215
ды.
Кез келген міндетті орындау
еріктік қасиеттер мен күш-жігерді –
табандылықты, ынтаны, батылдық-
ты, шыдамдылықты талап етеді. Ал
міндеттер, яғни шартсыз түрде орын-
далуға тиісті әрекеттер рөлдік функ-
цияларды орындауға байланысты
ажыратылады: қызметтік, отбасылық,
азаматтық қоғамдық, және т.б. Пси-
хологияда тұлғаның жауапкершілік
қасиетін анықтайтын субъективтік
қадағалау деңгейі ұғымы бар.
ЖАУЛАСУШЫЛЫҚ
– екі адамның
бірімен-бірінің, не
екі жақтың дұш-
пандық, жаулық жағдайда болып
қалыптасуы. Ж. екіжақты қастандық
әрекет ретінде шабу, шауып алу,
жаулап алып бір елдің өзге елді отар-
лауы сияқты әрекеттері арқылы жү-
зеге асып жатады. Ж. тек екі мем-
лекет не
екі тайпа арасында ғана
емес, сонымен қатар жеке адамдар
арасында да болып жататын әрекет.
Ж. халықтардың біріне-бірінің айдап
салу, өшіктіру, жау етіп, дұшпан етіп
көрсету нәтижесінен де байқалады.
Осы орайда «Жауластырмақ жаушы-
дан, елдестірмек елшіден» дейтін ма-
қалда терең ойдың мәнін тұжырым-
дап берген.
Ж.-тың өршіген көрінісі жаугерші-
лік-соғыс жағдайымен бірімен-бірі
қырып-жою әрекеттерімен ұштасып
жатады. Ж. жеке адамдар арасында-
ғы кереғарлық
қатынастан бастап
екі мемлекет, екі халық, не қоғамдық
саяси-экономикалық қатынастағы ел-
дер мен мемлекеттер арасында бо-
лып отыратын әлеуметтік жағдай,
қоғамдық құбылыс болып саналады.
Дүниежүзі халықтарының біздің ға-
сырымыздағы жағдайларды келешек-
те де бейбіт жолмен,
ақыл-санамен
шешіп отыруды игі мақсат етіп ұстанады.
ЖЕК КөРУ
– тілімізде жеккөрініш-
ті, жексұрын, сүйкімсіз дейтін атау-
лармен қолданыла береді. Ж.к. сүй-
кімсіз, мінез-құлқы мен іс-әрекеті жа-
ғымсыз адамға қатысты білдіретін
көңіл күйі. Ж.к. негізінен, адамның
оғаш қылықтарын, дөрекі мінезі мен
жүріс-тұрысының да жексұрын қи-
мыл-қозғалыстарын білдіреді. Ж.к.
адамның ұнамсыз, тартымсыз, қы-
лықсыз, жағымсыз түр-сипатынан, іс-
қимылынан,
сөйлеген сөзінен, өзге
адамдармен жағымсыз қарым-қаты-
насынан да көрініп тұрады да ма-
ңындағылардың ж.к. сезімін тудырады.
Ж.к. адамның өзге адамдарға деген
көніл күйінің қатынасын білдіретін
сезімі. Ж.к. сезімінің туындауы ең ал-
дымен жеке басындағы кісілік қасиет-
терінің жоқтығы; екіншіден, маңын-
дағы
адамдарға жағымсыз мінез-
құлқының ұнамсыз жақтарымен көз-
ге көрінуі; үшіншіден, өз басының
әлеуметтік орны мен азаматтық бо-
рышына немқұрайды қарап, қарым-
қатынас
жасаудағы жағымсыз, оғаш
әрекеттеріне байланысты болып оты-
рады. Ж.к. сәбилер мен бүлдіршін-
дердің өмірінен айқын байқалып
отырады. Ойын үстінде балалар бірі-
не-бірі дөрекілік жасап, құрбысына
әділетсіз әрекет жасаса, оны өзгелері
жек көріп, оған жиіркенішті сезіммен
қарайтын болады.
Ондай құрбыларымен бірлесіп ой-
нағысы келмей тартыншақтық көрсе-
теді. Ж.к. мінездің өзіндік ерекшелі-
гін білдіретін
сезіммен тығыз бай-
ланысты психологиялық күй. Ж.к.
сезімі адамды дұшпанға, қаскөйлердің
Достарыңызбен бөлісу: