Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет621/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   617   618   619   620   621   622   623   624   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ЫҚПА
ЫҚПА


585
ажырағысыз байланысты. Алайда 
мұғалімнің жеке басының сипатта-
малары жарқын болуымен байла-
нысты болатын даралық-тән сипатты 
ықпал деңгейі төмен болса, бұл бір-
лік бұзылады. Оқушыларға мұғалім 
ресми рөлі тұрғысынан ғана ықпал
жасап, даралық-тән сипатты ықпал-
дың есесін толтыру өктемшілдік 
әдістері көбірек қолданумен жүзеге 
асырылады.
ЫМЫРА (
келісім) – адамдар арасын-
дағы бір нәрсеге байланысты бір-
біріне көну арқылы болатын келісім. 
Ымыраласу – келісу, пікір бірлестігін 
білдіру мағынасында қолданылатын 
ұғым. Ы. достасу, татуласу мағынасын 
да білдіреді. Ал ымырашылдық – айт-
қанға көне салушылық, кез келгенмен 
келісе кетушілік, өзіндік берік пікірі 
жоқтықтың белгісі. Ымырашыл адам, 
негізінен, кеңпейіл, ақкөңіл болады 
да, өзінің қателескенін кейде байқа-
май қалады.
ЫНТА – 
адамның белгілі бір іске
ықыластана кірісіп, нәтижелі орын-
дауға тырысуы. Ы.іске қызығу-шы-
лықтың негізгі ұйытқысы. Бұл туа 
біткен ерекшелік қасиет емес. Ол 
жақсы тәрбиенің, адамның өзіндік 
санасының ықпалынан қалыптаса-
тын қасиет. Қажеттілік адам бойын-
да қоғамның, қоршаған ортаның 
ықпалынан пайда болады. Адамның 
жұмысқа ынталылығы қалыптасқан 
әдетке байланысты. Ы. іс-әрекет ке-
зінде қалыптасады. Оның ойынға, 
оқуға, еңбекке байланысты түрлері 
бар. Ы. істі ойдағыдай орындаудың 
шарты. Сондықтан баланы кішкен-
тай кезден бастап пайдалы іске қа-
сиетті тәрбиелеу – мектептің, отбасы-
ның ең басты міндеті.
ЫНТЫМАҚ – 
бірлесіп тірлік жа-
саудың көрінісі, татулықтың белгісі. 
Ынтымақтастық – адамның бір-біріне 
көмектесіп, қолдау көрсетіп, ортақ 
жауапкершілік танытуы жағымды 
жағдайда жұмыс істейтін адамдар-
дың жақсы қасиеті. Ынтымақтас-
тық – жақсылыққа құштарлықпен 
жасалған әрекет. Ынтымақтастықтың 
тәрбиелік мәні зор. Ол адамдарды 
игілікті істерді нәтижелі орындауға 
жетелейді. Қазақ психологі А. Асы-
лбеков өзінің «Қазақ мектебінің 
V-VII сынып оқушыларының ын-
тасын қалыптастыру» атты диссер-
тациясында (Ташкент, 1972) осы 
психологиялық феноменді егжей-те-
гжейлі қарастырып, психологиялық 
талдауға арнаған болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   617   618   619   620   621   622   623   624   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет