196
нан шешендік
өнерді талап ету ар-
тық; шешендік – табиғи дарынды-
лық, ерінбей, жалықпай, үзбей із-
денген үлкен еңбектің жемісі. Сөйлеу
мәдениетіне жетілу баршамызға ор-
тақ міндет. Ақылға қонымды жақсы
сөздің
жанға жылы тиіп, адамды
небір тамаша сезімдерге бөлейтін-
дігі, тек осындай шынайы сөздермен
өрнектелген ой ғана әрі өткір, әрі
әсерлі болатындығы белгілі. Мәсе-
лен, «Жақсы сөз –
жанның тыны-
сы», «Жақсы адам – елдің ырысы».
«Жақсы сөз – жанға азық», «Күш жең-
бегенді сөз жеңеді», «Қаһарлы сөз
қамал бұзар» деген мақал-мәтелдерден
сөздің адамға тигізетін әртүрлі әсе-
рі, айтылған сөз адамның көңілін кө-
теріп, оны шаттық сезімге бөлейтіні,
сөздің шипалық қасиеті жақсы бай-
қалады.
Ақылдылықтың басты белгісі – дұ-
рыстап сөйлей білу. Адамның басын-
да қандай ой туса да, егер ол оны
лайықты сөзбен бере алмаса, ол ай-
тушыға да, тыңдаушыға да түсінік-
сіз, күңгірт болады. Сөйлеу мәдение-
тіне жетілмейінше ақыл-ой мәдение-
тіне жетілу қиын. Халқымыздың ой-
ға олақ, сөзге шорқақ адамдарды үне-
мі әжуалап
келуі де осы мәселеге
ерекше мән беруінен болса керек.
Мәселен, «Сөйлей білмеген сөзді өзі-
не келтіреді», «Таппасаң сөздің жү-
йесін, отына өзің күйесің», «Аңдамай
сөйлеген ауырмай өледі», «Құрғақ
сөз бас ауыртар», «Қысыр сөзде қыр-
сық көп» секілді мақалдарда сөйлеу
өнерінен жұрдай жандар тәлкек еті-
леді, жастардың сөз өнеріне жетік
болуы жайлы айтылады. Тыңдаушы
адамның психологиясын ескергенде
ғана
сөз өз объектісіне дөп тиеді,
қуатты да, қаһарлы болады. Бұл жө-
нінде халқымыз былай дейді: «Жүйе-
лі сөз жүйесін табар», «Ойнап сөйле-
сең де, ойлап сөйле», «Сөз сүйектен
өтеді, таяқ еттен өтеді». Аз сөйлеп,
көп ойлау, яғни үнемі логикаға жүгі-
ніп отыру да тамаша қасиет. Халқы-
мыз осы жайтты да бізге қатты ес-
керткен. Сондықтан да, олар: «Көп
сөз – күміс, аз сөз – алтын», «Тоқсан
ауыз сөздің, тобықтай түйіні бар»
деп түйген.
Сөйлеу
мәдениетіне ерекше жетілу
шешендік өнермен тығыз байланы-
сып жатады. Қазақ халқы шешендік
өнерді ерекше құрметтеп, ондай өне-
рі барларға төрден орын берген. Тіл-
дің сырына қанық, оны дұрыс пай-
далана білетін адамдар жайында ма-
қалдар: «Жүзден біреу шешен, мың-
нан біреу көсем»; «Шешеннің тілі –
шебердің бізі»; «Шешеннің сөзі ағып
тұрған балдай»,
деп шешендік өнер
кез келген адамнан табыла бермейтін
қасиет екендігін, шешендік өнерге
адам өмір бойы іздену,
еңбектену
арқылы жететіндігін еске салады. Мә-
селен, «Тілдің майын тамызып, сөздің
балын ағызып, қас шешендер сөз
айтар», «Шешеннің сөзі мерген, ше-
бердің көзі мерген», «Көп ішінде
сөйлеген – көсемдіктің белгісі; көпке
сөзі ұнаған шешендіктің белгісі»,
«Шешен сөз бастар,
батыр қол бас-
тар» т.б. Мақал-мәтелдерде шешен-
нің сөзі қынаптан суырылған қылыш-
тай өткір, соқырға таяқ ұстатқандай
анық, ойға қуат, мағыналы да көр-
кем, шешендік сөздің өткірлігі оның
тек
сырты сұлулығында емес, оның
логикалық мазмұнында, шындықты
жайып салып, көркем тілмен айтуын-
Достарыңызбен бөлісу: