Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет197/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ЕСТУ
ЕСТУ


190
ЖАҒЫМПАзДЫҚ 
адам мінезін-
дегі жағымсыз сипат; оның өзінен 
қызметі жоғары адамдарға жақсы 
көріну үшін шектен тыс қошемет 
көрсетуі. Өз қабілетіне өзі сенбейтін, 
оңай жолмен пайда табуды немесе 
билікке қол жеткізуді мақсат тұтқан 
адамдар жағымпаз келеді. Жағымпаз 
адамдар әлеуметтік ортаға, қоғамға 
көп зиян тигізеді. Ж. орын алған ор-
тада адамдар қарым-қатынасында жал-
ған өлшемдер белең алады.
ЖАҚСЫЛЫҚ 
– адамгершілік пен 
имандылықты сипаттайтын жалпы 
ұғым. Адамға жағымды нәрселердің 
бәрі Ж. ұғымы арқылы жүзеге асады. 
Осы жалпы қасиеті арқылы жас та, 
кәрі де өзінің мақсат-мүддесіне, ар-
ман-тілегіне, болашақтан үміттенуі-
не сенімін білдіреді. Ж. арқылы же-
ке адамдардың іс-әрекеттеріне, қоғам-
дық қатынастарына, адамаралық бай-
ланыстарына тиісті баға беріледі. 
Ж. әртүрлі деңгейде тұлғалық қа-
сиеттердің ізгілігін айқындайды. Бұл 
ұғым әлеуметтік психология мен
әдептану ғылымдарында жиі қолда-
нылады және адамның жас ерекше-
лік, ұлттық, жыныстық (гендерлік) 
өзгешеліктерімен байланысып жата-
ды. Ж. ұғымы педагогикалық психо-
логияда да, этнопсихологияда да жиі
қолданылады. Бұл ұғым бұрын-соң-
ды шыққан орыс және төл тілімізде-
гі психологиялық сөздіктерде орын
алмауы бұл мәселенің әлі де тыңғы-
лықты зерттелмегенінің айғағы.
ЖАЛАИРИ ҚАДЫРҒАЛИ ҚО-
 
СЫНҰЛЫ (1530
-
1605
) – шежіреші-
ғалым. Қ.Жалаири: «Мен дүние жү-
зіндегі түрлі мемлекеттерді аралаған, 
әділ үкім, нақыл сөзге қанық көпте-
ген кітаптар оқыған адаммын» – дей-
ді. Бізге ол жазған шежіренің (1602) 
екі көшірмесі мен шағын үзіндісі ға-
на жеткен. Мұның бірінші бөлімін 
жазған кезде ол Рашид-әд-диннің 
әйгілі «Жамиғ-ат-тауарих» кітабын 
негізге алған. Кейін бұл Қ.Жалаири 
өзі жазған еңбек «Шежірелер жинағы» 
деп аталып кеткен. Мұнда түркі-
монғол тайпаларының Шыңғыс пен
оның ұрпақтарының тарихы баян-
далған. Екінші бөлімде Орыс, Тоқ-
тамыс, Темірқұтылық, Хажыгерей, Ха-
жы-Мұхаммед, Әбілхайыр, Жәдігер, 
Ораз-Мұхаммед, Едігелердің өмірі 
баяндалған. Бұларда қазақ хандығы-
ның құрылу алдындағы тарихи-әлеу-
меттік жағдайлар мен көшпелілер-
дің тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, пси-
хологиясы, мақал-мәтел, нақыл сөз тү-
рінде көрініс тапқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет