Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет219/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ЖАСД
ЖАСД


211
дағы жаңа қажетсінулерін елемейтін 
болса, асқынып кетуі, керісінше дұ-
рыс тәрбиеленсе, бәсеңсуі мүмкін. 
Ересек кездегі және жас ұлғайған 
кездегі жас дағдарыстары анағұрлым 
аз зерттелген. Мұндай бетбұрыс ке-
зеңдердің балалық шақтағыдай емес,
елеулі өзгерістерсіз болатыны белгі-
лі. Мұндай кезеңдердегі сананың ма-
ғыналық құрылымдарының қайта 
құрылуы, жаңа өмірлік міндеттерге 
бағдарлану, қарекет пен қарым-қаты-
настар сипатының алмасу процесте-
рі тұлғаның дамуының бұдан арғы 
барысына зор ықпалы болды.
ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ КОН-
 
ЦЕПЦИЯСЫ – 
баланың жасына 
сәйкес даму заңдылықтары. Баланың
өсіп-жетілуі анатомиялық, физиоло-
гиялық және психологиялық ерекше-
ліктеріне қарай мынадай кезеңдерге 
бөлінеді:
нәрестелік немесе бал бөбектік жас –
туғаннан 1 жасқа дейін;
бөбектік жас – 1 жастан 3 жасқа 
дейін;
мектеп жасына дейінгі кезең – 3 
жастан 6 (7) жасқа дейін;
төменгі сынып жасындағы балалар – 7 
жас пен 10-11 жас аралығы;
жасөспірім -14-15;
балаң жас – 17-18 жасқа дейін.
Жастық кезең – 18-23 жас арасы.
Оның өзі үшке бөлінеді:
алғашқы жастық (18-20),
ортаңғы жастық (22-25),
кемелдену жасы (25-60),
егде жас (60-70),
қарттық, кәрілік жас (70-тен әрмен 
қарай).
Адамның жас кезеңдерінің мазмұны
белгілі физикалық, психофизиоло-
гиялық, психологиялық, әлеуметтік 
өлшемдермен белгіленеді. Бұлар ар-
найы жүргізілген зерттеулер нәтиже-
сінде дәлелденген. Мәселен, жас мөл-
шерінің деңгейі, басында әрекет, ойын, 
оқу, еңбек т.б. түріне байланысты 
Д.Б.Элькониннің осы аттас концеп-
циясында сөз болады.
ЖАС ПСИХОЛОГИЯСЫ – 
адам 
психикасының дамуын және оның 
жас тұрғысынан әртүрлі кезеңдерде-
гі ерекшеліктерін зерттейтін психо-
логия саласы. Бала психологиясын, 
ересек адамның жекелей дамуы пси-
хологиясын және геронтолгиялық 
психологияны (қарттық психология-
сын) қамтиды. Бала психологиясын-
да жас тұрғысындағы дамуды қа-
зіргідей кезең-кезеңге бөлуге сәйкес 
біршама дербес бөлімдер санатында 
мектеп жасына дейінгі баланың, кі-
ші сыныптардағы балалардың, жет-
кіншектердің және т.б. психология-
сы сараланады. ХІХ ғасырдың ая-
ғына дейін жас тұрғысындағы даму
кезеңдеріне тән ерекшеліктер ғалым-
дардың назарына іліге қоймады. Атап 
айтқанда, балаға «кішкентай ересек 
адам» деп қарау, оның «қалыпты 
ересек адамнан» ерекшелігі дене кү-
шінің толыспағандығында және тә-
жірибесінің жеткіліксіздігінде ғана
деп білушілік көбірек тарады. Осыған
орай, оқыту мен тәрбиелеу жөнінде 
балалардың даму ерекшелігі ескеріл-
мейтін нұсқамалар ұсынылды.
ХІХ ғасырдың аяғында Ч.Дарвин 
теориясының ықпалымен эволюция-
лық идеялар психологияға да тара-
ды. Жас психологиясы қалыптаса 
бастап, ХХ ғасырдың ортасына қа-
рай дербес сала болып шықты. Ол жал-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет