Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет624/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   620   621   622   623   624   625   626   627   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ІС-ӘР
ІШТЕ


588
ЭББИНГАУз ГЕРМАН 
(1850-1909) –
ес (жады) психологиясына қатысты 
эксперименттік зерттеулерімен әлем-
ге танымал неміс психологі. «Шек фа-
торын» анықтап, ұмытшақтық қисы-
ғын шығарды, сақтау мен ұмытудың 
бірқатар заңдылықтарын бекітті, са-
налы есте сақтаудың артықшылықта-
рын анықтады, жадты зерттеудің эк-
сперименттік әдістемелерін жасады 
(«Жад туралы», 1885), балалардың 
зерделі қабілеттерін зерттеу үшін тест 
(оның есімімен аталатын) жасаған. 
Негізгі еңбектері: «Ес туралы», «Пси-
хология мәселелері» т.б.
ЭГОЦЕНТРЛІК СөЙЛЕУ
– мектеп
жасына дейінгі баланың ойын үстін-
де өзімен өзінің сөйлеуі. Эгоцентр-
лік сөйлеу коммуникативті сипатта 
болғанымен, баланың қасиетіне, та-
лап-тілегіне қызмет етеді. Кей жағ-
дайда мұның құрылымы іштей сөй-
леуге ұқсайды. Эгоцентрлік сөйлеуді 
баланың автономды (өзіндік) сөйле-
уі деп те атайды. Э.с. сөйлеу сыртқы, 
ауызекі сөйлеуге өтудің аралығында 
тұрған көпір іспеттес психология-
лық акт. Мұның сыр-сипатын бала 
психологиясының белгілі Ж.Пиаже 
жан-жақты қарастырған. 
ЭЙДЕТИзМ
(грек. 
eidos – 
нақты 
бейне) – бұрын қабылдаған заттар мен 
құбылыстарды нақты объекті көзден 
таса жағдайын оны көріп тұрғандай 
қабылдайтын ерекше психологиялық 
құбылыс. Осындай бейнелер жайлы 
ілімді психологияда Э., ал осындай
қасиеті бар адамдарды эйдетиктер
деп атайды. Эйдетика ес елестері мен
көру түйсігіндегі ілеспе бейнелер-
ге ұқсас келеді. Бұлардың қай-қай-
сысында болсын, қасында тұрмаған 
адам мен нәрсені көріп тұрғандай 
сезінеді, сол кісі бейнесінің ұсақ-
түйектеріне дейін түйсіне алады. 
Мұндай бейнелер өте айқын және 
тұрақты, сондай-ақ объекті кезден 
таса жағдайда да елестеп тұрады.
Э.б. ересек адамдарға қарағанда ба-
лаларда жиі кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   620   621   622   623   624   625   626   627   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет