Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет199/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ЖАЛҒ
ЖАЛҒ


192
есіктегі «әйнек-көз» арқылы қадаға-
лау кезінде бірқатар адамдарда ай-
рықша психологиялық жай-күй пай-
да болады; мұндайда олар тырдай жа-
лаңаш отырғандай немесе ойлары-
ның бәрі айқын білініп отырғандай 
өзін ыңғайсыз, ауыр болады және 
көрген түстерін шындық болмыспен 
шатастырушылық жағдайлары бай-
қалады. Ж-тың қатаң жағдайында 
болу мерзімі ұзарған сайын терең 
психологиялық өзгерістер кезеңінде 
аса бағалы идеялар, қарым-қатынас 
идеялары, тұлғаның қосарласушы-
лық бөлінуі және реакциялық гал-
люцинациялар пайда болады. Ж. жал-
қылықты да білдіреді.
Жеке-дара болу да Ж. Салт адам да 
Ж. Отбасында, жанұяда жалғыз өзі-
нің тіршілік етуі. Психология ғылы-
мында адамның жеке басын зерттеу 
даралық немесе дифференциалды 
психология деп аталады. Жеке басты 
зерттеуде адамның жан дүниесінің 
сыр-сипатын, психологиялық ерек-
шеліктерін зерттеу күрделі мәселе 
болып саналады да, оның кісілік 
қасиеттерінің дамуын, жеке процес-
тері мен ерекшеліктерін ашып көр-
сетуге ерекше мән беріледі. Жеке бас-
қа тән сипаттар темперамент пен мі-
нез, оның дара басына тән қабілет-
тілігін айқындап көрсету, бұл ғылым-
да айрықша орын алатын маңызды 
проблема болып саналады. Ж. ешкі-
мі жоқтық, саяқтық. Ж. бірен-саран, 
аздаған, некен-саяқ дейтін ұғымды 
да білдіреді. Халықтық ұғым-түсінік 
бойынша Ж. қиындыққа төзіп, тір-
шілік етуіне жанашырлық білдіруі 
адами-гуманистік сезімді білдіреді. 
Оған мүмкіндігінше көмек көрсетіп, 
есіркейтін болған.
ЖАЛҚАУЛЫҚ 
– адам бойындағы 
жағымсыз сипат. Жұмысқа мойны 
жар бермейтін еріншек, бойкүйез, 
кежірлікті білдіретін мінездегі ұнам-
сыз сипат. Ж. кежегесі кейін тарт-
қан кежірлік, жайбасарлық. Ж. ша-
бан қозғалысымен, бойкүйездік ерін-
шектігімен, кертартпа кежірлісімен 
айқындалатын адам мінезіндегі ерек-
шелік. Ж. жұмыс істегісі келмей ері-
ну, салғыртсыну сияқты адам міне-
зіндегі көріністерден де анық аң-
ғарылады. Жалқаулыққа салыну ке-
жегесі кейін тартып іс-әрекет етуге 
ерінуді білдіреді. Ж. сияқты мінездегі 
жағымсыз сипаттан арылу үшін 
адам күнделікті тіршілікте өз алдына 
мақсат-міндет қойып, оны қалайда 
әрекет жасап жүзеге асыруым керек 
деген талап қойып отыруы қажет.
ЖАЛПЫЛАУ
– клиенттің монолог-
ты түрде тәубеге келіп ашқан сырын, 
психолог кеңесшінің жалпылама 
түрде қысқаша қайталауы. Ж. – тал-
дап қорыту, жұмыс тәжірибесін 
талдап қорыту, жалпы қорытынды. 
Ж. – заттар мен құбылыстардың 
жалпы қасиеттерін ой (операциясы) 
арқылы біріктіру тәсілінің бірі. Бұл 
тәсіл абстракция, дерексіздендіру 
әрекеттерімен тығыз байланысты. Ж. 
тәсілі әртүрлі деңгейде жүргізіліп, 
нәрселер мен құбылыстардың бір-
бірімен тығыз байланысты екендігін 
білдіреді. Олардың өзара қарым-
қатынасын, себепті байланысын, даму 
заңдылықтарын, жалпы және мәнді 
белгілерін бейнелейтін ой әрекеті. Ж. 
ұғым құрудың да негізгі тәсілінің бі-
рі. Ұғым құруда Ж. арқылы нәрселер-
дің тобына тән қасиет белгілері ата-
лып, олар сөйлеу әрекеттерімен ай-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет