595
дыққа қарай ығыстырылып, инди-
вид мінез-құлқына санадан тыс әсер
етеді.
ЭМОЦИЯ ТЕОРИЯЛАРЫ.
Эмо-
циялық құбылыстардың табиғатын
түсіндіру ерте кезден бастап, әруа-
қытта да ойшылдар мен ғалымдарды
қызықтырған еді. Ертеде философия-
да, мысалы, эмоциялық үрдістер мен
құбылыстарды танымның ерекше тү-
рі ретінде қарастырды.
Ағзаның өмірінде эмоцияның мәні
мен маңызын түсіндіретін алғашқы кең
тараған теориялардың бірі – Ч.Дар-
вин ұсынған теория болды.
Әртүрлі тірі жәндіктердің анатомия-
лық-физиологиялық ұйымының жал-
пылығымен сыртқа байқалатын олар-
дың эмоциялық көңіл күйлерінің ра-
сында белгілі байланыстың бар екен-
дігін ол көрсетіп берді.
Шындығында, бір-біріне ешқандай
жақындамайтын әртүрлі тарихи
кезеңдерде өмір сүрген мәдениеттер
мен халықтарға қатысты адамдардың
эмоциялық-экспрессивті мінез-құл-
қын талдап қарағанда, ең алдымен
мимикасында, даусында, бет пішін-
де, қолының қозғалысында олардың
эмоциялық-экспрессивтік жағдай-
лырының бірыңғайлылығы көзге
бірден байқалады.
Дарвиннің ұсынған эмоциялардың
тұжырымдамасы оның көрсетілген
ерекшеліктеріне байланысты «эмо-
циялық» деп аталды.
Бұл тұжырымдама бойынша сыртқы
эмоциялық экспрессия көп жағдай-
да туа біткен болып табылады және
ағзаның өмірінде бейімделушілік,
биологиялық қызметті орындайды.
Адамдарда эмоцияның басты әлеу-
меттік-психологиялық қызметі эмо-
Эмоциялар
Сезімдер
1. Эмоция адамның түрлі органикалық қажеттеріне
байланысты туып отыратын шағын, ситуациялы
көңіл-күйлері, адам қуанғаннан, қамыққаннан
көзіне жас алса не болмаса бір нәрсеге мәз болып
шек-сілесі қатып күлсе, мұндай жағдайдың ұзаққа
созылмайтындығы белгілі.
1. Сезімдер – адамдардың бір-бірімен қарым-
қатынас жасау қажетінен туатын және біртіндеп
дамып отыратын процесс. Достық, адалдық
сезімдері адамда бірден қалыптаса қоймайтын-
дығы белгілі.
2. Эмоцияда мәнерлі қозғалыстар (адамның
сырт пішінінен байқалатын ым-ишалар) көбірек
байқалады. Мұнда адам өзін тек организм тұрғысы-
нан көрсете алады.
2. Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар жөнді
байқалмайды. Тұрақты, терең әсерлі сезім жеке
адам психологиясының басты белгілерінің бірі.
3. Эмоциялардың қызметін лимби жүйесі
мен (ми бағанасының үлкен ми сыңарларына
жақын жері) гипоталамус бөлігі (дененің зат
алмасуын, температурасын реттестіретін жүйке
орталығы) басқарып отырады. Мәселен, осы
жүйкетін орталықтарға зақым келе, адам тойғанын
білмейтін немесе өмірде шөлі қанбайтын жағдайға
ұшырайды.
3. Сезім ми қабығының жұмысынан, атап айтқанда,
динамикалық стереотиптердің жасалып, өзгеріп
отыруынан жақсы көрінеді. Мұнда екінші сиг-
нал жүйесінің басқарушылық рөлі күшті болады.
Мәселен, сөз адамның интеллект, эстетикалық,
моральдық сезімдерінің қалыптасуына елеулі әсер
етеді, соның арқасында сезімдер мен эмоцияларды
тәрбиелеуге кең жол ашылады.
4. Эмоциялар жануарларда да кездеседі. Жануарлар
эмоциясы биологиялық сипаттағы реакциялардың
жиынтығы. Адам сезімдеріне лайықты көріністер
жануарлар психикасында кездеспейді.
4. Адамдардың эмоциялары мен сезімдері қоғамдық-
тарихи сипатта болып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: