Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет190/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ЕС
ЕС


183
Кезінде Аристотель ойлап тапқан 
ассоциациялардың табиғатын былай-
ша түсінуге болады:
1) Іргелестік ассоциациясы бойын-
ша бір зат жөніндегі елес өзімен бір-
ге оған қатысы бар екінші затты қо-
са туғызады.
2) Ұқсастық ассоциациясынан нәр-
сенің, көріністің бейнелері өздеріне 
ұқсас образдарды еске түсіреді, яғни 
бір зат жөніндегі елес ол затқа қандай 
болса да ұқсастығы бар екінші зат-
ты елестетеді.
3) Қарама-қарсылық ассоциация-
сында бір зат туралы елес оған қара-
ма-қарсы екінші затты не құбылыс-
ты еске түсіреді.
Онда қалдырылатын не жаңғырыла-
тын нәрсенің сипатына қарай Е. төрт-
ке бөлінеді. Олар: қозғалыс, бейнелік, 
логикалық және эмоциялық естер.
ЕС ТЕОРИЯЛАРЫ 

 
Генетика 
және молекулярлық физиологияның, 
сонымен қатар кибернетиканың да-
муына байланысты соңғы бірнеше 
онжылдықта естің биологиялық не-
гіздері мен физиологиялық амалда-
рын зерттеу өзіне ерекше назар ау-
дарды. Бұл зерттеулердің бір бөлігі 
нейрондық деңгейде, демек, жекеле-
ген жүйке жасушаларының жұмы-
сын зерттеу деңгейінде және олар-
дың кешендері еске сақтау үрдісінде 
жүргізілді. Бірақ ақпараттың есте 
қалдыру және қайта жаңғыру үр-
дістерінде мидың әртүрлі жасуша-
ларының рөлі туралы, сонымен қа-
тар молекулярлық деңгейде іске асып
жатқан өзгерістердің ес үшін маңы-
зы туралы сұрақтарға толықтай бір-
жақты, сендіретіндей жауаптар әзір-
ше алынған емес. Сондықтан да жо-
ғарыдағы айтылған ойларды тек 
қызықты жорамал ретінде қарасты-
руға болады. Осыған байланысты ес 
жұмысының заңдарын түсіну үшін 
ерекше пайдалы және оны басқарудың 
тәсілдерін талдау естің психология-
лық теориялары болып табылады.
Ес туралы соңғы кезде әртүрлі тео-
риялар қалыптасты: олардың ішінде
естің зерттеу амалдары мен заңды-
лықтарын зерттейтін психологиялық, 
физиологиялық, биохимиялық, кибер-
нетикалық теорияларды ерекше атау-
ға болады. Психологиялық деңгейде
ес механизмдерін зерттеу хроноло-
гиялық тұрғыдан басқа теориялардан 
ертерек қалыптасқан, әрі кеңінен та-
раған. Алғашқы ес теорияларының 
бірі, өз мәнін қазіргі кезге дейін жой-
маған, XVII ғасырда пайда болған. 
Ассоциативті психологиялық теория
болды. Бұл теория негізінен Англия-
да кеңінен тарады. Оның негізіне 
ассоциация туралы ұғым жатады. 
Ассоциация – жекелеген психика-
лық үрдістердің арасындағы байла-
ныс, сонымен қатар қоршаған дүние-
дегі құбылыстар мен заттардың ара-
сындағы байланысы айтылады. Бұл 
теория бойынша ес қысқа мерзімді 
және ұзақ мерзімді өте күрделі жүйе 
ретінде түсіндірілді. Ассоциялардың 
өзі бірнеше түрге бөлінеді: ұқсастық 
ассоциациясы, көршілестік ассоциа-
циясы, қарама-қарсылық (контраст) 
ассоциациясы, адамның қысқа мерзім-
ді және ұзақ мерзімді есіне жататын 
уақыт пен кеңістікке жақындық ас-
социациясы.
Осы теорияның арқасында естің 
қызмет істеуі мен амалының көп-
теген заңдылықтары ашылып және 
зерттелді (мысалы, Г.Эббингауз за-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет