Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет623/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   619   620   621   622   623   624   625   626   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ІзЕТ
ІС-ӘР


587
ойламаған әйелден без» деген ма-
қалда үлкен психологиялық астар 
жатыр. Бұл адамның і.ә келешекке 
бағытталғандығын көрсететін түйін. 
Адамдық І.ә. терең психологиялық 
сыр-сипатын белгілі психологтар 
С.Л.Рубинштейн мен А.Н.Леонтьев
өз еңбектерінде баяндап берген.
ІС-ӘРЕКЕТТІҢ БАҒДАРЛЫЛЫҚ 
НЕГІзІ 
– ақыл-ой әрекетінің жос-
парлы және сатылай даму теориясына 
байланысты ұғым. Бұл адам алғаш 
пайда болатын оны дұрыс орындау 
мүмкіндігімен алғашқы танысу үр-
дісі. І.-ә.-тің бағдарлық негізі бала 
қандай да болмасын бір мәселеге ой-
дағыдай танып-білуге оның мәнісін 
ұғынуға жетелейді. І.-ә.жетекші түр-
лері – адамның жас шамасының бел-
гілі бір кезеңінде бағдарлық негіз 
адам үшін маңызды қасиетті саты бо-
лып есептеледі. Ол кісіге үйренуге 
қызығушылық тудырады, оның пси-
хикасына әсер етеді. Адам іс-әрекеті-
нің түпкі нәтижесі бағдарлық негізі 
деп аталатын мотивациядан ақыл-ой 
әрекетінің бастапқы сатысының дұ-
рыс ұйымдастырылмауынан тәуелді 
болатыны хақ. 
ІШТЕЙ СөЙЛЕУ 
– ойлау процесі-
нен туындайтын тілдік материалдар 
негізінде дамымай-ақ өз ойлауын 
нақты мақсатына орай пайда болып 
отырады. мұны ауыз қуысындағы ды-
быс шығаратын сөйлеу аппаратының 
жасырын жұмысы деуге болады. 
Өйткені мұнда оның жұмысы жөнді 
еленбейді. Тек тиісті аспаптармен
зерттегенде ғана сөйлеудің осы түрі-
нің де кинестезиялық тітіркендір-
гіштерге орай туып отыратындығы 
анықталған. Ішкі сөйлеу жөнінде 
И.М.Сеченов былай дейді: «Бес жас-
тағы баланың ойы сөзбен немесе 
сыбырлап сөйлеумен немесе тіпті 
тілдің қозғалуы, еріннің жыбырла-
уымен айтылады. Мұның өзі ересек
адамдарда да (тек түрлі дәрежеде бо-
луы мүмкін) жиі кездеседі. Мен тіп-
ті өзімнен де білемін: ойымның ауыз-
дың жабық, қозғалмайтын күйінде 
тілсіз сөйлеумен қоса қабаттасуы өте
жиі болады. Барлық жағдайда да бас-
қалардың алдында бір ойға баса на-
зар аударғым келсе, оны алдымен 
дереу сыбырлап айтып аламын». 
Ішкі сөйлеу өте қысқа, икемді бо-
лып келеді. Өйткені адам әркез өз 
ойлауының мазмұнын жақсы біліп 
отырады, сондықтан ішкі сөйлеуге 
ұзақ тұжырым жасап жатудың қаже-
ті де болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   619   620   621   622   623   624   625   626   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет