185
келді. Қазір ол алғашқы адам есін тү-
сіну жолында көп үміт күттіретін қа-
дамдар жасай бастады.
Адам миы – бұл күрделі электрон-
дық-есептеу машинасы. Кеңестік пси-
хологияда негізінен есті зерттеуде
іс-әрекеттің
жалпы психологиялық
теориясымен байланысты бағыттар
дамыды. Бұл теорияның негізінде ес
психологиялық іс-әрекеттің ерекше
түрі, адамның теориялық және прак-
тикалық әрекетінің жүйесі ретінде
әртүрлі
ақпаратты еске қалдыруға,
еске сақтауға және қайта жаңғырту-
ға бағытталған. Іс-әрекет ретінде
адамның есін зерттеудің басталуы
француз ғалымдарының жұмыста-
рымен, оның ішінде П.Жаненің
еңбектерінде негізі салынды. Ол ал-
ғашқылардың бірі болып, еске сақтау-
ға, қайта
өңдеуге және материалды
сақтауға бағдарланған есті іс-әрекет
жүйесі ретінде тұжырымдады. Пси-
хологиядағы француздың ғылыми
мектебі барлық ес үрдістерінің әлеу-
меттік байланыстылығын, оның адам-
дардың практикалық іс-әрекетіне тә-
уелділігін дәлелдеді. Кезінде біздің
елімізде бұл концепция А.С.Выгот-
скийдің және оның ең жақын шәкірт-
тері А.Н.Леонтьевтің, А.Р.Лурияның
негізін салған адамның жоғары пси-
хикалық қызметінің пайда болуы
мәдени-тарихи
теорияның одан әрі
дамуында көрініс тапты. А.Р.Луриянің
ғылыми жетекшілігімен жүргізіл-
ген нейропсихологиялық зерттеулер
естің физиологиялық амалдарын
сипаттауға мүмкіншілік берді. Есті
зерттеуге өзінің белгілі үлесін қос-
қан П.И.Зинченко мен А.А.Смир-
новты ерекше атауға болады. Олар
ырықты және ырықсыз есте қалды-
рудың практикалық іс-әрекетті ұйым-
дастыруға
және басқа жағдайларға
тәуелді екендігін жан-жақты зерт-
теді.
Естің іс-әрекеттік теориясына сәйкес
әртүрлі елестетулердің арасында
байланыстар – ассоциациялар ұйым-
дастыру, сонымен қатар материалды
есте қалдыру, есте сақтау және қайта
жаңғырту былай түсіндіріледі: адам
есте сақтайтын материалмен жұмыс
барысында не істейді,
сонымен қа-
тар мнемикалық үрдістер іс-әрекет-
тің тұтас құрылымында қандай орын
алатындығына байланысты. Есте қал-
дыру амалының ерекшеліктерін ашып
көрсететін әртүрлі қызықты дерек-
терді А.А.Смирнов өзінің зерттеуле-
рінде атап көрсеткен болатынды.
ЕСАЛАҢДЫҚ
– адамның психика-
лық іс-әрекетінің төмендеп, санасы-
ның кемуі. Көбінесе әртүрлі аурулар-
дың салдарынан болады. Есалаң-
дықта адам іс-әрекеттерді санасыз, со-
қыр сеніммен орындайды. Е. қоян-
шықтық
және есіріктік болып бөлі-
неді. Қояншықтық Е. – қояншық ау-
руынан, мидың зақымдануы салда-
рынан болады. Есіріктік Е. кезінде
адам есеңгіремейді,
дағдыға айнал-
ған әрекеттерді қайталай береді.
ЕСКЕ ТҮСІРУ
– көз алдына келті-
ру, елестету. Еске түсіру ұзақ мерзім-
ді жадынан қажет ақпарат іздеумен,
қалпына келтірумен және алумен
байланысты ақыл-ой әрекеті. Е.т.
еске алудың ырықты нысаны ретін-
де көрінеді. Ж.Аймауытов: «...еске
түсіру өнері дегеніміз – ойлау өнері...
Байланыстардың мәнісі – ойлау де-
ген сөз», – дейді.
Достарыңызбен бөлісу: