Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет185/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ЕРІК ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛАР. 
Психологияның өзіндік гуманитар-
лық, адамзаттық ерекшелік мәселеле-
ріне жалпы қызығушылықтың тууы-
на байланысты соңғы жылдары ерік 
меселесіне де ерекше көңіл бөлу бай-
қалады. Бір кезде, ХVІII-ХІХ ға-
сырлардың өзінде бұл проблема пси-
хологиялық зерттеулерде ең негіз-
гі мәселелердің бірі болды. XX ға-
сырдың бас кезінде жалпы тоқырау-
ға байланысты психология ғылы-
мында ерік мәселесі кейінгі орынға 
ығыстырылады. Ол көптеген проб-
лемалардың ішінде ең қиын жағдай-
ды басынан кешірді, оны жаңа әдіс-
намалық негізде қарастыру және ше-
шу қажет болды. Оны толықтай жоқ-
қа шығару, оның жағымды жақтарын 
ескермеу мүмкін емес еді, себебі ерік 
адам өмірінде орны ерекше атқара-
тын психикалық құбылыстардың 
қатарына жататындығын дәлелдей 
берудің қажеті болмас.
Осы себепке байланысты XX ға-
сырдың басында және содан кейінгі 
онжылдықтарда ерікті зерттеу жал-
ғасты, шынында, өте белсенді емес,
өзін-өзі бақылаудың негізгі әдісі ре-
тінде жүргізілді. Бірақ ерік үрдістері-
нің жалпы зерттелу жағдайының 
қанағаттанғысыз жүргізілуі салда-
рынан өткен ғасырдың алғашқы он-
ЕРІК
ЕРІК


178
жылдықтарында осы ұғымнан жал-
пы бас тартуға ұмтылды, оны қан-
дай да болмасын басқа, демек, бақы-
лау және бағалауға болатын мінез-
құлық сапаларымен ауыстыру көз-
делді. Мысалы, Американың мінез-
құлық психологиясында ерік ұғы-
мының орнына «мінез-құлықтың 
табандылығы» ұғымын қолдана 
бастады. Қазіргі кезде ерік туралы 
психологиялық зерттеулер әртүрлі 
ғылыми бағыттар арасында бөлінген 
болатын: бихевиористік бағыттағы 
психологияда мінез-құлықтың сәйкес-
ті түрлері зерттелуде. Көптеген ға-
лымдар ерік туралы ілімді қайта 
жандандыру, оған құбылыс ретінде 
бірігушілік сипат беру үшін бағыттал-
ған қадамдар жасауда. Кеңестік ке-
зеңде ерік туралы психологиялық 
зерттеулерде бұл проблемаға ерекше 
мән берген В.А.Иванников адам мі-
незін реттеуде екі бір-біріне қарама-
қарсы тұжырымдамалардың күресін 
жатқызады: реактивті және активті. 
Бірінші тұжырымдама бойынша, 
адамның барлық мінез-құлқы әртүр-
лі ішкі және сыртқы стимулдарға 
негізінен жауап болып табылады, 
оны ғылыми зерттеудің міндеті осы 
стимулдарды іздестіре отырып, оның
реакцияларымен байланысын анық-
тауға алып келеді. Адамзат мінезін 
осылай түсіндіру үшін еріктің қаже-
ті жоқ. Рефлекс оның дәстүрлі түсі-
нігінде әруақытта да белгілі бір стимул-
ға реакция ретінде қарастырылады.
Екінші тұжырымдама бойынша бұл 
соңғы жылдары күш алып, әрі оны 
жақтаушылар бірте-бірте арта түсу-
де, адамның мінез-құлқы белсенді,
ал оның түрлері саналы таңдауға 
берілген қабілеттілік ретінде қарас-
тырылады. Мінез-құлықты осылай 
түсіну үшін ерік және еріктілікті реттеу 
қажет. Ол тек психологияның бұ-
рынғы атын қайтаруды талап етпей-
ді, сонымен қатар адамзат мінез-құл-
қын ғылыми зерттеулерде ерік проб-
лемасына лайықты көңіл бөлуді қа-
жет деп есептейді. Жоғары жүйке қыз-
метінің жаңа физиологиясында көр-
некті ғалым-физиологтар Н.А.Берн-
штейн мен П.К.Анохин бұл көзқарас-
ты орынды бекітеді және жараты-
лыстану жағынан қолдайды. Бұл 
тұрғыдан үлкен үміт қазіргі сана 
психологиясына және когнитивтік 
психологияға, адам психикасын экс-
перименттік зерттеулердің жаңа әдіс-
намасы мен әдістеріне жүктеледі. Ерік-
жігер іс-әрекеттерінің табиғатына, 
соған сәйкес адамның мінез-құлқы-
на жаңаша қарау туралы талпыныс-
тар да баршылық. Еріктің белсенділі-
гіне байланысты оған жаңа, қазір-
гіше анықтама беру туралы айты-
лады. Мінез-құлықты ерікті реттеу 
санамен байланысты, мінез-құлық-
тың алғашқы түрткісін күшейтуге 
немесе бәсеңсітуге қабілетті. Осын-
дай түрткінің күшеюі мен бәсеңсуі 
орындалатын әрекеттің тұлғалық мә-
нінің өзгеруі арқылы іске асады. 
Балаларда еріктің дамуы олардың 
адамгершілік түрткілер саласының 
дамуымен және баюымен тығыз бай-
ланысты.
Адамның белсенділігі, жауапкерші-
лігі, ұйымшылдығы, тәртіптілігі сияқ-
ты қасиеттері дәстүрлі түрде әруа-
қытта да жеке тұлғаның еріктік са-
паларына жатады. Сонымен, ерік 
мәселесі қазіргі кезде жаңа, өзекті, 
практикалық мәнге ие болуда, демек, 
осы мәселенің теориялық негіздері-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет