Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет217/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ЖАРНАМА ПСИХОЛОГИЯ-
 
СЫ 
– психология ғылымының қол-
данбалы салаларының бірі. Жар-
нама көрер-мендердің, алушылар-
дың, және қатынасушылардың зе-
йіндері мен қызығушылықтарын зат-
тарға, шара-ларға, дәстүрлерге, шығар-
маларға, т.с.с. аударып, кең өрісті 
әйгілі ету мақсатымен қолданыла-
тын хабарлау жолы.
Ж.п. эргономиканың, физиология-
ның, эстетиканың және этникалық 
нормалардың мүмкіндіктерін ескере-
ЖАРА
ЖАРН


209
ді. Жарнама хабарлайды, түсіндіре-
ді, сендіреді. Олай ету үшін жалпы-
ға ақпарат үрдісінің функциясы, нұс-
қасы және адамдардың білім деңгей-
лері мен кімдерге арналғанын жан-
жақты қарастырады. Ж.п. жарнама-
ның әртүрлі әлеуметтік функция-
ларының механизмдері мен заңды-
лықтарын зерттейді.
ЖАС – 
адам дамуының кезеңі,
 
ор-
ганизм мен тұлға қалыптасуына тән 
сипатты заңдылықтар жиынтығымен 
сипатталады. Жас – дамудың белгілі 
бір сатысындағы тұлға құрылымының 
өзіндік ерекшелігін анықтайтын бір-
қатар өзгерістер тән болатын сапа-
лық тұрғыдан ерекше кезең болып 
табылады. Педагогикалық тәжірибе, 
психологиялық бақылаулар, меди-
циналық практика эмпириялық не-
гіздерде әр түрлі жас кезеңдерін са-
ралайды.
Жасқа орай дамуды кезеңдерге бөлу-
дің қазіргі варианттары шартты түр-
де алынған, өйткені әрбір көзқарас 
тұрғысына тән критерийлерге негіз-
делген. Жастың психологиялық си-
паттамасы тәрбие мен дамудың нақ-
ты тарихи жағдайларына, қарекет 
пен қарым-қатынас ерекшеліктеріне 
орай анықталады. Жас шекаралары 
өзгермелі және әр түрлі әлеуметтік-
экономикалық жағдайларда бір-
дей болмайды. Әлеуметтік орта эле-
менттерінің балаға ықпалының си-
паты оның бұдан бұрынырақта да-
мыған қандай психологиялық қа-
сиеттерден өтіп қабылданатынына 
байланысты. Осы ішкі және сыртқы 
жағдайлардың жиынтығы жастың 
ерекшелігін анықтайды, ал бұлардың 
арасындағы қатынастың өзгеруі жас 
тұрғысындағы келесі кезеңдерге өту-
дің қажеттілігі мен ерекшеліктеріне 
себеп болады. Жас тұжырымы ғы-
лымның даму барысында елеулі өз-
герістерге ұшырап отырды. Ассо-
циацияшылар бұл дамуды таза сан-
дық өзгерістерге сайады. Бихевио-
ризм шеңберіндегі зерттеулерде ма-
шықтар мен дағдылардың қалыпта-
суы ғана есепке алынады. Фрейдизм 
мен неофрейдизм өкілдері тұлғаның 
түрткі себеп-эмоция тұрғысында-
ғы эволюциясын ғана негізге алып 
жас кезеңдерін саралауға әрекеттен-
ді. Отандық ғылымда баланың төл-
құжаттық жасы оның нақты даму 
деңгейінің критерийі бола алмайты-
ны көрсетіледі: бұл деңгейді анық-
тау үшін баланың психологиялық 
жағдайына, тұлғалық сипаттамала-
рына, осының өзінде нақты бары ға-
на емес, толысу кезеңінде, таяудағы 
даму айғағы деп аталатын да сипат-
тамаларға талдау жасау керек бо-
лады.
Жалпы организмнің және атап айт-
қанда, жүйке жүйесінің толысуы, 
стадиялық сипатта болады, жаңа пси-
хологиялық құрылымдар түзбей, әр-
бір жас кезеңінде жаңа тәжірибені 
игеру үшін, жаңа қарекет әдістерін 
меңгеру үшін, жаңа психологиялық 
процестер қалыптастыру үшін айрық-
ша алғышарттар жасайды. Осымен 
қатар кері байланыс та байқалады: 
баланың өмірі мен тәрбиесі жағдай-
ларына орай организмнің белгілі
бір жүйелерінің, ми құрылымдары-
ның қарқынды жұмыс істеуі ми био-
химиясына, жүйке құрылымдары-
ның морфогенезіне, ми қабығының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет