458
шеліктерін
зерттей отырып, психо-
логия әр түрлі зерттеу әдістерін қол-
данады.
Психиканы объективтік тұрғыдан
зерттеу жоғарғы жүйке қызметінің
физиологиялық
заңдарын білуді
ұсынады. Психологияның әдістері
психикалық құбылыстарды зерттеу-
ге объективтік тұрғыдан қарауды
қамтамасыз ету ғана емес, тұлғаның
психикалық үрдістері мен қасиеттері
не үшін және қалай пайда болады, да-
миды және өзгерістерге ұшырайды?
Психология
әдістері тәжірибемен
тығыз байланысты болуы қажет, де-
мек, практикалық міндеттерді шешу
үшін пайдалы. Мәселен, баланың
психикалық дамуын зерттеу үшін
оның психикалық дамуының негіз-
гі заңдылықтарын,
ерекшеліктерін
анықтап алу керек, жан-жақты зерт-
теудің негізінде мектеп пен отбасын-
дағы баланың оқыту және тәрбие
беру үрдісін одан әрі жетілдірудің
тиімді тәсілдерін белгілеу. Психоло-
гия ғылымында кейіннен негізгі
әдістерге бақылау және эксперимент
жатады. Сонымен қатар психология-
да жеке әдістер де қолданылады: әңгі-
ме әдісі, анкеті әдісі, іс-әрекет нәти-
жесі мен үрдісін талдау, тест әдісі.
Бақылау
адамның психикалық өмі-
рін зерттеу әдісі ретінде психология-
ны жиі қолданылады. Бақылаудың
көмегімен жекелеген психикалық үр-
дістерді (ес, зейін, ойлау), жеке тұл-
ғаның психикалық қасиеттерін зерт-
тейді, олар сырттай әр түрлі адамзат-
тың іс-әрекеттері «еңбек, оқу, ойын),
психикалық қалпы (көңіл күй, аф-
фект) түрінде аңғарылады.
Бақылау әдісі адамның психикасы-
ның, сыртқы көрінісінің (іс-әрекетте-
рі, қылықтары,
басқа адамдармен
қарым-қатынаста аңғарылатын тіл-
дік ерекшеліктері, тұтастай мінез-
құлқы) зерттеу табиғи өмір жағдайын-
да іске асады, зерттеуші адамдардың
іс-әрекеті
мен қылықтарын бақылау
арқылы олардың психикалық өмірі-
нің ерекшеліктері туралы бағалай
алады, демек сыртқы объективтік фак-
торлардан адамның ішкі субъектив-
тік дүниесін түсінуге бағытталады.
Психологиялық бақылау мақсатты бо-
луы қажет: бақылаушы кімді не үшін
бақылайтынын
нақтылы білуі және
түсінуі керек. Олай болмаса, бақылау
кездейсоқ деректерді жинақтауға ай-
налады. Психологиялық бақылау бел-
гілі жоспармен немесе бағдарлама-
мен жүргізілуі тиіс. Бақылау бағдар-
ламасы бақылаушыны күні бұрын
дайындалған зерттеу мсәлелелері жә-
не деректермен қамтамасыз етеді.
Білгіленген жоспарсыз немесе бағ-
дарламасыз
бақылаудың негізгі ба-
ғыты жойылады, соның салдарынан
адамның психикалық іс-әрекетінде
негізгі және маңызды жағы назардан
тыс қалуы мүмкін. Бақылауды бір
жүйелі жүргізіп отыру керек. Бір
жүйелі бақылау бақылаудың тұрақты
жағдайын сақтауға мүмкіндік бе-
реді, сонымен қатар бақыланатын
деректердің
арасында тығыз байла-
ныс жасауға жағдай тудырады.
Психологиялық бақылау, ереже бо-
йынша, ұзақ уақытты қажет етеді. Ба-
қылау неғұрлым ұзақ мерзімге жүр-
гізілсе, соғұрлым бақылаушы мол де-
ректер жинақтауға мүмкіндік алады,
соғұрлым тереңірек және сенімдірек
психологиялық қорытынды жасайды.
Көп жағдайда ұзақ мерзімді бақылау
шәкірттердің жас ерекшеліктерін
Достарыңызбен бөлісу: