Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет620/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   616   617   618   619   620   621   622   623   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ЫҚПА
ЫҚПА


584
Иландыру, әдетте, сөзбен, сөйлеп әсер 
ету болса, еліктіру вербальды емес 
құралдардың қолданылуынан (Мы-
салы, ым-ишара, қимыл, музыка жә-
не т.б.) болады. Еліктеу – бір адамның 
басқа біреудің жүріс-тұрысын, ым-
ишарасын қайталауынан, тіпті мі-
незінің кейбір көріністерін айнытпай 
қолдануынан білінетін, мысалға не 
үлгіге еру. Еліктеу ықтиярлы не ерік-
тен тыс болуы мүмкін. Жас тұрғысы-
нан әр түрлі кезеңдерде еліктеудің 
адам өміріндегі рөлі түрлі болады.
Мысалы, бала 1 жастан 3 жасқа дейін 
ересектердің сыртқы әрекеттері мен 
сөз реакцияларын қайталайтын бол-
са, мектепке дейінгі жаста-ақ үлкен-
дердің әрекеттеріне еліктеу алынған 
үлгілерді іштей күрделі өңдеуді қам-
тиды. Кіші сыныптар оқушысы тұл-
ғалық қасиеттерін қабылдап қайта-
лай бастайды. Жеткіншек жаста үл-
кендерге еліктеуді бір-біріне еліктеу 
біртіндеп ығыстырады. Жасөспірім 
кезде еліктейтін үлгіні таңдауда адам-
ның құндылық бағдарланулары не-
гізгі рөл атқара бастайды. Бұл орайда 
еліктеу қосалқы функция атқарады. 
Жоғары сыныптар оқушыларында 
номалар мен құндылықтарды меңге-
ру негізінен өзі үшін бедел саналатын 
адамдардың өмірлік ұстанымын ұғы-
на отырып талдау арқылы жүреді.
Өсе келе еліктеудің рөлі азаяды. Кіш-
кентай бала үшін еліктеу үйренудің 
негізгі әдісі болса, мектеп оқушысы 
үшін ақпарат, әдетте, сөзбен беріледі. 
Еліктеудің мазмұны да өзгереді. Ме-
тепке дейінгі шақта бала үлкендерге 
қарап, заттар дүниесінде дұрыс әре-
кет жасауды үйренеді. Мектеп оқу-
шысы үшін мұғалім мен ата-аналар
мінез-құлықтың әлеуметтік үлгілері-
нің иегерлері болады, яғни сүйікті, 
құрметті адамның сыртқы әдеттері 
емес, оның басқаларға қалай қарай-
тыны қабылданады. Педагогикалық 
ықпалдың әр түрлі әдістерін талап 
ету және бағалау дейтін негізгі екі 
әдіске саюға болады. Біріншісін-
де педагогтың міндеті – оқушыға 
қоятын талаптардың оның өзіне-өзі 
қоятын талаптарға айналуына жету. 
Педагогикалық талаптар әрекетке 
ынталандыратын және әрекетке 
тыйым салатын болып бөлінеді. Ба-
ғалаулар жағымды (көтермелеу) және 
жағымсыз (жазғыру) деп ажыраты-
лады. Тым үзілді-кесілді талаптар 
еңсені басып, бастамашылдықты те-
жейді. Жағымсыз бағамдаулар жеке 
іс-әрекетке емес, адамға қатысты 
болғанда да еңсені басады. Жағымды 
баға адамды ынталандырады. Әйтсе 
де, үнемі мақтай бергеннен оқушы-
ның өзін-өзі асыра бағалауына себеп 
туындайды. Қазіргі психиолгиялық-
педагогикалық ғылымда бағытталған 
және бағытталмаған ықпалдар қарас-
тырылады.
Сендіру, әдетте, бағытталған Ы., ал
еліктеудің нәтижелері көбіне бағыт-
талмаған ықпалдың нәтижесі. Ба-
ғытталған ықпалда педагог өзінің ұс-
танымын және оған байланысты та-
лаптарын оқушыға анық білдіретін 
тура ықпал және тікелей Ы. объек-
тісіне емес, оның айналасындағы 
ортаға бағытталған жанама ықпал 
болады. Жанама ықпал жағдайында 
педагогикалық ұстанымның мәні 
және мұғалімнің мақсаты оқушыға 
беймәлім болады. Педагогикалық 
қызметте даралық-тән сипатты және 
функциялық-рөлдік Ы. саралана-
ды. Шын мәнінде бұл екі нысан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   616   617   618   619   620   621   622   623   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет