187
бермейтін, өзін көлденеңнен кез кел-
ген нәрселер билеп кететін адамдар-
дың
есте қалдыру дәрежесі айтар-
лықтай болмайды. Ондайлардың Абай
айтқандай, «ой кеселдеріне» қарсы
тұруға шамасы жетпейді. Абайдың
түсінігінше, ой кеселді нәрселерден
қашық болу – (яғни
уайымсыз сал-
ғырттық, ойыншы, күлкішілдік не бір
қайғыға салыну) естіген нәрсені ұмыт-
паудың басты шарттарының бірі.
8) Есте қалдырудың сапасы дұрыс
қайталай алуға да байланысты. Әдетте
оқу материалын бір қайтара оқып жат-
тап алуға болмайды. Аз уақыт ішінде
жиі-жиі қайталап жаттаудың да қаже-
ті жоқ. Мәселен, өлеңді бірден жат-
тап алса, ол тез ұмытылады, сондық-
тан оны бірнеше уақытқа бөліп жат-
тау қажет, бірақ арадағы үзілістер тым
ұзақ болмасын. Тек көлемі шағын
шығарманы тұтас күйінде жаттауға
болады. Егер шығарма көлемді болса,
оны бөлшектеу қажет.
Бірақ қалай
болса солай бөлшектемей, логикалық
ой сақталатындай етіп бөлген пай-
далы. Мұндайда қайталаудың саны
азырақ болады да және ол есте ұзақ
сақталады.
Сондай-ақ жатталған нәрсені ұмы-
тып
кеткен соң қайталау пайдасыз,
оны ұмытпай тұрып қайталау ке-
рек, өйткені «...қайталауды ескіріп,
құлап бара жатқан үйді жөндеу үшін
емес, үйді берік нығайта отырып,
үстіне екінші қабатын салу үшін
жасайды. Әрбір ілгерілеп басқан
адым бұрынғы өткендерді қайталап
отыруға негізделу керек».
Қайталау-
ды түрлендіріп отырудың, оны уақыт
жөніне
дұрыс құрудың маңызы жө-
нінде К.Д.Ушинский былай дейді:
«Бұдан бұрын жаттап алынғандарды
сол күйінде аудармай, айтып берудің
ешбір қажеттілігі жоқ,... ал кездей-
соқ кездескенді, жаттап алғанды
жаңа түрмен айту, яғни жаттап
алғанды басқа сөздермен қайталап
айтып беру әлдеқайда пайдалы».
Жаттаудың
мнемоникалық
әдісінің
бірі механикалық (мағынасына тү-
сінбей) – есте қалдыру. Егер мағы-
налы есте қалдырудың мәнісі құбы-
лыстардың, ішкі мәніне, олардың бір-
бірімен байланысына түсіну болатын
болса, механикалық есте қалдыруда
заттар жай, сыртқы байланысқа түседі.
Мұның басты шарты – қайталау.
Естің бұл түрінің
кей жағдайларда
іске керек болып қалатын кездері бо-
лады. Шетел сөздерінің жазылуы мен
айтылуын, қиын сөздер мен атаулар-
ды, хронологиялық даталарды, көше,
жер, су аттарын, телефон нөмірлерін
есте қалдыру қажет болған кезде ме-
ханикалық еске қалдырып жаттаған
дұрыс.
ЕСТЕ САҚТАУ
– жадқа тұту. Ес
үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жат-
қан ақпаратты жадыға енгізуді бел-
гілейді. Есте сақтау динамикасын
психодиагностикалау әдістемесі –
адамның
есте сақтауының динами-
калық сипаттарын анықтауға көмек-
тесетін психодиагностикалық әдіс-
темелер, көбіне бұл әдістемелер адам
қаншалықты тез есте сақтайтынын
және ақпаратты өңдеуін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: