167
Сейдахмет Бердіқұлов өмір
құбылыстары мен адам қы-
лықтарын өзгелерге ұқсатып, теңеп, балап суреттеуге шебер.
Және бұл ұқсатулар қажет жерінде тағы да қазақ психологиясы
мен дүниетанымынан шығарылып беріледі. Енді бір сәттерде
суреттеліп отырған жердің, жағдайдың адамдардың ыңғайына
жығыла келтіріледі. Мысалы, жасы келген американдық жо-
лаушыларды «бет-ауыздарының әжімдері ошарлы ауыл сы-
ятын сай-сала, аумағы ат шаптырым езулеріне қолағаштай
трубка қыстырған» деп суреттейді.
Бұл гротескілеу теңеуде
сырттай кереғарлық болғанмен (американдықтардың әжімдері
– қазақтың ошарлы ауылы), іштей тап басып, табылған об-
раздар бо лып шыққан. Сол сияқты жазушы түнгі Лондон-
ды ағылшындардың атадан балаға
мирас болып келе жатқан
каминіне ұқсатады (135), Бангкок аэропортының бетон
жолының кеңдігін (әлде беріктігін бе?) «бір үйір піл биле-
се бұйым көрмейтін» деп теңеуі,
керісінше, қазақ таны-
мы мен түсінігіне емес, камині мирас болып келе жатқан
ағылшындарша және жерінде пілі бар Оңтүстік-Шығыс Азия
халықтарынша, солардың призмасынан өткізіліп берілген.
Бұл да – орынды: Бангкок аэропортына бір келе түйе аунатып
қойса, бір үйір піл аунатқандай сенімді шықпас еді. Дегенмен
көбіне-көп қазақ танымынан алынған теңеулер басым түсіп
жатады. Айталық, шет ел аэропорттарындағы ашылмалы-жа-
былмалы, домалап ала жөнелетін траптарды сары ала қоңызға,
визасы жоқ жолаушыларды кең шабындыққа шідерлеп жібер-
ген аттың күйіне (11), төбедегі зыр айналып тұратын винтиля-
торларды қанаттары қалбалақтаған соқыр көбелекке (13) бала-
уы қазақша шыққан.
Жалпы Сейдахмет тілінің өзіне хас бір белгісі – онда ұқ-
сатулардың молдығы. Бұл –
жазушының байқағыштығы мен
сол байқағанын табан аузында образдап айтып беретін қабі-
летінің күштілігін танытады. Мысалы, асуға тартып бара
жатқан веложарыстың жолы «шаңыраққа өрмелеген киіз үйдің
желбауындай» (125), түн кескінінде қоңырқай бояу болмайтын
Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде «аспан мен жердің кенересі
қақ бөліп, қайта жымдастырған асқабақтың жігіндей» (97),
архитектор Тұйғынның көзі түсіп, таңдаған үй үлгісі «сан-
дал сері ақ бөкен арасындағы құрамыс теке сияқты» болып
168
жүрмесе» (98) деген теңеу-балаулары
өте бір образды, дәл,
әсерлі шыққан. Мұндай ұқсатулардың мысалдарын молы-
нан табуға болады. Және бір біздің байқағанымыз – осындай
ұқсатулардың көбінде зілсіз әжуа, жеңіл юмор жатады.
Ең соңғы айтпағымыз – жазушының сөз қоры жайында.
С. Бердіқұлов – жалпыхалықтық тілдің сөз қазынасына құлағы
түрік жазушы. Оның тілінен кейбір диалектизмдер де, мағынасы
күңгірт тартқан сирек сөздер де, тіпті жазушы өзі жасаған не-
ологизмдер де табылады. Оларды біз шартты түрде «тосын
сөздер» деп атасақ дейміз (әрине, тосындық – жалпы тіл үшін
емес, бүгінгі әдеби тіліміздің нормасы тұрғысынан, көпшілік
оқырман қауымға бірдей түсініктілік талабы тұрғысынан
қарағандағы баға бойынша).
С.Бердіқұлов тіліндегі
бірқатар сөздердің тосындығы,
әсіресе тіркес құрамында көзге түседі. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: