597
тижесінде У. Кеннон эмоцияның пай-
да
болуының баламалы теориясын
ұсынды.
У. Кеннонның айтуынша, эмоциялық
көңіл күйлер және оған сәйкес ор-
ганикалық өзгерістер бір уақытта
дүниеге келеді және бірдей қайнар
көзден пайда болады.
Осындай қайнар көз – эмоциогендік
орталық, У. Кеннонның көзқарасы
бойынша, таламус болып табылады,
негізгі органикалық үрдістерді және
перифериялық, ішкі рецепторлардан
бас мидың қыртысына және кері бе-
ріп отыратын импульстарды реттеу-
де
негізгі рөл атқарады,
У. Кеннонның айтқан қағидаларын
одан әрі дамытқан П. Бардо болды.
Шындығында, денедегі өзгерістер,
онымен байланысты эмоциялық кө-
ңіл күйлер бір уақыт пайда болады.
Бас мидың барлық құрылымдарының
ішінен эмоциямен байланысы тала-
мустың өзі емес, ал гипоталамус жә-
не лимбикалық жүйенің
орталық
бөлімі.
Жануарлармен жүргізілген экспе-
рименттерде дәлелдегендей, осы
құрылымдарға электр арқылы әсер
ету нәтижесінде белгілі дәрежеде
эмоциялық
жағдайларды, мысалы,
қорқыныш және ашу сияқты, басқару
мүмкін екендігін көрсетіп берді.
У. Кеннонның тұжырымдамасын
жетілдіру нәтижесінде жаңа атқа ие
болды, оны Кеннон – Бардоның эмо-
ция тарихы деп атады. Мынаны ес-
керуіміз керек: адамда эмоциялық
үрдістер мен жағдайлардың дина-
микасында
органикалық және дене
ықпалына қарағанда когнитивтік
факторлардың атқаратын қызметі
ерекше. Осыған байланысты соңғы
жылдары адамдағы эмоциялардың
жаңа
тұжырымдамасы ұсынылған
болатын, когнитивтік факторлар бі-
рінші орынға қойылады.
Алғашқылардың бірі болып табыла-
тын Л. Фестингердің когнитивтік
диссонанс теориясы. Бұл теорияны
американдық психолог Л. Фестингер
ұсынған (1957 ж.) және адамнын мі-
нез-құлқына когнитивтік элементтер
(сенімдер, пікірлер, құлықтар, ниеттер
және т.б.) жүйесін түсіндіретін ба-
тыс әлеуметтік психологиясы тұжы-
рымдамаларының бірі. Бұл теория
бойынша
адамда жағымды эмоция-
лық көңіл күй сол уақытта пайда бо-
лады, егер оның күткені дәделденсе,
айталық елестетулер өмірге енгізіле-
ді, жоспарлар орындалады, яғни іс-
әрекеттің нақтылы нәтижелері бел-
гіленген немесе күтілген болжамға
сәйкес келсе, байланысса болғаны.
Жағымсыз
эмоциялар сол жағдайда
пайда болады және күшейе түседі, егер
күтілетін және іс-әрекеттің шындық
нәтижелерінің арасында сәйкессіз-
дік – диссонанс болса. Субъективтік
когнитивтік диссонанс жағдайыңда
адам дискомфорт көңіл күйде бола-
ды (қолайсыздық). Ол қалай болған-
да да мүмкін болса, тезірек одан құ-
тылуға ұмтылады. Когнитивтік дис-
сонанс жағдайынан шығудың жолы
екі жақты болуы мүмкін: күтілетін
нәтижені және жоспарды өзгерту, олар
шындық
алынған нәтижеге сәйкес
келуі керек немесе жаңа нәтиже алу-
ға әрекет ету, ол бұрынғы күтілген
нәтижелермен байланысты болуы
дұрыс.
Қазіргі әлеуметтік психологияда Л.
Фестингердің когнитивтік диссонанс
теориясы адамның қылығын және
Достарыңызбен бөлісу: