Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет208/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ЖАНАСУ, ҚЫСЫМ ТҮЙСІК-
ТЕРІ
. Осы түйсіктер өзара өте тығыз
байланысты. Қысым қатты жанасу 
болып табылады. Ауырсыну түйсі-
гімен салыстырғанда, жанасу мен 
қысым түйсіктерінің салыстырмалы 
нақты локализациясы болады. Бұл
көру мен бұлшық ет сезімінің қаты-
суымен, олардың негізінде жиналған 
тәжірибемен байланысты. Қысым 
рецепторларының өзіне тән ерек-
шеліктерінің бірі – олардың бейім-
делгіштігі. Сондықтан біз қысым-
ның өзін емес, көбінесе оның өзге-
руін сезінеміз. Жанасу мен қысымға 
сезгіштіктерінің түрлі бөлімдерін-
де әртүрлі болады.
ЖАНАШЫРЛЫҚ
– адамның ет
жақын туған-туысқандарына, жа-
қын, тілектес, ниеттес, сыйлас, құр-
меттеуші адамдарға ниеттестігі мен 
тілектестігін білдіретін көңіл күйі. 
ЖАН
ЖАНА


201
Ж. көңіл күйі оқыс істер мен қайғы-
қасіретке душар болған адамдарға 
деген ішкі сезім күйінің қатынасы. 
Ж.- адамгершілік қасиетті білдіретін 
жан дүниесінің тебіренісі. Қазақ 
халқында «Мал ашуы – жан ашуы» 
деген нақыл сөз бар. Орынсыз зиян 
шегіп, шығынға ұшыраған адам жа-
нашырлық күй кешеді. Ж. есіркеп-
мүсіркеуді де білдіретін жайт. Ж. тек 
жақын туыстарға ғана емес, жалпы 
халық бұқарасының басынан кешіре-
тін қиыншылықтары мен қасіретті 
істеріне аяугершілік білдіруімен бір-
ге, олардың ұнамды істері мен шат-
тық сезімдеріне де көңіл күйінің қа-
тынасын білдіретін жан жүйесінің 
тебіренісі деп пайымдауымыз қажет.
ЖАН БЕРУ
– жантәсілім берді, өлді 
деген мағынада, жаны жай тапты, 
рақаттану мәнінде, не өлді деген күй-
де, жан тапсырды – қайтыс болды, өл-
ді дейтін мәнде, жан берді, қарғалды, 
ант ішті деген әртүрлі жағдайларды 
білдіретін сөз тіркесі. Психология-
лық тұрғыдан қарастырғанда, жан 
беру – адамның тіршілік бейнесі мен 
даму процесінің тоқтап, өмірінің аяқ-
талуы. Биологиялық және діни на-
ным тұрғысынан да ол осындай ма-
ғынаны білдіреді. Ал ант ішіп, қарға-
ну – адамның халыққа, көпшілік ал-
дында мойнына алған міндеті мен 
болған іске қатысы жоқ екендігін 
білдіретін сенім сөзі. Берген уәдесі 
мен антын орындамайтын болса, ол
адам екі дүниеде бірдей тыным тап-
пайды. Құдай оның жазасын ертелі-
кеш береді деген сенімде болады. 
Ж.б. – жантәсілім ету ізсіз, түссіз ке-
тетін қарапайым процесс емес. Ол 
құбылыс өзгелердің сезімі мен сана-
сезіміне күшті әсер етіп, жан дүние-
сін тебірентерлік күйге түсіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет