205
шыдап келді.
Әр алуан қысым жа-
сауға, кемсітушілікке шыдап бақты.
Әлеуметтік өмірдің заңы мен қағида-
сы сондай екен деген сенімде болды.
Ж. қаншалықты ұнамды әрі жағым-
ды мінез қасиеті болғанымен, сырт
тараптан әділетсіздік пен қысым
көрсетілген жағдайға қарсы серпіліс
туғызатыны табиғи және әлеуметтік
факторлар болып табылады. «Өтірік
қанша жансебіл болса да, өсіп- өр-
кендейтін тек шындық қана» деп сол
шындық күресінің ұранын көтерді.
Ж. мінездің ерекше қасиеті ретінде
ерік-жігер деп аталатын психикалық
үрдістермен тығыз байланысты түр-
де дамиды. Осы орайда «Ерік – мінез
жотасы» деген мәтел қалыптасқан.
Ж. мінез бен ерікті әрекеттің қасиеті
ретінде
адамда туа пайда болатын
жоғары жүйке қызметінің типтерін
білдіретін темпераменттің флегматик
түрімен төркіндес екенін атап көрсе-
ту орынды болмақ.
ЖАНУАР ДАҒДЫЛАРЫ –
Жа-
нуарлардың өмірін бақылау көр-
сеткендей, тек туа біткен қылық-
тарының түрлері – инстинктеріне
негізделе отырып, олар өзгерген
ортаға бейімделе алмайды.
Жануар-
лар қылықтарының туа біткен түр-
лері өмірге жаңа келгеннен кейін
қалыптасқан дағдылармен толық-
тырылады. Дағдылар деп көптеген
қайталаудың және бекітудің нәти-
жесінде жануарлардың жеке тәжі-
рибесінде
қалыптасатын іс-әрекетін
айтады. Жануарларда дағдыны қа-
лыптастыру күнделікті өмірдің та-
биғи жағдайында, сонымен қатар
арнаулы, үйрету арқылы іске асады.
Бақылаулар көрсеткендей,
дағдыны
қалыптастыруға қабілеттілігі жоға-
ры сатыдағы жануарларда ғана емес,
төменгі сатыдағы жануарларда да
болады. Бірақ неғұрлым ағза күрде-
лі болып келсе, соғұрлым жануар-
лардың жүйке жүйесі дағдыны қа-
лыптастыруға
жоғары деңгейде қа-
білетті дамығандығын аңғаруға бо-
лады. Мәселен, үйретілген ит адам-
ға аяғын береді, есікті табанымен
немесе тұмсығымен ашады,
билей-
ді, артқы аяғымен жүреді т.б.
Жануарлардың осындай іс-әрекеті
дағдылар деп аталады. Дағдының
жүйке – физиологиялық қызметі
шартты рефлекс болып табылады.
Дағдыны қалыптастыру жануарлар-
да шартты рефлексті немесе шартты
рефлекстердің жүйесін қалыптасты-
ру болып табылады.
Жануарларда
дағдылар соқыр сезімнің негізінде,
жаңа іс-әрекетті бірнеше рет қайта-
лау (инстинктерден айырмашылығы)
арқылы қалыптасады, оның көмегі-
мен жануарлар белгілі бір қажеттілі-
гін қанағаттандырады. Жаңа іс-әре-
кетті
қалыптастыру және бекіту ең
алдымен жануарлар өмір сүрген бар-
лық жағдайларға байланысты. Мә-
селен, итке ас беретін ыдысы (итая-
ғы) ішіндегі тамағымен есігі жабық
бөлмеге орналасқан. Оны көрген ит,
итаяқтағы тамақты ішу үшін аяғымен,
тұмсығымен есікті ашудың әрекеті-
не кіріседі, ол бұл орайда бірнеше
кездейсоқ қозғалыстар жасайды.
Осы кездейсоқ қозғалыстардың нә-
тижесінде ит есікті ашады.
Осы іс-
әрекет бірнеше рет қайталанады. Со-
дан кейін ит қателеспей ылғи аяғы-
мен, тұмсығымен есікті ашатын бо-
лады. Жануарларда дағдылардың
қалыптасуы ата-енелерінің «үйретуі»
Достарыңызбен бөлісу: