186
ЕСТЕ ҚАЛДЫРУ –
ол
арнайы ес-
те қалдыру
және
еріксіз есте қал-
дыру
болып екіге бөлінеді.
Еріксіз есте қалдыруда
адам алдына
арнаулы мақсат қоймайды, есте қал-
дырудың арнаулы тәсілдерін пайда-
ланбайды. Айналадағы өмірдің түрлі
көріністері (оқиғалар мен адамдардың
қимыл-әрекеті, сөзі т.б.) сол әрекет-
тің ағымына
қарай есте қалып оты-
рады. Ал (арнайы ырықты) есте қал-
дыру арнаулы тәсілдерді қажет етеді,
оны тудыратын тиісті мотивтер бо-
лады. Қандай объектіні болмасын әде-
йілеп есте қалдыру үшін мына төмен-
дегі шарттарды орындап отыру қа-
жет болады:
1) Есте қалдыруда әр кез мақсат, қо-
йып отыру зор маңыз алады. Оқу ма-
териалын жақсы меңгеру үшін оған
қатты зейін қою жеткіліксіз, ол үшін
алға айқын, анық мақсат – қойылу
керек. Мәселен, оқушыларға бір әң-
гіме айтып, оны үш-төрт күннен ке-
йін қайта сұраса, балалардың біразы
әңгіменің
негізгі бөлімдерін қайта
жаңғырта алмай қиналады. Ал енді
осы оқушыларға екінші бір әңгіме
айтып, үш-төрт күннен кейін қайтып
айтып бересіңдер десе,
балалардың
біразы сол әңгімені ұмытпай жадын-
да ұстай алады. Бұл екі тәжірибенің
арасындағы айырма: соңғыда мате-
риалды есте берік сақтау мақсат етіп
қойылған, ал бірінші жағдайда мұн-
дай анық мақсат қойылмаған еді.
2) Есте қалдырудың қоғамдық, тә-
жірибелік мәні адамның қажетіне де
байланысты болады. Мәселен, оқу-
шылар қандай бір шығарманы оқы-
масын бір қажетіме керек болар деп
оқитын болса, оны есте қалдыру қиын-
ға соқпайды.
3) Оқылатын шығарманы жоспарлай
алу –
есте қалдыруға көп жеңілдік
келтіреді. Жоспар мүмкін болғанша
анық, айқын, дәл болсын. Қалай болса
солай құрыла салған жоспар есте бе-
рік сақтауға негіз бола алмайды. Оқи-
тын шығарманың ішінен еске тірек
боларлық жерлерін іздестіріп, оны бір-
неше мағыналы бөлшектерге бөлу,
бөлшектің
әрқайсысының мағына-
сына лайықты ат ойлап табу – еске
қалдыруды нәтижелі етеді.
4) Мағыналы есте қалдыру дегені-
міз – нәрсенің мәніне түсіну. Сон-
дықтан мағыналы түсіну ойлау про-
цесімен тығыз байланысты. Мате-
риалды жақсы ұғынып, терең түсіну,
мағыналы байланыстар жасау, ма-
ңызды белгілерін анықтай алу – оны
анализдей, синтездей,
салыстыра,
жүйелей білуді керек етеді.
5) Оқып отырған шығарманың бай-
ланыс, жүйелерін елестетуге, еске ті-
рек боларлық ой желісін табуда схе-
ма, чертеж, таблицалармен қатар,
арнаулы шартты белгілер қолданы-
лып отырса,
есте қалдырудың сапа-
сы арта түседі.
6) Есте қалдырылуға тиіс шығарма-
ны адам мүмкіндігінше өз сөзімен
құрастырған сөйлемдермен айтып
бергені абзал. Егер бала мұғалімнің
айтқанын не
өзінің кітаптан оқыға-
нын сөзбе-сөз айтып беретін болса,
мұндай жағдайда оның есі жақсар-
майды.
7) Оқылатын шығарманы жақсылап
есте қалдыру
адамның өзін-өзі тәр-
биелей алуына да байланысты. Мәсе-
лен, оның еңбегі жақсы ұйымдасқан
болса, есте қалдыру дәрежесі де жо-
ғары болады. Күндік режимге мән
Достарыңызбен бөлісу: