шапанға
алайда дым тауып айта
алмады...
Шапандар
тарапынан тілге келген ешкім болған
жоқ» (9-бет). Осы қазақтар енді бір жерде «көлеңке» болып та
танылады: Тау суы [Иноземцевтің] сүйек-сүйегіне өтіп кетіпті.
Ағараңдап кел ген
көлеңке
киіз бергенше тісі тісіне тимей
қойды». Бұл – Иноземцев офицердің таным елегінен өткізілген
атаулар болса, ақ патшаның екінші офицері – Крейгельді
әңгімелеген тұста да автор қазақтарды өз атымен атамайды:
«Дегенде ат таниды
өздері...
Міне,
бұлардың
жері – осы...
Крейгель
осылардың
әйтеуір марғасқа болмысын...
осылардың
әлгіндей мақалкештігін жаратпайды...» Қысқасы, екі офицер
де қазақты қазақ деп әспеттеп атауға жоқ. Олар үшін қазақтар
шапандар, бұлар, осылар, өздері, түйе жүн шекпендер
болып
қана көрінеді. Крейгельге Сәруар –
баранчук,
Сәруардың әкесі
Төрехан –
«подлец шал».
Демек, бұл атаулар – автордың қолы
емес, Иноземцев пен Крейгельдің «көзі». Бұл – жазушының
жеке сөздерге стильдік жүк артқанының бір көрінісі.
Повестің композициясы өте қызық: шығарманың әр бөлігі
кейіпкерлердің атымен аталады да орта тұсындағы «Сәруар»
(75-бет) және ең соңғы «Сәруар, 1916 жыл, 8-июль, бесін» (93-
бет) деген екі бөлігінен басқасы автор атынан әңгімеленеді.
Көрсетілген екі бөлік Сәруар атынан беріледі. Бірақ барлығы
да аталған кейіпкерлердің ойымен баяндалған.
Ал ой дегеніміз емсе жайдақ болмайды, күрделі, түс сияқты
шытырманды, арман сияқты бейнелі (образды) бо лып келеді
ғой. Сондықтан жазушы Асқар бір нәрсені: затты, құбылысты,
адамды сипаттағанда дәл келсе де нақты анықтауыштарды
қолдана салмайды, бейнелі, астарлы, тосын эпитеттерді
таңдайды. Асқардың суреттеген сәскесі
сары,
бесіні
қоңыр,
құптаны
қара,
сәресі
құлан иек
болып келеді. Мұндайда,
әрине, мағынасы жағынан қиюласпайтын сөздерді тіркестіріп,
жаңа сөз-образ жасаудың Абай өрбіткен үлгісін Асқар ұтымды
келтірген.
Бас асау ашу, қыл бұрау түскен намыс, шалқалап
шыңғырған мінез
деген тіркестердегі эпитеттер – әдетте мал
мен адамға хас сипаттар, оларды
ашу, намыс, мінез
сияқты
172
дерексіз (абстракт) ұғым атауларына телу – стильдік мақсат
көздеу.
Әдетте мұндай сөз-образдар өлең тіліне тән сөз айшықтары
болмақ. Бірақ кейбір прозалық шығармалардың поэтикалық
үніне сай бейнелі, тың фразеологизмдерді суреткер жақсы пай-
далана алады. Бұл жағынан Асқардың «Бесатары» поэтизмдер-
ге, поэтикалық сөз-образдарға толы екенін баса айтуға болады.
Бір үйір ұлпа сөз, өркеш-өркеш
сөз,
қос уыс
сөз,
алтын қоңыр
балдай сырбаз ағатын қазақы
сөз,
қызыл көбік
сауал,
ішкі есеп
ышқыр
жорамал,
күшікей үміт
сияқты тіркестер – әрине, кәнігі
тілдік емес, авторлық дүниелер.
Жазушының бұл реттегі кейбір эпитет-анықтауыштары
мүлде тосын. Мысалы, «
сексеуіл буын
қырыстық», «
бала құлаш
жер», «
тепсініп келген
кекесін», «
бәтуасы бәкене
әңгіме»,
«
білем-білем
ашу», «
қол басындай
айғай» дегендері – контек-
ске тігісі жатық түскен, эмоциялық әсері күшті экспрессоидтер
болып шыққан.
Жаңа тіркестер жасауда Асқар кәнігі эпитеттердің мағы-
насын өзге тұлғамен ауыстырып бере қояды. Олар да то-
сын, соны болып шығады. Мысалы, көкке өрлеген, жоғары
шаншылған таулар дегенді «
аспаншыл
биіктер» дейді. Бір
қарағанда жадағайлау, жасандылау көрінгенмен, бұл эпитет екі
түрлі жүк арқалай келген: бірі – тым биіктігі (аспан сияқты)
білдірсе, сол биіктің өзін аспанға «құмар» етіп «жан бітірген».
Сірә, бір сөзге қосымша мағыналық реңктер (ғылымда
оларды «сема» дейді) үстеп қолдану – көркем шығармаға тән
тәсіл, ұтықты тәсіл. Айталық, Сүлейменов
тізешіл ұлық
деген
тіркесті жасағанда,
тізешіл
сөзіне әрі «күш көрсету» («тізе ба-
тыру»), әрі «әрдайым күш көрсетіп отыратын», «күш көрсетуге
бейім тұратын» деген сияқты семаларды үстемелеген. Сол
тәрізді
малдасшыл төре
деп Крейгельді сипаттағанда, оның,
бір жағынан, қазақтың тілін, салтын жақсы білетіндігін көр-
сетсе, екіншіден, сол білгендерін өз пайдасына жаратуға
тырысатындығын (қазақтарша малдас құрып отырғыштығын)
танытады.
Қазақсырап тұрған түрме
деген де осындай көп
мәнді (реңкті) эпитетпен ұсынылған.
Эпитеттерді қолдануға келгенде, Асқардың тіліне, де мек,
қолтаңбасына тән тағы бір амал – етістікті тіркеспен келген
173
анықтауыштық сөздерді жасап алуы. Мысалы, жал пы тілге
тән
ер қашты болу, етек басты болу
сияқты сындық мәнді
тіркестердің моделімен
бет-аузы ұйқы қақты
болу,
тас кешті
заман, ұйқы қуды қағажу, мұң сіңді қоңыр дауыс, ішек үзді
күлкі, қымыз сіңді ауа
деген тіркестерді жасайды. Бұл
эпитеттерді бір сөзбен алмастыру қиын. Берілген анықтауыш
эпитеттер – дәл осы қолданыстарында семантикалық (мағы-
налық) ауқымы кең (сыйымды) және ықшам түзілістер. Егер
автор олардың мағынасын басқа сөздермен білдірер бол-
са,
жүзінен ұйқысы қанбай жүргені білініп тұрған, үнінен
әрдайым мұңы бары сезілетін, шек-сілесі қатқанша күлетін
деген сияқты әрі көп сөзді, әрі «бояусыз» қолданыстарға барған
болар еді.
Поэтикалық құралдардың ішінде экспрессиясы күштілері-
нің бірі – «перифраздар» деп аталатын тіркестер. Перифраз
дегеніміз – бір нәрсені немесе құбылысты, іс-әрекетті олардың
бір белгісін, бір қасиетін көрсетіп, ауыстырып атау. Мысалы,
Абай надандықты «қараңғылық пердесі» деп атаса, мұнда
надандықтың белгісі – бір нәрсені көре алмау, біле алмау, осы
белгіні ақын «перде» сөзімен ауыстырып атайды (перде – өзінің
сыртындағыны қалқалап көрсетпейтін зат), ал
қараңғылық
–
надандық
сөзінің контекстік синонимі. Міне, осы тәсілді
Асқар да жақсы қолданады. Мына сөйлем, сырт қарағанда,
жай бір қызыл сөз болып көрінуі мүмкін: «Әкесі
қаптатып
айдаған бір үйір қыраулы сөздің
сызы табанынан өткенде, егіз
жолдың
маңыраған сыңарын
ғана көрді» (18-бет). Әңгіме бұл
жерде Сәруардың ақылды, ақылшы әкесі – Төреханның: «Ақ
патшаның төресіне құрақ ұшар жайым жоқ, қазақты тірілей
тандырға жығып, отқа лақтырып, бір оқпен қаншасын өлтіруге
болады деп бес-бестен қатарлап тізіп қойып атқан Иноземцевті
қолға түскен жерінен құтқарып, өз басымның амандығын
сақтап қалар жайым жоқ. Жағдай тауып, шыға қояр ұшпағың
болса, сен-ақ шық. Біздей шобырдан гөрі сендей жалғыз ішек
оқымыштың, оқыған арғымақтың жаны тәтті келеді ғой», – де-
ген сөзі Сәруар үшін ауыр еді. Осы ауырлықты «қыраулы сөз»
дегенмен астарлап, ал әкесінің бар ойын ашық бірден айтқан
сөзін «қаптатып айдаған бір үйір сөз» деп ауыстырып атауы
174
– перифраздың ең бір жақсы үлгісі. Әкесі айтқан сөздің ауыр
тигенін
қыраулы сөздің сызы табанынан өткенде
деуі де –
бейнелеп атау. Бұл сөйлемде және бір перифраздық қолданыс
бар, ол –
егіз жолдың маңыраеан сыңары.
«Жетім қозы тас
бауыр» деп басталатын мәтелдің екінші компонентін (бөлігін)
автор осылай атайды. Бұл жерде
маңыраған
сөзі Сәруардың
есіне түспей тұрған компонентті енесін іздеп маңыраған қозы
деп астарлап атауы да – перифраздық тәсіл.
Оқырман сезіміне әсер ететін эмоциялы-экспрессивті бұл
амалды «Бесіннің» өн бойынан жиі кездестіреміз. Әңгіме
мұндай тұспалды атаулардың текст ішінде әйтеуір кездесе-
тіндігінде емес, олардың осы шығарманың жалпы поэтикалық
үніне сай түсетіндігінде және көбінің күтпеген жерден жасал-
ған сонылығында:
бұқпаторғайлыққа қоңсы қонып алу
(«тайсақтау, батылсыздану»),
көмейіндегі қомдаған сөзді ұшы-
ра алмай... кәрі жүрегінің жыртық жабығынан сығалағыш
болып алды... үрей қанатын жайып қабынып барады... Сәруар
бір зерен уды осы ойдың ауылынан төңкеріп алғаны да рас
...
Міне, бұлардың әрқайсысы авторлық перифраздар болып
келеді де шығарма тілінің бояуын түрлендіре, құбылта түседі.
Теңеулер де – көріктеу құралы. Көркем шығарма тілі тең-
еусіз болмайды, бірақ теңеулердің де теңеулері бар: кәнігі
(үйреншікті, дағдылы, жалпытілдік) теңеулер, бейнелі (образ-
ды) теңеулер, астарлы, екітанымды теңеулер, әжуа-сықақпен
келген теңеулер т.т. Осылардың үстіне біз кейбір жазушылардың
күтпеген тосын теңеулерді іздеп тапқандарын қосамыз. Сондай
теңеулер Асқардан да едәуір табылады. «Бесіннің» тексінен
-
Достарыңызбен бөлісу: |