462
сындағылардың назарын өзіне ауда-
руға тырысушылығымен сипаттала-
ды, бұл орайда оның нақты оқиғалар-
ды бағалау өзіне қолайлы тұрғыда
бұрмаланған болады, қарым-қаты-
наста театрдағыдай мәнерленушілік-
ке бейім; 8) орнықсыз психопаттар –
негізгі нышандары: көңілшектік, ке-
лелі мүдделерінің болмауы, айнала-
сындағылардың ықпалына тез бе-
рілушілік; 9) органикалық психо-
паттар – ақыл-ойының туа біткен
шектеулілігімен ерекшеленеді, жақ-
сы оқуы мүмкін, бірақ нәтижесіз,
білімді қолдану не бастама көрсету
қажет болған кезде өзін қоғамда ұс-
тай біледі
;
бірақ пайымдаулары жұрт
ығыр болған түрде болып келеді.
П-мен қалыпты мінез-құлықтары-
ның арасында анық шекара жоқ.
Психопаттардың аталған типтеріне
нормада мінез бітімі ұқсас, бірақ
патологиялық (психопаттық) көрінісі
жоқ кісілердің табиғаты үйлес ке-
леді. Аурудың немесе психикалық
жарақаттардың ықпалымен психо-
паттарда ұзаққа созылған невроздық
күйлер, сондай-ақ депрессиялар пай-
да болуы мүмкін. П.-дың профилак-
тикасында лайықты тәрбиенің, психо-
терапевтік және психофармакология-
лық емдеудің маңызды мәні бар.
ПСИХОСЕМАНТИКА
(психо...
және грек.
semantikos –
белгілеуші) –
қабылдау, ойлау, жад, шешімдер қа-
былдау процестеріне негіз болатын
мағыналардың жеке-даралық жүйе-
сінің генезисін, түзілімін және функ-
ция атқаруын зерттейтін психология
саласы. П. индивидуумдық санада
мағыналардың (бейнелер, символ-
дар, символдық әрекеттер, сондай-ақ
белгілік және вербальдық нысан-
дар) болуының әртүрлі нысандарын
зерттейді, субъектіде қалыптасатын
мағыналар жүйесіне мотивациялық
факторлардың және субъекттің эмо-
циялық күйінің ықпалын талдайды.
Эксперименттік психосемантиканың
негізгі әдісі индивидуумдық сананың
категориялық құрылымдарының
модельдік түсінігі болып табылатын
субъективтік семантикалық кеңістік-
терін құруға саяды. П. категориялану
процесінің жалпы психологиялық,
сондай-ақ дифференциалдық-пси-
хологиялық аспектілерін зерттейді.
Соңғы жағдайда психосемантика-
ның міндеті – белгілі бір индивидтің
әлем туралы түсініктерінің жүйесін
оның индивидуумдық мағыналары
мен тұлғалық мәндер жүйесін қайта
құру жолымен қайта құрылымдау
болып табылады.
ПСИХОТЕРАПИЯ
(грек.
рsусhе –
жан
+
thraреіа
– емдеу). Қысқаша айтқан-
да П. адамды (пациентті) психоло-
гиялық құралдардың ықпалымен ем-
деу дегенді білдіреді. П. – кең өрісті
мағынасы бойынша сау адамдарға
(клиенттерге) әртүрлі психологиялық
қиын жағдайларга немесе психика-
сын өңдеуге көмекті қажетсінгенде
жәрдем беруді іздейтін ғылым саласы.
Ондай көмектерді жеке-дара немесе
топты формада маман ұйымдасты-
рады. Қазіргі кезде П. адамның, тұл-
ғааралық қатынастың, топтық үрдіс-
тердің болмысына байланысты әр-
түрлі теориялық-әдіснамалық ба-
ғыттары – психоаналитикалық, нео-
бихевиористік, когнитивтік, гума-
нистік, нейролингвистикалық бағ-
дарламалау (НЛБ) және т.б. бар. П. –
Достарыңызбен бөлісу: