Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет636/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   632   633   634   635   636   637   638   639   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ЭМОЦ
ЭМОЦ


598
әртүрлі әлеуметтік ахуалдарда оның
әрекетін түсіндіру үшін қолданы-
лады.
Эмоциялық үрдістерге ес және адам-
ның машықтануы (мотивация) ерек-
ше үлес қосқандығын атап көрсетті. 
С.Шехтердің ұсынған эмоциялардың 
тұжырымдамасы когнивтік – физио-
логиялық деп аталады.
ЭМОЦИЯЛЫҚ ЕС
– Эмоциялық 
ес сезімді есте қалдырып, оны кайта 
жаңғырту түрінде сыртқа шығады. 
Өткен өмірімізде кездескен уақиғаны 
есімізге түсіргенде, біз адамдарды, 
уақиғаның болған жерін, сондағы 
айтылған сөз, ол сөздердің бізге ту-
ғызған ойларын жаңғыртып қана 
қоймай, кейде солармен қабат мұн-
дай еске түсірулерде біздің бұрын 
бастан кешірген сезімдер де оянады. 
Егерде өткен өміріміздегі бір қуа-
нышты уақиғамен байланысты қа-
зіргі кезде бізге талғаусыз адамды 
кездестірсек, күні бойы қуанышты 
көңілде болуымыз мүмкін.
Бір кезде қорыққанымыз есімізге түс-
се, өңіміз қашады, бір кезде қатты ұя-
лу сезімін туғызған оғаш бір іс істеге-
німіз айтылса, қызарамыз. Эмоция-
лық ес – адамның рухани өсуінің өте 
қажетті шарты. Кімде-кім ардақты 
істерге себепші болған қуаныш және 
қанағаттану сезімдерін, сол сияқты 
жаман қылықтан туған ұялу сезімін 
мүлдем ұмытып кетсе, ондай адам-
ның жаңа ардақты істерді орындауға 
талаптануын және жаман істерден 
өзін аулақтауы әлсіреген болар еді. 
Эмоциялық естің тағы бір маңызы –
ол адамның эмоциялық өмірін түр-
лендіріп, байытады; адамның түрлі 
сезімдерінің бұлағы қазіргі өмірі ға-
на болмай, өткен өмірі де болады.
ЭМПАТИЯ
(лат. 
етрateia – 
әсерле-
ну) – сезімнің адам бойында жиі кез-
десетін, өзіндік мән-мағынасы бар 
ерекшелігі. Э. адамның өзгелер қай-
ғы-қасіретті жағдайлар: мен қиын-
дықтарға ұшырағанда, оларға жана-
шырлық, білдіріп, солардың ауыр ха-
лінің өз басына түскендей көңіл күй-
де болуы. Э. өзге адамдардың жан 
дүниесінің сыры мен күй-жайын бі-
лу қабілеттілігі және оған жанашыр-
лық білдіру. Э.-ның айқын көрінісі –
идентификация. Бұл адамның өзге 
адамның психикалық жай-күйін өз 
басынан кешіргендей халде болуы. 
Э. – басқа адамдарға жаны ашып се-
зімін білдіру қабілеті, олардың күйін 
түсініп, қолынан келген көмегін бе-
руге даярлығы. Эмпатияны алғаш 
америкалық психолог Э.Титченер 
(1867-1927) ашып көрсетті. Ол фило-
софиядағы ұнату сезімінің теория-
лық негіздеріне сүйене отырып, жа-
нашырлық сезімнің эмоциялық, са-
лыстыру мен ұқсату тәсілдермен тү-
сіндірілетін танымдық (когнитивтік) 
және адамның жан күйзелісіне ду-
шар болу себептерін алдын ала сезе 
білу сияқты түрлері болатындығын 
көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   632   633   634   635   636   637   638   639   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет