592
зер салып отырады, зерттеуді белгілі
сұрақтың айналасында, арнаулы жос-
пар бойынша жүргізеді. Интервьюер
сыналушының ниетін қас-қабағынан
біле алатын әдісқой да тәсілқой, қы-
рағы әрі білікті кісі болуы қажет.
Мұнда
анкета арқылы анықталуы
қиын ұсақ-түйек детальдарды, мәсе-
ленің түрлі қалтарыстары мен түп-
төркінін аша түсуге мүмкіндік туады.
Осы жерде зерттеушінің әңгімесіне
ықыластанған адам кейде жаңсақ, екі
ұшты мәліметтер беруі де ықтимал
екендігін ескерген мақұл. Зерттеудің
нақтылы
талап-тілегіне орай интер-
вью бірнеше салаға бөлінеді. Ол жеке
адамдармен де, сондай-ақ әр түрлі
топтармен де (семья әулеті, комсомол
активі, дос-жарандар т.б.) жүргізіледі.
Мұның стандарттық, сондай-ақ алдын
ала жасалған программа бойынша
ауқымды тақырыптың төңірегіне
құрылған түрлері де бар.
Түрлі
психикалық құбылыстардың
құрылымын функциялар мен пара-
метрлерді шамамен жорамалдау-
да, эксперименттік
материалдарды
талдауда, модельдерді құрастыруда
факторлық талдау деп аталатын
математикалық-статистикалық әдіс
қолданылады.
Математика қазіргі
кезде көптеген ғылымдардың зерттеу
әдістеріне кеңінен еніп отыр. Пси-
хологияда мұны алғаш қолданған
ағылшын психологы Ч.Спирмен
(1904). Осы әдіспен адам интеллек-
тісін (ақыл-ой),
оның музыкалық,
математикалық қимыл-қозғалыс т.б.
қабілеттерінің белгілі шамасын бел-
гілеуге болады. Мәселен, осы әдісті
психологтар адамның жоғары жүйке
қызметі қасиеттерінің құрылымын
(Б.М.Теплов, В.Д.Небылицын) зерт-
теуде пайдаланды. Күрделі корреля-
цияларды факторлық талдауға салу
электрондық
өлшеуіш машиналары-
ның (ЭВМ) көмегіне де сүйенеді.
Адамның жан дүниесінің сырын
жақсырақ түсіну үшін бұл әдістерді
аталған әдістермен қосарластыра
пайдаланған дұрыс. «Біз әдетте,
адамды
жұмыста іс-әрекетіне қарай
бағалаймыз, дегенмен адамдыжан-
жақты бағалаудың өлшеміне оның
жанұядағы,
тұрмыстағы, ұжымдағы
және одан тыс жерлердегі мінез-құл-
қы де енуге тиіс (Д.Қонаев).
Достарыңызбен бөлісу: