199
қан. Мәселен, «Үш күн
ерте тұрсаң
бір күн пайда», «Ұқсата білген ұта-
ды», «Жасыңда кішік болсаң, өскен-
де пысық боласың», деген халық ма-
қалдарында осындай адамның ұнам-
ды жақтары айтылса, енді бір ма-
қалдарда
бұған қарама-қарсы адам-
дар жөнінде сөз болып, халық дана-
лығы олардан жұртты жирендіріп
отырады. Мәселен, «Салақта сақтық
жоқ», «Сылбырдың сылтауы таусыл-
майды», «Шабан адам – шамшыл»,
«Бейқамдық береке бермейді», «Олақ-
тан да салақ жаман», деген мақал-
дар ұқыпсыз, еңбек етуге қырсыз адам-
дарды келемеждейді.
Ерлік –
адамның ерік-жігер қасиет-
терінің ішіндегі шоқтығы биік сапа-
сы. Мұның адам өміріндегі маңызын
дәлелдеп жатудың қажеті де шама-
лы. «Шын батыр сын үстінде таны-
лар», «Батырға оқ дарымайды», «Ерлік
егесте керек», «Батыл болмай батыр
болмайсың» дейтін мақал-мәтелдер-
де ер, батыр адамды ерекше шынық-
қан, екі айтпайтын, намысшыл, хал-
қы үшін, Отаны үшін шыбын жанын
пида етуге даяр, нағыз сегіз қырлы,
бір сырлы» адам деп сипаттайды.
Халық ерлікке қарама-қарсы қорқақ-
тықты жағымсыз сипат ретінде көр-
сетеді. Мәселен, «Қорқақтың қолы
қысқа», «Қорқақ – қашқын кісі»,
«Қылышты қорқақты сойылды ба-
тыр соғып алады», қорқақтың ой-пікі-
рі де, өмірге көзқарасы да күйкі ке-
леді. Қара басының қамы, шыбындай
жаны көзге біткен шордай, оған бас-
қа нәрсені көрсетпейді. Ол үнемі
үрей үстінде жүреді. «Қорыққанға
қос көрінеді», «Қорыққанға құбы-
жық көп» деген мақалдар қорқақтың
психологиясын жақсы байқатады.
Мақал-мәтелдердің бірінде, қана-
ғатшыл, шыдамды, төзімді, адамдар
жұртқа өнеге етілсе («Қанағат қарын
тойдырар», «Арсызда
нысап жоқ,
арлы жемей-ақ тоқ»), екінші біреуін-
де нәпсінің құлы, шыдамсыз, ашқа-
рақ, қомағай адамдар келемежденіп,
тәлкекке түседі. («Өзі
тойса да көзі
тоймайды», «Қомағайдың қолына
түскен жұмыртқа кішкене көрінер»,
«Ашыққаннан құныққан жаман»,
«Көптен дәметкен аздан құр қалар»).
Соңғы мақалдардан біз нысапсыз
қомағай,
тек өз құлқынын ғана ой-
лайтын адамдардың психологиясын
айқын аңғарамыз. Ынсапсыздық
адамды пасықтыққа алып келеді. Па-
сық
адам адамгершіліктен жұрдай,
моральдық нормамен санаспайды. Ол
өсекке жаны құмар, өз пайдасы үшін
ештеңеден тайынбайтын айлакер,
сұм келеді. Халық осындайлар тура-
лы «Бақастың бағы ашылмас», «Оз-
быр олжа үшін өледі», «Күншіл күн-
деумен өледі», «Түзде жылман, үйде
сырдаң, оңбайды одан үміт қылған»,
деп барша жұртты мұндайлардан ау-
лақ болуға шақыртып отырған.
ЖАЛТАҚТЫҚ
– мінездегі қорқақ-
тық, жасқаншақтық,
жиіркенішті,
тұрақсыз, құбылмалы келетін ұнам-
сыз сипат. Ж. адам мінезінің жотасы
деп саналатын еріктің тиісті шешім-
ге келе алмай, кім болса соның елік-
тіргіш сөзіне еріп кететін өзіндік тұ-
рағы жоқ жалтақшылдықты да біл-
діреді. Ауыспалы мағынада Ж. қор-
қақтық, жалтақтықты білдіретін түсі-
нік ретінде адам мінезіндегі солқыл-
дақтық
Достарыңызбен бөлісу: