ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ УАҚЫТ –
адамның психикасында оның өмір-
лік жолының оқиғалары арасындағы
уақыттық қатынастар жүйесінің бей-
нелеуі. П.у.-қа өмірдегі әр алуан оқи-
ғалардың бірмезгілдігін, кезектесуін,
ұзақтығын, өту жылдамдығын, олар-
дың қазіргіге қатыстылығын, өткен-
ге және болашаққа карай қашықта-
уын, уақыттың тығыздығы мен со-
зылыңқылығын, үзіктілігі мен үздік-
сіздігін, шектеулігі мен шектеусізді-
гін сезінушілікті, жасты, жасқа қа-
тысты кезеңдерді (балалық, жастық,
кемел жас, қарттық) ұғынушылықты,
өмірдің ықтимал ұзақтығы туралы,
өлім мен мәңгі жасаушылық туралы,
өз өмірінің, отбасының, қоғамның жә-
не тұтастай адамзаттың өткен ұрпақ-
тары мен келешек ұрпақтарының
өмірімен тарихи байланысы туралы
түсініктерді қамтиды. Психология-
лық уақыттың зерттеуі үшін көркем
әдебиет пен философиялық әдебиет-
те мол материал бар.
Психологияда психологиялық уақыт-
ты түсіндіруге және эксперименттік
зерттеуге қатысты бірнеше көзқарас
тұрғысын саралауға болады. «Квант-
тық» тұжырымдамаға сәйкес әр мас-
штабты субъективтік «уақыт квантта-
ры» (милисекундтан онжылдықтарға
дейін) бар; олар уақыттың әртүрлі
ұғынылуына (мысалы, бірмезгілділік-
ті бағалау, психологиялық
тұрғыдағы
қазіргіні саралау) себеп болады.
Оқиғалық тұжырымдама тұрғысынан
психологиялық уақыттың ерекшелік-
тері болып жатқан оқиғалардың ішкі
және сыртқы ортадағы, адамның іс-
әрекетіндегі өзгерістердің саны мен
қарқындылығына тәуелді. «Кванттық»
және оқиғалық көзқарас тұрғылары-
ның бірқатар іргелі проблемалары
шешілмеген, олар: психологиялық
уақыттың, қайтымдылығы мен көп
өлшемділігі психологиялық тұрғыдан
өткеннің, қазіргі мен болашақтың
реттік емес, жастық сауат санаттаудың
өлшем бірлігі.
Бұл қиыншылықтарды себептік-мақ-
саттық тұжырымдама арқылы еңсе-
руге болады; бұл тұжырымдама бо-
йынша психологиялық уақыт әнше-
йін хронологияяық аралықтар мен
уақиғаларды өздігінен алып бейнеле-