463
психология
мен медицина аралы-
ғындағы, адамдарға іс жүзінде әсер
ету әдістері мен теориялық білім-
дер саласы. П.
ауру адамдарды ем-
деу мақсатында қолданынатын пси-
хологиялық
құралдар ережелерін
қарастырады және оларды зерттейді,
сипаттайды. П. адам әртүрлі пси-
хикалық ауруға, жүйке ауруына және
т.б. эмоциялық тұрақсыздық күйіне
ұшырағанда, оның көмескіленген
ойлау жүйесі мен сана-сезімін ауызша
және әсерлі қимыл-әрекетпен ықпал
ету арқылы емдеудің жүйесі. П.
кеселге
ұшыраған адамның өзіне
және қоршаған ортасына деген дұ-
рыс
қатынасты қалыптастыруға ба-
ғытталады. Психотерапияның кли-
никалық тәсілдері – гипноз, аутоген-
дік жаттығу, иландыру, өзін-өзі илан-
дыру, зейнелі терапия.
Емші мен
аурудың өзара түсінісуі, отбасы мен
ұжымдағы сыйластық шипагерліктің
әрбір адамға деген оң ықпалын арт-
тырады. Адамдар арасындағы жа-
ғымды
мінез-құлықтар әлсіреген
адамның өзін-өзі дұрыс тануына
себепші болады.
ПСИХОТЕХНИКА
(психо. және
грек.
teсhпе
– өнер, шеберлік) –
психологиядағы
адамның психика-
сы туралы білімді еңбек іс-әрекетіне
тікелей байланысты практикалық
мәселелерді шешуге қолданумен шұ-
ғылданатын бағыт. П. терминін 1903 ж.
неміс психологі В. Штерн (1871–1938)
ұсынды. Ғылым ретінде қалыптасты-
руға әрекеттенген Г.
Мюнстерберг
болды. П.-ның негізгі міндеттері: кә-
сіптік бағдар мен кәсіптік іріктеуді
жүзеге асыру;
адамның шаршау се-
бептері мен еңбектегі жаттығу ықпа-
лын зерттеу, адамды мәшинеге, мәши-
нені адамға ыңғайластыру мүмкінді-
гін арттыру; тұтынушыға ықпал ете-
тін түрлі тәсілдердін тиімділігін анық-
тау: жұмысшыларды кәсіптік даяр-
лауда олардың психикалық қабілетін
жетілдіру және т.б. Көп жағдайда П.
«қолданбалы психологиямен» үй-
лестіріледі де, оның құрамына еңбек,
сауда психологиясын, әскери психо-
логияны енгізеді.
Достарыңызбен бөлісу: