190
Сондағы бір ғажабы – алдымен өзімнің халімді ойламап-
пын. Светаның айтқан хикаясы
(Света неміс офицерімен
еркінен тыс бір түн төсектес болғанда, жүкті болып қалғанын
әйелдік табиғаты сезіп, соны айтқан болатын –
Р. С
.)
ақыл-
ойымды билеп, оның аяқ астынан душар болған қасіреті тұла
бойымды жайлап алды да содан арыла алмай, әлек бо лып оты-
ра беріппін. Біреудің қасіретін ішіме түсіріп алып, сонымен
жарыса ойлап, жарыса қиналып, арамтер болатын жандай
жаман мінезім бар екен – бейне бір Света қасіретін маған та-
стап: «Мә, мынаны талғажау ете тұр», – деп өзі кетіп қалған
сияқты...
(133-бет/). Міне, осы микромәтіннен Нәзираның
психологиялық күйін көреміз.
Жоғарыда айттық, романның негізгі үні – адам психологи-
ясы, әйел психологиясы. Психология дегеніміз – адамның жан
дүниесі ғой. Көркем әдебиетте кейіпкердің психикалық кейпін
беруде, меніңше, әңгіменің (шығарманың) кейіпкер атынан
баяндалуының артықшылығы мен ерекшелігі бар. Адам өз
жанын өзі түсінеді, яғни өзінің дүниетанымы, сенімі, мұра-
тының ең нәзік қылдарын өзге емес, адамның өзі біледі, әрине,
оны кез келген адам ап-анық етіп айтып бере алмас, бірақ жеме-
жемге келгенде,
өзі туралы әңгімелегенде, өзінен-өзі көрініп
жатады. Мы салы, Светаның қасіретін қалай қабылдағанын,
қалай түсінгенін Нәзира көп сөзбен айтпайды, «тек біреудің
қасіретін ішіме түсіріп алып, сонымен жарыса қиналатын
жаман мінезім бар» деген бір сөйлеммен ғана өзінің сезім
дүниесін жайып салған.
Психология дегеніміз – адам психикасын зерттейтін білім-
ғылым саласы болса, сол психиканы
көрсететін адамның
дүниетанымы, сана-сезім дүниесі, ақыл-ойы, темпераменті,
мінезі, қабілеті, әр нәрсені байқауы, қабылдауы, сөйлеу
машығы тағысын тағы көркем шығарманың өзегі, негізгі иде-
ясы болмаққа керек. «Шырағың сөнбесін» бас кейіпкерінің
де, өзге кейіпкерлерінің де жан дүниесі
осы параметрлерден
көрінген және оларды шығарманың тілі мен стилі барын-
ша көрсете білген. Нәзира сияқты соғыс өртінің ең бірінші
жалынының шарпуынан бастарын, балаларын ала қашқан, әуелі
Мәскеуге жетіп, одан әрі жұрттарына (қалалары мен деревня,
ауылына) жетуге аттанған әйелдердің мінезін автор (Нәзира-
191
Ахтанов) көп сөзбен сипаттап жатпайды, бұған Елизавета
Сергеевна алғашқыда күйеуі сияқты бастықпын деп сезініп,
бұйырып-үйретіп отырады («тәртіп керек, әйел жолдастар!»),
бірақ бірінші қиындықтан кейін-ақ салы суға кетіп, сүмірейіп
қалады («ал мен не істеймін»), Муся күлегеш, ұрысқақ, Маруся
аз сөзді, салмақты, бірақ қиын тұста істің жөнін таба біледі,
бұлаңдаған сұлу келіншек Алевтина
Павловна қиын-қыстау
кез келгенде, жол табатын нағыз практик («менің ойымша да
Алевтина Павловнаның айтып отырғаны дұрыс», – деді Мару-
ся) екендіктерін жақша ішіндегі сөйлемдермен ғана білдіреді.
Нәзираның күйеуі Қасымбек – «кәдімгідей байсалды-ақ
жігіт»; қатты қысып сүйіп алуға именшек, сезімге сараң бо-
лып көрінгенмен, нағыз сезімнің адамы, бұл кейіпкердің адами
портретін кітаптың алғашқы беттерінде Нәзира-автор екі-үш
сөйлеммен ғана сипаттап өтеді. Ал жолшыбай бір кездесіп,
кейін партизандар тобында бірге болған жалғыз қазақ жігіті
«аты қызық» Абан (Әбен емес) да – «тегін» кейіпкер емес, ол
да – шығарманың психологиялық үнін (тонын) қоюлата түсетін
тұлға, мұның да осы тұлғасы Нәзираның сараң сөзімен таны-
лады.
Енді кейіпкерлер диалогтері жайында әңгіме етсек. Бұл
туындының және бір өзгешелігін көрсетуге тура келеді. Әдетте
кейіпкерлер диалогтері және монологтерінің стильдік қызмет
атқаратыны белгілі. Қайсыбір кейіпкердің сөйлеу мәнері
арқылы жазушы оның бейнесін сомдай түседі. Бұл тәсіл
әдетте барлық кейіпкерлері бір тілде сөйлейтін шығармаларда
сәтті шығады. Ал кейіпкерлері (кейде тіпті үш-төрт) түрлі
тілде қарым-қатынасқа түсетін
шығармаларда жазушы әр
кейіпкерді әрдайым өз тілінде сөйлете алмайды. Тегі, көркем
шығармаларда негізгі мақсат – кейіпкердің сөйлеу үрдісін
көрсету емес екендігі де белгілі. Демек, мұндайда жазушы
орыс-қазақ және басқа да халықтар өкілдері бар шығармасын
негізінен бір тілде жазады, айталық, осы романда барлық
кейіпкерлердің сөзі қазақша берілген. Демек, бұл жерде
аса ұқыптылық ке рек. Мысалы, орыс кейіпкерлерінің аузы-
на қазақтың мақалдарын, ұйқасты-ырғақты ұлттық теңеулі
сөздерін
сала алмайды, яғни салмаған. Қазақ еместердің
сөздерін де Нәзира айтып отырғандықтан, өзінің ұққанынша
192
берген: сөйлемдері шағын, мағлұматы айқын. Нәзира өзі
ағытылып орысша сөйлей алмаса да, орысша тұрмыстық сөзді
(«бытовая речь» дегенді) түсінеді. Сол түсінгенін қазақшалап
беріп, әңгімесін айта береді. Бұл диалогтердің сөйлемдері –
қысқа, негізінен тұрмыстағы кәдімгі айтылатын сөздер.
Шешелері пойыздан қалып қойған екі баланың тағдырын
шешпек болған әйелдердің диалогтері:
–Келесі станциядан қалдырып кетейік, анасын тосып ал-
сын.
– Денің сау ма, титтей бала не біледі, адасып өлмей ме?
– Далаға таста деппін бе? Станцияның бастығына та-
стап кетеміз де.
– Мынау алас-қапаста станция бастығы бала баға ма? Ай-
тады екен ау...
– Әй, қойыңдар, –
жамырап бара жатқан қатындарды Алев-
тина Павловна тоқтатты (68-бет).
Міне, барлық жердегі орыс адамдарының диалогтері осы
тақылеттес. Әрине, бұл – дәл аударма емес, Нәзираның бұл
диалогтегі ұққан сөздерінің қазақша мазмұны.
Ал романның таза қазақтар туралы бөліктерінде, яғни
«сюжеттік шегіністерде» Нәзираның өткен күндерді есіне
алған сәттерінде қазақ кейіпкерлердің диалогтері сөйлеу тіліне
тән одағай, қаратпа, қыстырма сөздермен, қарапайым элемент-
термен нағыз қазақша диалог етіп берілген. Мысалы:
Дариға жеңгем... мойнымнан құшақтап алып:
–
Қыз-ау,
сен әлгі демалысқа келген кәмендерді көрдің бе?
–
деді.
– Көрдім.
– Көрсең,
Достарыңызбен бөлісу: