169
Енді бір алуан сөздер
(шамдағай, қойтан, оңаза, құяпырыс,
тотанақ
т.б.) – бұл күнде аса сирек кездесетін, мән-мағынасын
екінің бірі түсіне бермейтін тұлғалар.
Сөйлем ішіндегі
мағыналас өзге сөздер арқылы түсіндіріп отырмағанмен,
бұлардың да жалпы семантикасын контекстен аңғаруға әбден
болады, әйтсе де мұндай тосындардың саны көбірек болып
кетсе, көркем дүние тілінің жалпыға түсініктілігіне ақау түсуі
мүмкін. Сондықтан бейтаныс сөздердің қолданылу мотиві
күшті болу керек те автор оларды барынша түсіндіріп беруді
көздеуі абзал.
Сейдахмет халық тілінде бар,
бірақ қолдану аумағы
шектеулі
бөкес
(орылған немесе шабылған шөп, орысша
покос
дегеннен),
бұлың, тектұр, кеңкелес, жамбақы, қышқыру
деген
сияқты сөздерді де кәдеге асырады. Бұлардың біразы жергілікті
болғанмен, белгілі бір мағыналы реңк үстеп, стильдік жүк ар-
тып, әдеби айналымға түсіруге бо латын элементтер деп таба-
мыз. Сонымен қатар осы автордың біз тілін талдап отырған
кітабында
әдіре қал, ұқым-тұқымында, кәтәміс, туып-тумы-
сында
сияқты кәнігі нормадан өзгеше тұлғада келген сөздердің
авторлық баяндауда қолданылуын құптамасақ керек. Мүмкін,
бұлардың ішінде
ұқым-тұқымында, туып-тумысында, мон-
танай
тәрізділердің азын-аулақ мағыналық бояулары да жоқ
болмас, бірақ осы бояудың дәл
сол сөздердің қолданылған
жерінде қажеттігі сезілмейді, демек, олар әдеби нормадан
өзгеше тұлғада стильдік мақсатпен қолданылып тұрған жоқ,
автор тілінің үйреншікті дағдысы бойынша орын алған.
Қорыта келгенде, біз
қарастырған шығармаларында
С.Бердіқұлов мазмұн мен түр, яғни жанр мен тіл үйлесімін
іздестірген және тапқан. Оның спорт тақырыбын қазақтың
бағзы спорт түрлеріне сай ұғымдардан, түсінік-танымдардан,
сөз-атаулардан, образ-теңеулерден шығарып әңгімелеуі – бір
жағынан, өте дұрыс табылған көркемдік-стильдік тәсіл бол-
са, екіншіден, қазақ оқырмандарының жүрегіне жол таба-
тын құрал болған, үшіншіден, осы шығармалар өзге тілдерге
аударылғанда, қазақ халқының психологиясын, дүние танудағы
образдар арсеналын жақсы көрсететін суреткерлік шешім бо-
лып шыққан. Бұл – жа зушы шеберлігінің, тілдік сөз өрнегінің
бірер қырын танытатын көп белгінің бірі ғана.
170
АСҚАР СҮЛЕЙМЕНОВ
«Бесін»
Алдымен, халқымыздың көркем
әдебиет сияқты ғаламат
қазынасынаң сусындайтын қатардағы оқырман ретінде, со-
дан соң тіл зерттеуші маман ретінде, назарымды Асқар
Сүлейменовтің әңгіме, повесть, пьесалары бірден аударды.
Әсіресе, бұдан ширек ғасырдай бұрын «Қазақ әдебиетінде»
Ғабит Мүсіреповтің «Кітап аты – «Бесін», авторы – «Асқар»
деген атпен жарияланған үлкен мақаласын оқығанда, «әр
сөзін салмақтай барып айтатын Ғабең сияқты үлкен зергердің
қырағы көзі Асқарға бекер түспеген-ді» деп ойладым. Мақала
атының өзі бұл шағын кітаптың
қазақ әдебиеті көкжиегінде
жарқ етіп туған жұлдыздардың бірі екенін, авторынан өз орнын
алатын қалам иесі шығатынын сыншыл да талапшыл ағаның,
жазушылар ағасының бірден байқағанын паш етіп тұр деп,
мақала аты – «Бесін» мен авторы Асқарды өзгелерден айырып,
ерекше атап тұр деп түсіндік.
Қарт қыран балапан құстың алғаш жайған қанаты алысқа
самғайтынын байқағанындай, ұлы жазушы Асқардың сурет-
керлік қарымын көріп, жоғары бағасын берді. Ал бұл кітаптың,
оның авторының тақырып таңдауы мен оны көркемдік көзінен
өткізуіндегі шеберлігінен басқа және бір елең еткізер тұсы бар.
Бұл сипат, әсіресе көркем шығарманың поэтикалық тілі деген-
ге назар аударатын мамандардың көзіне бірден шалынады.
«Бесіндегі» ой-сана тартысы –
зиялылардың өзара пікір
таласы емес, ұлттық намыс пен империялық өктемдік ара-
сындағы арпалыс. Демек, бұл шығарманың тіліне оқиғаны жай
баяндау стилі – қол емес. Өзгеше мәнер керек. Жа зушы осы
өзгеше қолтаңбаны іздеген, іздеген де тапқан-ау дейміз, яғни
шығарманың өн бойына тән көріктеудің ерекше жүйесін
ұсынған.
Әңгімені баяндаушы автордың өзі болғанымен, оның бо-
яуы кейіпкерлердің көзімен түскен.
Сондықтан кара тель от-
рядты бастап келе жатып, Иноземцев офицердің ойламаған
жерден қазақтардың қолына түскенін суреттеген жерінде автор
171
қазақтарды «шапандар» деп атайды: «Бұл (яғни Иноземцев)
жақындаған сайын жарты шеңберді бүтін шеңбер ғып жазып
ап, мұны қоршалап келген он
Достарыңызбен бөлісу: