Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет204/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ЖАЛП
ЖАЛП


197
да, дегендей салиқалы қорытынды-
лар жасалады.
Қуаныш пен қайғы, ашу мен ыза, 
борыш пен ар-намыс, ұялу мен наз-
дану адам сезімінің сан алуан түр-
лері. Адамның сезім, эмоция дүниесі 
мақал-мәтелдерде жан-жақты сөз 
болған тақырып. Адам бәрінен бұ-
рын ар, абырой, адалдығымен ардақ-
ты, дейді халық. Адамгершілік қа-
сиет ар-ұят, ождан ұғымдарымен ты-
ғыз байланысты. Ар-намысты қор-
ғау, адамға аса жарасымды сипат. 
Осындай қасиет көздеген мақсатына 
жетпей қоймайтын табанды адамдар-
дан жиі байқалады. Өз мініне іштей 
күйіну, өзін әділдікпен жазғырып оты-
ру, тек өз басын ғана қадір тұтпай, 
өзгені де қастерлеп, құрметтеу – жақ-
сы адамға тән қасиет. «Тәнім жаным 
садағасы, жаным арым садағасы», 
«Намысты нанға сатпа», «Өлімнен 
ұят күшті» деп халық ар-ұятты қас-
терлеу, намысқойлық – екінің, бірі-
нен кездесе бермейтін қасиет, оның 
адамға қатты әсер етіп, санасына 
терең із қалдыратыны сонша («Ар-
сыз қолым істеді, арлы бетім ұял-
ды»; «Қолыңмен істегеніңді мой-
ныңмен көтер»), мұндайда адам тіпті 
кірерге жер таппай, кісі бетіне қарай 
алмайтын халге ұшырайды, деп өте 
дұрыс қорытынды жасайды. Ал, ар-
сыз болсаң адам болмағаның, адам 
деген ардақты атқа кір келтіргенің, 
деп түйеді енді бірде мақал-мәтел-
дер. Осындай арсыз адамдардың пси-
хологиясы жөнінде халық былайша 
тебіренген: «Арсызда ынсап жоқ
қанша білгіш десе де халық сүймес 
арсызды», «Арсыз қорқақ келеді».
Адамның сезім-эмоцияларының ішін-
де ерекше көзге түсетіні – көңіл. Кө-
ңіл өте нәзік. Халық: «Көңіл бір атым 
насыбайдан қалады», деп бекерге 
айтпаған. Жаны таза адамдардың кө-
ңілі таза, сұлу келеді. «Көңілі ашық-
тың үні ашық», «Адам құлақтан аза-
ды, көңілден семіреді», «Көңілі сұ-
лудың, өңі сұлу». Адамның ішкі 
жан сырын, көңіл күйін оның бет-
пішінінен, қас-қабағынан байқауға 
болады. «Көз – көңілдің айнасы», 
«Көңілі соқырдың – көзі соқыр», деген 
халық мақалдары осы ойымызды 
онан сайын дәлелдей түседі. Шектен 
шыққан көңілшектік, не қырғи қа-
бақтық та жақсы қасиет емес. Оның 
біріншісі – ымырашылдықтың аға-
йыны болса, екіншісі кекшілдікпен 
үндесіп жатады. Жақсы адамға ашу-
шаңдық та жараспайды. «Ашу – дұш-
пан; ақыл – дос», «Ашу тасыса ақыл 
төгілер», деп үйретеді халқымыз. Ашу-
ға жүгіну әлсіздің ісі. Бұл адамның 
өзін меңгере алмауы, ерік тәрбиесінің 
кемістігі, ал ерік-жігері күшті адам 
орынсыз ашушаңдыққа, ұшқалақтыққа 
бара бермейді. Ұстамды, ақылды 
адам не істесе де ойланып істейді. 
Мәселен, «Ашу – пышақ, ақыл – таяқ, 
жона берсең таусылар», «Ашулы 
арындайды, ақылды баяндайды», 
«Ақылдан жақын дос бар ма, ашу-
дан жаман қас бар ма?», «Ұрыс ырыс-
ты қашырар, ашулы баста ақыл жоқ» 
деген мақалдар адамға ақыл ғана дос, 
орынсыз күйіп-пісу ашушаңдық –
жарамсыз сипат, бұл адамды орын-
сыз қажытады, деп жастарды мұн-
дай жаман қасиеттерден аулақ болу-
ға шақырады.
Алға айқын мақсат қоя біліп, өз мі-
нез-құлқын меңгере алу да жақсы 
қасиет. Мақал-мәтелдерде адамның 
ерік-жігер, қажыр-қайраты туралы аз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет