459
зерттеуде қолданылады, мәселен,
тілі мен ойлауын дамыту ерекшелік-
тері, эмоциялық ерекшеліктері мен
ерік-жігер іс-әрекеттері, қызығуы
мен бейімділігі, мінез бітісі мен қа-
білеттілігі.
Бақылау әдісі дегеніміз – әр түрлі та-
биғи жағдайда жеке тұлғаның іс-
әрекеті мен қылықтарын қабылдау-
дың негізінде мақсатты зерттеу.
Бақылау табиғи жағдайда жүргізіле-
ді. Ескеретін мәселе, бақылау жүр-
гізілген кезде сол қадағалау нысаны
болып отырған адам бақылау жүргізі-
ліп жатқанын білмеуі керек, егер сез-
ген жағдайда шынайылық жоғалады.
Психологиялық зерттеудердің таби-
ғилығын сақтау-бақылауға қойыла-
тын бірінші талап. Бақылау әдісіне
қойылатын екінші талап – бақылау
үнемі мақсатты болуы қажет, яғни
зерттеудің мақсаты мен міндеттері
айқын қойылуы керек.
Бақылау әдісіне қойылатын үшінші
талап – оның нәтижесін тіркеу. Не-
гізінен әртүрлі техникалық құралдар
(бейнекамера, фотокамера, т.б.) жаз-
балардың түрлері (стенограммалар,
хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.).
Психологияның негізгі әдістерінің
бірі – эксперимент.
Эксперимент әдісі. Егер бақылауда
зерттеуші өзін қызықтыратын пси-
хикалық үрдістердің байқалуын бей-
жай күтетін болса, ал экспериментте
зерттеуші өзіне қажетті жағдайда
жасайды. Сөйте отырып, экспери-
ментатор оларды тұрақты қамти ала-
ды. Басқа зерттеушілермен бірдей
жағдайда зерттеуді қайталай оты-
рып, экспериментатор зерттеушінің
әрқайсысының үрдістерінің дара ерек-
шеліктерін анықтай алады.
Экспериментатор өзінің жағдайына
қарай тәжірибені жүргізу шартын
өзгерте алады. Бұл эксперименттің
негізгі артықшылығы, сонымен қатар
ол оқу-тәрбие үрдісінде тәсілдерді
табуға мүкіндік береді.
Эксперименттің барысында арна-
улы құралдар мен аппараттардың
көмегімен психикалық үрдістер
өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге
болады, мәселен, жауап беру (реак-
ция), оқу, еңбек, дағдылардың қалып-
тасу жылдымдығы.
Психологиялық зерттеулерде негізі-
нен екі түрлі эксперимент қолданы-
лады. Олар зертханалық (лаборато-
риялық) және табиғи деп аталады.
Зертханалық эксперимент арнайы
ұйымдастырылып, құралдар мен ас-
паптарды қолдану арқылы жүргізіле-
ді. Зертханалық эксперимент адам-
ның психкалық ерекшеліктерінің
физиологиялық тетігін зерттеуде ерек-
ше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдіс-
тері мен психикалық қалыпты тиім-
ді зерттеу үшін қолданылады, ең ал-
дымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін
зерттеледі. Мәселен, қабылдаудың
жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес
ассоциациясының ерекшелігі қара-
пайым немесе электрондық тахистас
көп сияқты құралдар көмегі пайдала-
нылады.
Ғылыми білімнің саралануы мен да-
муында тәжірибелік әдіс жетекші рөл
алатындығы дәлелденді. ХІХ ғасыр-
дың екінші жартысында психология
өз алдына жеке ғылым ретінде фило-
софиядан бөлініп шығуы оның экс-
перименттік ғылым болуынан туын-
даған үрдіс еді. Лабораториялық экс-
перименттің нәтижелілігі мына тө-
мендегі жағдайлардан пайда болады
Достарыңызбен бөлісу: