есептеу барысында үш тәсіл қолданылады:
Достарыңызбен бөлісу: