ЭКСТРАВЕРСИЯ, ИНТРОВЕР- СИЯ ( лат.
ехtга - сыртқы,
іпtrо – іш-
кі,
versiо – бұру) – адамның дара-
лық-психологиялық
айырмашылық-
тарының сипаттамасы; оның шеткі
полюстері тұлғаның сыртқы объек-
тілер әлеміне, не оның өзінің субъ-
ективтік әлемінің құбылыстарына
басым бағытталғандығына сәйкес
келеді. Э.И. ұғамдарын тұлғаның
қарама-қарсы екі типін белгілеу үшін
К.Юнг енгізді. Экстраверсияланған
тип тұлғаның қоршаған әлемге
бағытталғандығымен сипатталады:
оның объектілері субъекттің мүд-
делерін, «өмірлік энергиясын» өзіне
«магнит секілді» тартып алады,
мұның өзі белгілі бір мағынада
субъекттің өзінен өзінің жатсы-
нуына, оның субъективтік әлемінің
құбылыстарының тұлғалық мән-
маңыздылығының төмендетілуіне
апарып соғады.
Экстраверттерге импулъстілік, бас-
тамашылдық, мінез-құлықтың икем-
ділігі, қарым-қатынасшылдық, әлеу-
меттік бейімделгіштік тән қасиеттер.
Интроверсияланған типке тұлға мүд-
делерінің өзінің ішкі әлемінің құ-
былыстарына жоғары құңдылық деп
ден қоюшылық, тұйықтық, қарым-
қатынастан қашқақтау, әлеуметтік
енжарлық, өзін-өзі қазбалауға бе-
йімділік, әлеуметтік бейімделуді
қиынсыну тән сипаттар. Э.И. проб-
лемалары тұлғаның факторлық тео-
рияларында неғұрлым көбірек зерт-
телді. Мұнда ол тұлға типтер тұрғы-
сынан емес, нақты субъектідегі Э.И.
касиеттерінің сындық арақатынасын
білдіретін үздіксіз шкала ретінде
қарастырылады. Олардың ішіндегі
неғұрлым танымалы – Г. Айзенктің
тұжырымдамасында Э.И. параметрі
невротизм параметрімен ұштасуын-
да (эмоциялық-еріктік орнықтылық –
орнықсыздық) тұлғаның барлық қа-
сиеттерінің мазмұнын анықтайтын
басты-басты екі өлшем құрайды.
Бұл тұжырымдамаға негіз болған
абстрактілік-статистикалық көзқа-
рас тұрғысынан экстраверсия көп-
теген көріністерінің себептерін тү-
сіндіруге елеулі қиыншылықтар ту-
ғызды; бұлардың мазмұнында им-
пульстік, агресияшылдықтан идео-
логиялық нұсқаулар мен саяси по-
зицияға дейінгі тұлғаның әр алуан
сипаттамалары эклектикалықпен
біріктірілді. Э.– И.-ның жүйке жү-
йесінің қасиеттеріне тәуелділігі
тұлғаның психологиялық және
әлеуметтік сапаларының бұлжымас
биологиялық анықтығы туралы
реакциялық қорытынды жасалуына