212
пы психологиямен тығыз байланыс-
та дамыды:
психиканың кез келген
теориясы психиканың онтогенезде
дамуын талдау қажеттігіне тап бо-
лып отырды. Жас психологиясының
негізгі әдістері – бақылау мен экспе-
римент. Зерделенетін объекттің тән
ерекшелігі дамудың бастапқы кезең-
деріндегі бақылаудың жетекші рөл-
де болуын анықтайды. Табиғи экспе-
римент балаларға жарамайтын лабо-
раториялық
эксперименттен едәуір
жиі пайдаланылады. Баланың пси-
хикасының дамуын зерттеуді көлденең
жарма деп аталатын әдіспен жүргізуге
болады; мұнда зерттеуші психика-
ның қалыптасуының сол сәттегі пси-
хологиялық ерекшеліктерін білуді
көздейді. Бірнеше мәрте қайталана-
тын
мұндай жармалар біршама көп
сыналушылар туралы мәлімет алуға
жағдайлы.
Енді бір жағдайда сол бір сыналу-
шының өзін едәуір ұзақ уақыт бойы
да (кейде бірнеше жыл) зерттеу жүр-
гізіледі, оның психикасындағы өзге-
рістер дәйекті түрде тіркеліп отыра-
тын бұл әдіс – бойлық зерттеу деп
аталады. Адамның психикалық да-
муы оқыту мен тәрбиелеу барысын-
да жүретіндіктен, жас психология-
сының мазмұны педагогикалық пси-
хологияның
мазмұнымен тығыз ас-
тасады, тарихи дамуда олар бір-бірі-
нен ажырағысыз. Жас психологиясы
мен педагогикалық психологияның
нақты бірлігі зерттелетін объекттің ор-
тақтығымен байланысты; бұл объект –
дамушы және онтогенезде өзгеруші
адам. Жас психологиясында ол жа-
сына орай дамуының динамикасы
мен заңдылықтарында көрінсе, педа-
гогикалық
психологияда педагогтің
мақсаткерлікпен әсер-ықпал етуі про-
цесінде оқитын және тәрбиеленетін
адам ретінде көрінеді.
ЖАСөСПІРІМДЕР ПСИХОЛОГИЯ-
СЫ –
Жасөспірімдер дене бітімінің
қалыптасуында кейбір айрықша бай-
қалатын анатомиялық – физиология-
лық ерекшеліктеріне қарай өтпе дә-
уірдің балалары деп те атауға болады.
Бізде
төртінші сыныптан бастап ба-
лаларға жалпы білімнің негіздері оқы-
тыла бастайды. Енді бастауыш сы-
ныптардағыдай сабақты бір мұғалім
бермей, қатарынан бірнеше мұғалім
оқытатын болады. Бұл айтылғандар
балалардың оқу мотивтеріне әсер етіп,
оларды
жаңа жағдайға бейімдеуге
мәжбүр етеді.
Жасөспірімдік кезеңнің негізгі бір
ерекшелігі – жыныс мүшелерінің же-
тілуі. Осыған қоса бала организмінің
бұл кезеңдегі жеделдетіле өсуі оқу-
шының жоғары жүйке қызметіне де
тиісінше әсер етеді. Мәселен, өздері-
не бұрынғыша бала деп қарағандарға
осқырына қарайды, тез әсерленгіш,
қозғыш, импульсивті келеді.
Бұл от-
басы мен мектептің оған жасайтын
қарым-қатынасын қиындатады. Оқу-
шы басында туындайтын кейбір кө-
мескі ойлар да (жыныс мүшелерінің
жетілуіне орай) бұған қосымша се-
беп болады. Жас жағынан алып қа-
рағанда
бұлар балалықтан ересектік
дәуірге ауысудың аралық кезеңінде
тұрады. Жасөспірімдер енді біз бұ-
рын санаса бермейтін кішкене бала
емес, әйтсе де оның қоғамдағы жағ-
дайына қарап, үлкендер оны әлі де
бала санайды. Ал
бала болса есей-
гендігін айтып, өзін жеке адам ре-
тінде көрсетуге тырысады, кейде өзім-
Достарыңызбен бөлісу: