Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет212/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ЖАНС
ЖАНТ


204
сөзінен құрылған. Қазақша мағынасы 
жан талдау 
дегенді білдіреді. Ж.т. – 
адамның саналы түрде мән-мағынасын 
нақты сөздермен жеткізуге келмей-
тін ниеттілігі мен қажеттілігі. Ондай 
тілектерді қанағаттандыруда адам 
өзінің іс-әрекетінде туа біткен екі 
түрлі инстинкттен тұқым қалдыру 
(жыныстық ләззат) және өмірді 
жалғастырудан (өлімнен қорқу) құ-
ралады деген ой түйеді. Ж.т. бағы-
тының негізін салушы австриялық 
психиатр З.Фрейд (1856-1939). Фрейд 
адамның санасыз әрекеті (жыныстық 
еліктеу) XX ғасырдың жиырмасын-
шы жылдарынан бастап кеңінен та-
рады. Бұл бағыт бойынша мінез-құ-
лықтың түпкі себебін санасыздық 
әрекетке – психиканы талдауға әкеп 
тіреді.
Осы негізге сүйене отырып, адам-
ның дамуын әлеуметтік жағдайлар-
дан толық бөліп алып қарастырады 
да, санасыздықты, биологиялық не-
гізді алға тартады. Фрейд негіздеген 
психоанализ теориясының мәні – 
адамның әлеуметтік өміріндегі рөлі 
мен тіршілік еткен ортаның негізгі 
факторларының бірі екендігін жоққа 
шығарады. Фрейдшілдер жыныстық 
қатынас пен өлім үрейін алға тартып, 
адамдардың қоғамдық өмірдегі іс-
әрекеттерін тұншықтырып тастайды. 
Сөйтіп, санасыз қылықтарға аса мән 
береді.
Олар адамдардың жасампаздық іс-
терінің бәрі де жыныстық қанағатқа 
талпынудың көрінісі деп санайды. 
Фрейдшілдердің зерттеулерінде био-
логиялық факторлардың бірсыпыра 
әдіс-тәсілдерін адамның жан дү-
ниесінің сырын түсіндіруде елеулі 
мәні болды. Ал сондай әдістердің 
теориялық құрылымы ғылыми тұр-
ғыдан сындарлы сынға төтеп бере 
алмайды. Өйткені жан дүниесінің 
сан қырлы сипат-ерекшеліктері жан-
жақты ғылыми-зерттеулер арқылы 
ғана айқындала түсетін күрделі мәсе-
ле болып саналады.
ЖАНКЕШТІЛІК
– бір іске кірісіп, 
оны орындап шығуға жанын аямай-
тын батылдық күш-қуатын, біліктілі-
гін көрсетіп, өзінің де өзгелердің 
де қолға алған ісін аянбай атқаруға 
жұмылдыру қабілеті. Ж. адам мой-
нына алған ісін орындап шығу жо-
лында алаңдамайды, бөгде нәрсе-
лерге көңіл аудармайды. Істеген жұ-
мысында әрқилы қиыншылықтар 
кездессе де, оған мойымай табанды-
лық пен батылдық көрсетеді. Қолға 
алған ісін ерік-жігерімен тынды-
рымды етіп орындап шығуға жұмыл-
дырады. Ж. адам мінезіндегі ерік-
жігермен, қайрат-қажырлықпен бай-
ланысты ұнамды әрі іскерлік қасиет 
болады. Әлемдегі бұрын-соңды қа-
наушылық пен отаршылдықты ба-
сынан кешірген халықтардың ер-
кіндігі мен азаттығы жолындағы 
күресі. 
Жанкештілік демократиялық 
қозғалыс 
деп аталады. Ж. жеке бас 
пен тұтас бір халықтың азаттығы мен 
бостандығы үшін жан-тәнімен, шын 
ықылас-ынтасымен, адал ниетімен 
жүргізетін күресі.
ЖАНСЕБІЛДІК
адам мінезінің
ерік-жігерінің итжандылық, көн-
бестілік, төзімділік қасиеттері. Қа-
зақ халқы бірнеше ғасыр бойы үс-
темдік еткен өктемшіл жүйе мен 
өзге халықтың ықпалында болып, 
отаршылдық саясатқа көнбістілікпен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет