Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев


т.б.) туралы  теориялар қалыптасты. Қазіргі кезде  әлемде психологияның 40-тан астам  саласы бар. Олардың



Pdf көрінісі
бет478/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   474   475   476   477   478   479   480   481   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

 
т.б.) туралы 
теориялар қалыптасты. Қазіргі кезде 
әлемде психологияның 40-тан астам 
саласы бар. Олардың
 
бастылары: 
психофизиология, зоопсихология, са-
лыстырмалы психология, әлеуметтік 
психология, балалар психологиясы, 
педагогикалық, психология, жас ерек- 
шелігі психологиясы, еңбек психоло-
гиясы, шығармашылық психологиясы, 
медициналық психология, патопсихо-
логия, нейропсихология, инженерлік 
психология, психолингвистика, этно- 
психология, практикалық психология, 
дифференциалды психология, әскери 
психология, спорт психологиясы, 
эксперименттік психология, үкімет 
немесе билік психологиясы 
және т.б.
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОз 
(грек. 
diagnosis – 
танып білу) – дә-
рігердің жеке адамның даралық-
психологиялық ерекшеліктерінің мә-
нін сипаттап, анықтауға бағытталған 
ПСИХ
ПСИХ


454
қарекетінің түпкілікті нәтижесі; бұл 
ерекшеліктердің белгілі бір уақыт
үшін мәнді жай-күйін бағамдау, одан
әрі дамуын болжау, психодиагности-
калық қараудың міндеттеріне орай-
лап нұсқамалар белгілеу мақсатымен 
жүргізіледі.
П.д.-дың пәні – қалыпты күйдегі, 
сондай-ақ патологиядағы даралық-
психологиялық айырмашылықтарды 
анықтау. Педагогикалық диагноздың 
аса маңызды элементі – әрбір нақты 
жағдайда қаралушының мінез-құл-
қында белгілі бір көріністердің нелік-
тен байқалағынын, олардың себепте-
рі мен салдары қандай қажетті екен-
дігін анықтау. Психодиагиостиканың 
құралдары арқылы белгілі бір да-
ралық-психологиялық ерекшелік-
терді анықтаған зерттеуші дегенмен,
олардың себептерін, жеке тұлғаның 
құрылымындағы орнын тікелей көр-
сете алмайды. Бұл деңгейді Л.С. Вы-
готский нышандық (немесе эмпи-
риялық)
 
диагноз деп атайды; ол бел-
гілі бір ерекшеліктерді не нышандар-
ды көрсетумен шектеледі, осылардың 
негізінде тікелей практикалық қоры-
тындылар жасалады. Выготский мұн-
дай диагноздың анығында ғылыми 
емес екенін, өйткені нышандарды 
анықтағаннан диагноз өздігінен жа-
салмайтынын атап көрсетті.
Педагогикалық диагноздың дамуын-
дағы екінші кезең этнологиялық диа-
гноз болып табылады; мұнда тек бір 
тұлғаның белгілі бір ерекшеліктері-
нің болуы ғана емес, неден болған 
себептері де ескеріледі. Ең жоғары 
деңгей – типологиялық диагноз, ол 
алынған мәліметтердің жеке тұлға-
ның тұтас, динамикалық бейнесінде-
гі орны мен маңызын анықтауға сая-
ды. Диагноз болжамдаумен ажыра-
ғысыз байланысты. Выготскийше 
болжам мен диагиоздың мазмұны 
ұқсас, алайда болжам даму процесінің 
өздігінен ілгерілеуінің ішкі қисынын 
терең білуге, өткені мен қазіргісінің 
негізінде даму жолын анықтауға жет-
кізеді. Болжамды жекелеген кезең-
дерге бөлу, осы арқылы ұзаққа созы-
латын қайталама бақылаулар жасалу
ұсынылады. Психологиялық диагноз
теориясын дамыту отандық психо-
диагностиканың маңызды міндет-
терінің бірі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   474   475   476   477   478   479   480   481   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет