Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет200/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ЖАЛҚ
ЖАЛП


193
қындала түседі. Ж. әрекетінің өзін-
дік сипаты бар. Бастауыш сынып 
жасындағы балалар нәрселердің мән-
ді белгілерін өз сөздерімен ажыра-
тып көрсетуде қиналады. Мұндай 
себеп кеміс балалардың нәрселер 
мен құбылыстардың мәнді белгіле-
рін олардың сыртқы көрініс белгі-
лерінен нақты ажырата алмай, олар-
ды өз сөздерімен айтып бере алма-
уы. Тілі жоқ керең балалардың да 
Ж. әрекеті мардымсыз болатындығы 
мәлім. Алайда олардың Ж. тәсілін 
меңгеруді сөз арқылы дамытып, ті-
келей сезімдік танымын өрістетіп 
отыруға болатындығы күнделікті оқу-
тәрбие тәжірибелерін зерттеулер-
ден белгілі.
ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ 
– мұнда 
психология ғылымының іргелі тео-
риялық категориялары баяндалады. 
Сонау Стагерит Аристотель мен әл-
Фараби, Абай Құнанбаев, Жүсіпбек 
Аймауытов еңбектерінде жалпы пси-
хологияның мәселелері үш топқа бө-
лінген.
Олар: танымдық процестер (зейін, 
түйсік, қабылдау, елес, ес, ойлау, сөй-
леу, қиял;
екінші топ – сезім-эмоция мәселеле-
рін қамтыса,
үшінші топ – ерік-жігер, қажыр-қай-
рат мәселелерін баяндайды.
Ал ғылыми психологияда, әсіресе, 
кеңес психологиясында бұл мәселе 
кеңес психологтарының айтуынша 
жалпы психология мәселелеріне бай-
ланысты 30-40 жж. Г.С.Костюк, С.Л.Ру-
бинштейн, А.Н.Леонтьев, А.А.Смир-
нов, Б.Г.Ананьев, Б.М.Теплов ең-
бектерінде жалпы психология мәсе-
лелерін сонау бір кездегі Аристотель,
әл-Фараби, Абай линиясымен тү-
сіндіруді қолдады. Аталған ғалым-
дардың айтуынша жалпы психоло-
гия психикалық құбылыстардың, дә-
лірек айтсақ, таным процестеріне, 
сезім-эмоция, ерік-жігер процестерін 
бір төбе, одан соң психикалық қа-
сиеттер (қызығу, темперамент, мінез, 
қабілет) және психикалық қалып не-
месе көңіл күй ретінде үшке бөліп, 
оның теориялық аспектілерін, әдіс-
темелік негіздерін баяндайды. Бұл 
принцип жалпы психологияда күні 
бүгінге дейін сақталып келеді. Шы-
ғып жатқан сан алуан оқулықтар мен 
оқу құралдарында, олардың авторла-
ры да осы принцип бойынша жалпы 
психология мәселелерін түйіндейді. 
Психологияның сан алуан салалары 
(жалпы саны 50-ге жуық) өзінің 
әдіснамалық бастауларын жалпы пси-
хологияға негіздеп, баяндайды. Пси-
хология салаларының ішінде бұл 
принцип жас, даму, жас ерекшелік
педагогикалық, медициналық т.б. са-
лалары осы принциптің төңірегінде 
дүниеге келген. 
Адамның танымдық процесі – сезім-
дік және ақыл-ой сатылары арқылы 
жүзеге асады деп үйретеді. Дүние 
туралы алғашқы мәліметті адам се-
зім мүшелері арқылы алады. Сезім 
мүшелерінің бастысы – көз. Халық 
көру мүшесі – көзді қос шамшырақ 
деп ерекше қастерлеген. Расында да, 
көрмеген нәрсенің түр-түсі, форма-
сы туралы адам санасында дұрыс 
ұғым тумайтыны хақ. Халықтың «Көр-
мегенге көсеу таң», «Көрмей білмей-
сің» дейтін мақалдары осындай жайт-
та туған. «Көп жасаған білмейді, көп-
ті көрген біледі», «Көп жасағаннан сұ-
рама, көпті көргеннен сұра» іспеттес 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет