Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет221/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ЖАСө
ЖАСө


213
шілдікке салынып, дөрекілік мінез 
де көрсетіп қояды. Бұлардың «үлкен 
кісі» болып көрінуі кейде қате, жал-
ған жолмен кетуі де мүмкін (мәсе-
лен, кейбір осындай балалардың шы-
лым тартуы, үлкендермен қарсыла-
суы т.б.).
Мектеп пен отбасында жасөспірім-
дерге тиянақты тәрбие берілуі тиіс. 
Олардың ересек болуға ұмтылуын 
ретті жерде қолдап, кейбір балалық 
эмоцияларын ар-намыс, абырой, бо-
рыш, ұят, жауапкершілік секілді жо-
ғары сезімдерге айналдырып отыру
керек. Жасөспірімдердің дербестілік-
ке ұмтылуын да қолдап, мінез бен 
ерік сапаларының ұнамды бітісте-
рін қалыптастыруға жәрдемдесіп, бұ-
ларды құр босқа қиқарлықтан, желөк-
пеліктен ажыратып отыру қажет.
Әрбір мұғалім, әсіресе сынып жетек-
шілері жасөспірімдердің жеке ерекше-
ліктеріне тән бейімділіктеріне қарай 
оларды түрлі қоғам жұмыстарына 
тартып, қоғамдық пайдалы еңбекке 
қызу араластырып отырғаны мақұл. 
Бұл жастағы балалардың оқу әрекетін 
еңбекпен дұрыс ұштастыру арқылы 
ғана оларды еңбексүйгіштікке, тәртіп-
тілікке, талапкерлікке, ұжымдыққа т.б.
қасиеттерге тәрбиелеуге болады.
Жасөспірімдердің аяқ-қолдарының 
тездетіле өсуі, бұлшық еттерінің қа-
таюы олардың дене еңбегіне құмар-
туларын тудырады, яғни бала жалпы
еңбек энтузиазымының әсеріне оңай
елігіп, ұжым арасында бар ықыла-
сымен жұмыс істейді. Осы жаста-
ғылардан өз шамасын асыра баға-
лайтын, сондай-ақ әркез үлкендермен 
парапар әрекеттенуге тырысатын 
жайттарды жиі байқауға болады. 
М.Горький «Кісі есігінде» атты шығар-
масында бұл жөнінде былай деген еді: 
«Кейде жеткіншектер ақымақтықпен 
жігіттік көрсетем деп, ересек адам-
дардың күшін күндеп, өздерінің бұл-
шық еттері мен сүйектеріне тым ауыр 
келетін жүктерді көтеруге тырысады 
және көтереді де... Мен де осылар-
дың бәрін өз мағынасында дене 
күшімен де, рухани да істедім. Сөйтіп 
тек қана кездейсоқ жағдайлар себеп-
ті өлімге соғатын шалдығудан сақ 
қалып, бүкіл өмір бойына мүгедек 
боп қалмадым». Жасөспірімдердің іс-
әрекет үстінде тез қимылдаймын деп
осылайша босқа шаршап қалатын-
дықтарын ескеріп отырмаса болмайды.
Ортаңғы сынып оқушыларының ара-
сында көркем әдебиет, спорт, шах-
мат, техникамен шамадан тыс көп 
әуестенушілік кейде сабақ үлгірімін 
төмендетуге себепкер болады. Тәр-
биешілер, осындай бір жақты шұғыл-
данушылыққа жол бермей, оларға
ақыл-ой және дене еңбегін қалайша
тиімді етіп пайдалануға болатынды-
ғын, сондай-ақ қол бос уақытты дұ-
рыс пайдалану керектігі жөнінде 
ақылға қонымды кеңестер айтып оты-
руы өте қажет жайт.
Осы жастағы балалардың қызығуы 
мен әуестенушілігі де күшті болады.
Әсіресе олар көркем әдебиетке, сая-
си-қоғамдық мәселелерге, саяхат, фан-
тастикаға әуес келеді, шытырман оқи-
ғаға толы, қиыншылықты жеңуде 
өзін-өзі тәрбиелеуде түрткі болатын 
кітаптарды көп оқиды.
Жасөспірімдердің психикалық про-
цестері дамып, күрделене түседі. Ой-
лауында заттардың себеп-салдарлық 
байланыстарын ажырататын көрініс-
тер, абстрактілі ұғымдар, еске сақ-
тауында логикалық-мағыналық прин-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет