Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет211/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ЖАНЖ
ЖАНҚ


203
ден, тіршіліктен рақаттанып ләззат 
алуды көздейді. 
Жан аярлық 
– жа-
нын қинамай, азапты бейнет көрмей 
қызықты өмір сүруді мақсат тұту. 
Жан аярлықтың ұнамсыз ерекшелі-
гі – аярлық. Аярлықтың бірнеше 
мағынасы бар: қулық-сұмдық, за-
лымдық, айлакерлік. Ж.қ. мінездегі 
өзіндік ерекшелік. Осы ерекшеліктің 
бір сипаты – аяршылық. Ж.қ. адам 
мінезіндегі көбінесе ұнамсыз сипат 
ретінде менмендік пен эгоистікті 
білдіретін болғандықтан ондай пен-
делерді былайғы адамдар сый-құр-
мет тұтпайды. Оған сын көзімен қа-
райды. Ж.қ. ұғымымен іргелес 
жаны 
құмар (құштар) 
дейтін түсінік бар.
Бұл түсініктің мәні ынтызар, ынтық 
болу, жаны құштар дегенді білдіреді. 
Ж.қ-тың тағы бір ерекшелігі – сү-
йікті, қадірлі, қымбатты деген адам 
мінезінің бағалы жақтарын білдіретін 
атау-түсініктері де бар. Адамның 
даралық психологиялық сипат-ерек-
шеліктерін білдіретін мінездің қа-
сиеттері мен сан қырлы сапалары 
жан жүйесінің құпиясы мол, әрі әр 
тарапты болатындығына айқын көз 
жеткіземіз.
ЖАН САҚТАУ
– тіршілік етіп өмір
сүру, күнелту. Адам сан қилы әреке-
ті арқылы тіршілік етуге бейімделіп, 
өзін сақтайды. Қажетті заттар өн-
діреді, пайдасына жаратады. Ж.с.
түсінігінің синонимі ретінде қолда-
нылатын сөз тіркестері «жан сауға-
лады», «жан сауғалаушылық», «жан 
саялады» дейтін ұғымдар. Жан сау-
ғалау – қауіп-қатерден аулақ болып 
қашқалақтау, жеке басын қорғау. Жан 
сауғалаушылық, жан сақтаушылық, 
амалдап күнелтушілік. Жан саялау-
дың мәні де жан сауғалап қорғану 
әрекетін білдіреді. Психологиялық 
тұрғыдан 
Ж. 
с. ұғымы адамның әр 
алуан әрекеттері арқылы белгілі 
іс-қимылдарын білдіреді. Мұндай 
әрекеттердің физиологиялық негізі 
жоғары жүйке қызметіндегі қорға-
ныс рефлексіне байланысты.
ЖАН СЫРЫ.
Бұл сөздің психоло-
гия тұрғысынан алғанда бірнеше 
мағынасы бар: 1. Ж.с. – психология-
лық процестердің мән-жайын, адам-
ның даралық психологиялық сипат-
тарының ерекшеліктерін ғылыми 
тұрғыдан баяндай отырып түсіндіру-
ді білдіреді. 2. Адамның психикалық 
күй-жайы болып саналатын зейіннің, 
сезім мен эмоцияның, ерік-жігер қа-
сиеттерінің сипат-ерекшеліктерін 
бейнелеуді де жан сыры деп атай-
мыз. 3. Жан сырының тағы бір ма-
ғынасы, адамның басынан кешкен 
оқиғалардын санада қалған бейнесі 
мен ізінің мазмұнын пайымдап білу 
ерекшеліктері. Ж.с. біздің сана-се-
зіміміздегі болмыстың бейнесі. Он-
дай бейнелердің негізі – шындық 
пен ақиқат. Жан сырының сипат қа-
сиеттерін қазақ халқының ақын-
жазушылары өз туындыларында жан-
жақты көркем сөзбен, поэтикалық 
тілмен де бейнелейді. Ж.с. тек пси-
хикалық процестер емес, тіршілік ету 
бейнесінің өзге түрлері арқылы да 
нәзік сезім күйлерімен қарым-қаты-
нас жасаудың алуан тәсілдері арқы-
лы да көрініс беріп отырады.
ЖАН ТАЛДАУ
– психология ғы-
лымында бұл ұғым 
психоанализ 
деп 
те аталады. Психоанализ гректің псю-
хэ – жан. анализ – талдау деген екі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет