Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет65/154
Дата02.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#170745
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   154
Байланысты:
Ббк 81. 2 С 94 аза стан Республикасы

қалбағай, шатыр бүркеншік, жаппа, итарқа
сияқты 
сөздердің қазақ халқының айқай-сүренмен өткен ғасырларын-
да жорық кезіндегі баспана атаулары екендігін де контекске 
қарап оңай түсінуге болады.
Әскери сөздерді келтіруде жазушы ізденісі аз болмаған. 
Мысалы, садақ оғының 
көбебұзар, әндіген, қасалы, ысқырма, 
тіз оқ, кез оқ, доғал оқ, қозыжаурын, аймаңдай оқ 
деген 
түрлері болатынын Ораз-Мұхамед пен оның інісі – Көшектің 
ауыздарына салып, санамалап атап береді. Бұлардың ішінде 
қозыжаурын оқ, тіз оқ, көбебұзар оқ
деген түрлері – бізге ба-
тырлар жырынан таныс, құлағымыз біршама қаныққан сөздер 
болса, қалғандарын Мағауиннің көрсетуімен біліп отырмыз. 
Әрине, жазушы бұл сөздерді ойдан шығарған жоқ, ізденіп 
тапқан. Мұндай тұлғалар енді-енді көптеп жариялана бастай-
тын ауыз әдебиеті үлгілерінде, тарихи жазбаларда кездесетін 
болса, ұғымтал, зейінді, есте тұту қабілеті бар оқырман жақсы 
біліп отыратын болады. Демек, көркем шығарманың таным-
дық тәрбиесі де бар екені, ондай қызметті «Аласапыран»,
«Үркер», «Елең-алаң» (және де басқа тарихи көркем шығар-
малар) сияқты романдар жақсы атқарып шыққанын айту қажет.
«Аласапыранда» қару-жарақ, сауыт-саймандардың атау-
ларының танымдық мәні – олардың образ үшін емес, нақты 
зат атауын (реалийлерді) білдіру үшін қолданылғандығында. 
Қазақтың өлең-жырларында, әсіресе өткен дәуірлердегі ақын-
жыраулар тілінде бұл атаулар көбінесе образ үшін жұмсалады, 
сондықтан тұрақты эпитеттермен келетіні жайында айты-
лып келеді. Бұларда 
найза, сүңгі
сөздері жалаң келмейді, 
толғамалы ақ найза, алты құлаш ақ найза, толғамалы ақ 
сүңгі,
қылыш болса, ол – 
алдаспан ауыр қылыш,
көбе – 
қанды 
көбе
деген сияқты эпитеттермен айтылады да көбінесе әңгіме 
бұл құралдармен болған ұрыс әрекеттері жайында емес, 
батырлық, ерлік, ел қорғау, жауға аттану сияқты образдар ту-


123
ралы екенін байқаймыз. Ал тілін талдап отырған романда бұл 
қару-жарақтар өз мағыналарында жұмсалып, ұрыс-соғыс кар-
тинасын суреттейді, сондықтан мұнда енді олардың тұрақты 
эпитеттермен келуі орынсыз болар еді, сондықтан қару- жарақ 
атауларының анықтауыштары нақты болып келеді.
Оң жақ алдыңғы қаста 
ұялы қынға салынған селебе мен 
екі шолақ 
найза... саптары көрінеді. Сол жақ жамбаста 
қыс- 
қа садақ,
оң жақта 
– қорамсақ толы жебе.
Шығыршығы ши-
ратылған 
ақ сұр көбе... шошақ дулыға...
(І, 169). Аламандар 
сауыт-саймансыз. Қару атаулыдан садақтан басқа 
шашақты 
ұзын найза, қайқы қылыш, қысқа қанжар
бар (І, 115). Бұл 
үзіктерде көрсетілген анықтауыштар – сол қарулардың нақты 
сын-сипатын білдіретін кәдімгі анықтауыштар, олар – тұрақты 
бейнелі эпитеттер емес.
Ұрыс-соғыс көрінісін суреттеуде 
керней, дабыл, даңғыра, 
шыңдауыл
сияқты дыбыс аспаптарының атаулары да – түсінікті, 
таныс болғанмен, көне, қолданыстан шығып қалған реалийлер 
екенін сеземіз. Осы зат, нәрсе, ұғым атауларының қайсысы бар 
және олар қалай келтірілген дегенді кейде жалпылай, кей тұста 
тәптіштеп атап отырған себебіміз – жазушының тарихи стиль 
талаптарын жақсы өтегенін көрсету.
Тарихи шығарманың стильдік сипатын сақтау мақсатымен 
кейбір халық, жер-су, адам аттарын да бүгінгіден өзгешелеу, 
бәлкім, сол кезеңде аталған тұлғада (не соған жуық) беру 
әрекеті де бар. Мысалы: 
мұңғыл 
(монғол), 
ғирақ
(ирақ), 
ғажам, 
естектер
(қазақ тілінде – 
башқұрт, 
автор тілінде – 
ханттар), 
сібіт
(швед), 
шынмашын
сияқты халық аттары, 
Ібір-Сібір 
(Си-
бирь), 
Таскемер 
(Орал тауы), 
Зайсан-нор, Мәскеу-дария, Азаулы 
(Азов), 
Таң-дария (Лои), Ака-дария 
(Ока), Узе (Днепр), 
Орқапы 
(Перекоп) деген жер-су аттары шығарманың өн бойында осы 
тұлғаларда келеді. Олардың біразының бүгінгі қай жер (тау, 
өзен т.б.) екенін автордың өзі көрсетіп беріп отырады. Бұл 
тәсілді де әбден құптау керек, өйткені ата-бабаларымыздың ат 
тұяғы көптеген жерге тиген, ал ол жерлерді өздерінше атамауы 
мүмкін емес. Бүгінде 
Мәскеу 
(оны да күні кеше әрең «қайтарып 
алдық»), 
Мысыр, Қытай, Шам, Қырым, Қоқан
деген сияқты 
бес-он топоним болмаса, қалған жер-су, өзен-көл, тау-тас, қала-


124
қамал, шаһар-кент атауларын орысша тұлғасымен 
(Орал тауы, 
Днепр, Днестр, Дон, Кавказ, Астрахань, У фа
т.т.) айтып, жа-
зып кеткеніміз белгілі. Олардың, әсіресе, бабаларымыздың 
табаны тиген жерлердің бұрын қалай аталғанын да біле жүру 
– тарихымызды тануда үлкен мәні бар іс, Ұлы Дала картасын-
да ата-бабамыздың қолтаңбасы жатқанын көру – ұлттық сана-
мызды оята түсер, бұрыннан да ешкімнен кем емес, «тереземіз 
тең болып» келген халық екенімізді сездірер іс деп білеміз. Бұл 
істе көпшілік қауым оқитын әдебиеттің де орны ерекше екен-
дігін тари хи романдар көрсететіндігіне куә болып отырмыз. 
Осы орайда тарихшы ғалымдармен қатар, жазушы ағайынға да 
қарыздармыз.
Мұхтар Мағауин бірен-саран адам аты мен қала атта рын 
да өзгертіп жазуға барыпты, мысалы, 
Тәуекел
ханды 
Тәуеккел 
деп,
Ташкентті Башкент 
деп таңбалапты. Біз бірақ бұл 
өзгерістердің дұрыстығына күмәнданамыз. 
Тәуекел 
жалқы 
есімінің морфемдік құрамы 
тәуек
және 
кел 
емес болар, тіпті 
солай болған күннің өзінде де құранды жалқы есімдердің 
компоненттері дыбыстық жағынан әбден жымдасып, кірігіп 
кететіні мәлім, сондықтан үйреншікті 
Тәуекел
деген тұлға 
дұрыс сияқты, оның үстіне 
тәуекел
деген 
{тәуекел ету, 
тәуекелі бар)
абстракт мағыналы дербес сөз де бар ғой, қазақ 
мұндай жалпы есімдерден жалқы есім жасай салады емес пе? 
Ташкент 
атауын көне түрінде бергісі келсе 
Шашкент 
деуі ке-
рек еді, бұл шаһардың көне аты – 
Шаш
қой, түркі тілдерінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет